№3 педагогикалық кеңес
Тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру»
Мақсаты:мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру бойынша бөбекжайдағы жұмысты жетілдіру, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру
Күн тәртібі:
№2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы
1.Теориялық бөлім.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу». Кеңес
Әдіскер Ашимова Б. К.
«Экологтар командасы» іскерлік ойыны
3.«Ойын мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу құралы ретінде»
Тақырыптық бақылаудың қорытындысы
4.Экологиялық тәрбие бойынша жобаларды қорғау. Тәрбиешілер
Барысы:
«Сиқырлы көл» тренингі
№2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.
Бөбекжай басшысы Оразбаева А. К.
1.Теориялық бөлім.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу». Кеңес
Әдіскер Ашимова Б. К.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі — бұл олардың табиғатқа саналы көзқарасын қалыптастыру, барлық тіршілік иелері мен қоршаған ортаның байланысын түсіну процесі. Экология- бұл тірі организмдердің өзара әрекеттесуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Ол табиғаттағы әртүрлі жүйелердің қалай жұмыс істейтінін, қоршаған орта мен тірі ағзалар арасындағы байланыстарды түсінуге бағытталған. Экологияда табиғаттағы энергияның айналымы, экожүйелердің тұрақтылығы, қоршаған ортаға адам әсері сияқты мәселелер қарастырылады.
"Экологиялық мәдениет" термині нені білдіреді.
- баланы табиғатпен таныстыру , өсімдіктерге, жануарларға деген қызығушылығын ояту
- қарапайым еңбекке баулу
-табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету, жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға баулу
-қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу
-қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау
Экологиялық білім беру моделі:
-балаларды табиғатпен таныстыру ,табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайту, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу
-экологиялық тәрбие бойынша жұмыс істеу үшін жағдай жасау, топтағы табиғат бұрышын, өсімдіктерді күтуге арналған заттармен жабдықтау
-мерекелік іс-шаралар, көрмелер, байқаулар ұйымдастыру және өткізу
-әдістемелік және көрнекі-иллюстрациялық материал жинақтау, кітаптар көрмесін ұйымдастыру
-табиғаттың маусымдық өзгерістерін бақылау, еңбекке баулу
Экологиялық білімнің мақсаттары:
-балаларға табиғаттың барлық тіршілік иелерімен тығыз байланыста екендігін түсіндіру, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
-қоршаған ортаның қорғау қажеттілігін ұғындыру: Экологиялық білім беріп, қоршаған ортаны сақтау, экологиялық проблемалар мен табиғи ресурстарды үнемдеу қажеттілігін түсіндіру
-экологиялық жауапкершілік пен сананы қалыптастыру: Балаларды табиғатқа ұқыптылықпен қарауға, табиғатқа зиян келтірмей өмір сүруге тәрбиелеу
Экологиялық бағытта жұмыс жүргізу түрлері:
-су, ауа, жарық ресурстарын үнемдеу және сақтау, оларды тиімді пайдалануға баулу;
-сюжетті - рөлдік ойындарды ұйымдастыру
-тірі және өлі табиғат объектілерін бақылауды күнделікті жүргізу;
-балалар кітаптарын, иллюстрацияларды, бейнероликтерді, мультфильмдерді қарау
-қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану
-табиғат бұрышындағы, балабақша ауласындағы, жылыжайдағы өсімдіктерді суару, баптау, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру, қарапайым эксперименттерді жасау.
-балалар үшін экологиялық-ақпараттық шаралар, акциялар, көрмелер, байқаулар, экологиялық жобалар өткізу
2. Практикалық бөлім «Экологтар командасы» іскерлік ойыны
1) «Блиц сұрақтар»
Қызыл кітап дегеніміз не?
Қыста бақа не жейді?
Қандай құсты орман дәрігерідеп атайды
Жануарлар туралы ғылым?
Мысық 5 жыл өмір сүргенде не істейді?
Қандай құстар балапандарын жылына үш рет басып шығарады?
Ең үлкен жыртқыш балық?
Қараңғыда қай құс жақсы көреді?
Қандай жануар тастарды әдейі жұтады?
Жер бетіндегі ең үлкен жануар ?
Өзенде қандай тастар бар?
Жолақты африкалық жылқы қалай аталады?
Өрмекшінің неше табаны бар?
2) «Жалғастыру» ойыны
Шарты: қатысушылар суретті шеңбер бойымен бір біріне беріп, әр қатысушы басқаның сөзін қайталамай, осы нысанның бір сипатын атайды
3) «Қоқысты сұрыптау» ойыны
Шарты: қалдықтарды үш минут ішінде кім көбірек сұрыптайды
4) «Жанды және жансыз табиғат» ойыны
Шарты: «Тірі және өлі табиғатқа не жатады? Тірі және өлі табиғат туралы ертегі құрастыру
3.«Ойын мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу құралы ретінде»
Тақырыптық бақылаудың қорытындысы
4.Экологиялық тәрбие бойынша жобаларды қорғау. Тәрбиешілер
5 «Экологиялық себет». Рефлексия
Экологиялық тәрбие бойынша өз жұмысыңызды бағалауды ұсынамын:
-егер Сіз осы нәрсені жасасаңыз, онда қызыл шеңбер сызыңыз
-егер Сіз жасамасаңыз, онда жасыл шеңбер сызыңыз
Экологиялық тәрбие бойынша өз жұмысын бағалау
1. Балалармен балабақша аумағында табиғат объектілерін үнемі бақылап отырамын.
2.Балалармен табиғатқа саяхаттар ұйымдастырамын.
3.Менің тобымның тәрбиеленушілері жәндіктер мен құстардың қандай пайда әкелетінін біледі.
4. Табиғатты бақылау шараларын сурет салу, сөйлеуді дамыту, құрастыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен байланыстырамын,
5. Балалармен және ата-аналармен экологиялық акциялар өткіземін.
6 Біздің учаскеде жемсауыттар бар. Қыста балалар құстарды тамақтандырады.
7.Топта табиғат құбылыстары мен жануарлар туралы жұмбақтар, ойындар картотекасы бар.
8. Балаларға көркем шығармаларды оқимын
9.Менің тобымның балалары табиғат туралы тақпақтар біледі.
10 Топта экологиялық тәрбие тақырыбы бойынша плакаттар, альбомдар, дидактикалық материалдар бар, бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілейді
11.Мен балалармен және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар барысында қоршаған ортада, табиғатта мінез-құлық ережелерін бекітемін.
12. Топтағы ата-аналар бұрышын жыл мезгіліне байланысты рәсімдеймін және жаңартамын