Тақырыбы:«Мектепке дейінгі ұйымдағы жоба қызхметі"
Мақсаты: балалардың жобалау-зерттеу қызметін дамыту бойынша педагогтердің білімін жүйелеу , педагогикалық шеберлігін жетілдіру; әдістемелік деңгейін арттыру; шығармашылық ізденіске ықпал ету.
Күн тәртібі:
№2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы
1.«Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы жобалық қызмет бойынша жұмыс жағдайы». Тақырыптық бақылау. .
2. «"Жобалық қызмет білгірлері"». Іскерлік ойын. Әдіскер: Ашимова Б. К.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Қош келдіңіздер
- Бүгін, құрметті әріптестер, біздің қарым-қатынасымыз "Жобалық қызмет білгірлері"іскерлік ойыны түрінде өтеді.
Педагогикалық кеңес – бұл бүкіл ұжымның бірлескен жемісті жұмысы екенін бәрі біледі. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалық қызмет». Жобалық қызмет туралы көп нәрсе білеміз. Жоба дегеніміз не?
-Белгілі бір нәтиже алу үшін орындалуы керек тапсырмалар тізбегі.
-Жоба - педагогикалық қызмет түрі.
Сондықтан іскерлік ойынның мақсаты: жобалық қызметтің проблемалық мәселелерін қарастыру және оларды шешу жолдарын анықтау.
Жарысқа 3 топ қатысады.
1тапсырма
«Сұрақ-жауап»
Экрандағы ұяшықты таңдау арқылы, сұрақтарға жауап беру.
1сұрақ
Үш анықтаманың қайсысы басым қызмет түрі бойынша жоба түрлерін көрсетеді
а) ұжымдық
ә) зерттеу
б) ұзақ мерзімді
2 сұрақ. Жоба әдісінің негізін қалаушы кім?
Американдық ағартушы демократ Джон Дьюи
3 сұрақ Гипотеза дегеніміз не?
Түсіндіру және растауды қажет ететін болжам
4 сұрақ
МДБҰ қандай жоба түрлері бар:
5 сұрақ Жоба мерзімдері
қысқа мерзімді (1-2 апта);
орташа мерзімді (1-3 ай);
ұзақ мерзімді (оқу жылы бойы);
6 сұрақ. Жобаның кезеңдері
Практикалық бөлім: Жоба құрастыру.
Әр топ конверттерді таңдау арқылы, түскен тақырыптар бойынша жоба құрастырып оны қорғайды.
1 Мультфильм жасау
2 Жасыл дәріхана
3 Мамандықтар әлемі
4 Дәрумендер және денсаулық
5 Кітап біздің досымыз
6 Сиқыршы су
Рефлексия «Смайликтер»