"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Баланың даму нормалары" кеңес, логопед Асаинова Г.Х.

Балалардың даму нормалары

4-5 жас

Математика:

4-5 жастағы бала білу керек:

1.Бала оң жақ, сол жақ, ортасында, жоғарыда, төменде, алдында, артында деген ұғымдарды ажырата білу керек;

2.Негізгі геометриялық пішіндерді ажырата білу керек (дөңгелек, сопақша, төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш);

3.Беске дейінгі сандарды білу керек (0,1,2,3,4,5) Заттарды 5-ке дейін санап, затты санап, сәйкес санды көрсете білу керек;

4.1-ден 5-ке дейінгі сандарды реттік қатар бойынша орналастырып, кері қарай да санай білу керек;

5.Бала сандарды мөлшеріне қарай ажырата білу керек-аз, көп, тең деген ұғымдарды білу керек. Заттарды мөлшеріне, санына қарай бірдей топтастыра білу керек:аз мөлшердегі заттардың тобына қажетті затты қосып, екі топты бірдей мөлшерде теңестіре білу керек;

6.Санның графикалық түрімен танысып, сандарды дұрыс жаза білу керек;

Логикалық ой-өрісі:

-Есте сақтау, ойлау жадының дамуы;

1.Бала екі суреттің  (немесе ойыншықтың) бір-біріне айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білу керек;

2.Конструкторды үлгі бойынша құрастыра білу керек;

3.Бала 2-4 бөлікке қиылған суреттерді құрастырып, жинай білу керек;

4.Бала алаңдамай 5 минут отырып, тапсырманы орындай білу керек;

5.Бала ешкімнің көмегінсіз пирамиданы дұрыс жинай білу керек;

6.Кез келген ойынның немесе суреттің жетіспей тұрған бөлігін өз ұяшығына орналастыра білу керек;

7.Бала жалпылама сөздерді дұрыс қолдана білу керек (мысалы:жылқы, сиыр, қой-үй жануарлары; күз, қыс, көктем, жаз-жыл мезгілдері). Әр топтағы ортақ затты ажыратып, әр затқа қажетті жұбын таба білу керек)

8.Бала мынандай сұрақтарға дұрыс жауап бере білуі керек: (жазда шаңғы тебуге бола ма?Неге? Қыста неге жылы куртка киеміз? Үйге есік, терезелер не үшін қажет? т.б.)

9.Бала қарама-қарсы сөздерді қолдана білу керек: ұзын ағаш-қысқа ағаш; тез жүру-ақырын жүру; ыстық шай-суық шай; қараңғы бөлме-жарық бөлме, қатты жастық-жұмсақ жастық) т.б.

10.Бала үлкен адамның айтқан сөзін тыңдап, қайталай білу керек:мысық, ит, ұл бала, қыз бала, стақан, доп, т.б.

11.Бала суретте дұрыс бейнеленбеген бейнелерді тауып, ненің дұрыс емес екенін тауып, айта білу керек (мысалы:қыс мезгілі туралы сюжетті суретте гүл, шөп өсіп тұрады; т.б.)

   Тіл дамыту

1.Бала мыңнан аса сөздерді қолдана білу керек, 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер айта білу керек. Баланың тілін тек ата-анасы ғана емес, бөтен адамдар да түсінуі керек.

2.Сөздерді жекеше, көпше түрде қолдана білу керек (гүл-гүлдер, ағаш-ағаштар, т.б.)

3.Заттарды сипаттау арқылы ажырата білу керек (алма-домалақ, тәтті, сары, қызыл). Затты өз бетімен сипаттап айта білу керек.

4.Етістіктердің мағынасын түсіне білу керек (астында, ортасында, алдында, жанында, қасында, т.б.)

5.Қандай мамандықтар болатынын, олардың  немен айналысатындарын білу керек

6.Бала әңгімеге түсе білу керек: сұрақтарға жауап беріп, өзі де орынды, дұрыс сұрақтар бере білуі керек

7.Естіген әңгімені, ертегіні мазмұндап айта білу керек, жатқа бірнеше тақпақтарды айта білуі керек.

8.Бала өзі тұратын қаланың, ауылдың атауын, толық өз аты-жөнін, неше жаста екенін айта білуі керек.

9.Тікелей өзіне қатысты сұрақтарға толық жауап бере білуі керек. Мысалы: Сен бүгін қайда бардың? Жолда кімді көрдің? Анаң дүкеннен не сатып алды?

Қоршаған орта

1.Бала көкөністер, жемістер, жидектерді бір-бірінен ажыратып, олардың қай мезгілде пісетінін білу керек.

2.Бала жәндіктердің атауларын дұрыс атап, олардың қалай қозғалатынын білуі керек (көбелек ұшады, ұлу жылжиды, шегіртке секіреді)

3.Бала барлық үй жануарларын және олардың төлдерін білу керек.

4.Суретке қарап жыл мезгілдерін ажырата білуі керек, жыл мезгілдеріне сәйкес құбылыстарды ажырата білуі керек.

Өз-өзіне қызмет көрсету

1.Түймені дұрыс ағытып,шешіп, бауды дұрыс байлап, шеше білуі керек, қасықты, шанышқыны дұрыс қолдана білуі керек.

2.Ірі түймелер мен моншақтарды жіпке тізбектей білуі керек.

3.Қарындашты қағаздан алмай дұрыс сызықтарды сыза білу керек.

4.Үлгі бойынша тура сызықтарды суреттің шетіне шығып кетпей штрихтай білуі керек.

5.Бояйтын қағаздарды (раскраска) қажетті түстерге бояй білуі керек, сыртына шығармай ұқыпты бояу дағдыларын сақтауы қажет.

6.Бала оң және сол қолын ажырата білуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-4 жас

Логикалық ой-өрісі:

-Есте сақтау, ойлау, жадының дамуы:

  1. жастағы бала білуі керек:

1.Бала 2-4 бөлікке қиылған суретті дұрыс құрастыра білуі керек.

2.Суретке қарап артық затты анықтап және неге сол заттың артық екенін түсіндіріп айта білуі қажет.

3.Бала заттардың немесе суреттердің арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты ажырата білуі керек.

4.Бала 2-3 суретті есіне сақтай білуі керек.

5.Үлкен адамның бірнеше рет айтқан сөздерінен 3-4 сөзді есіне сақтай білуі керек.

6.Үлкен адамның 1-2 рет көрсеткен қимыл қозғалысын бала есіне сақтап және қайталай білуі керек.

7.Бала еш нәрсеге алаңдамай 5 минут берілген тапсырманы орындауы қажет.

8.Заттың жұбын таба білуі керек. Өзіне қажетті затты таңдай білуі керек.

Тіл дамыту

1.Бала тек көріп қана қоймай, сол көргенін әңгімелей білуі керек.

2.Жеңіл сөйлемдерді айтып, біртіндеп күрделі сөйлемдерді айта бастайды.

3.Заттарды топтастыра білуі керек:жиһаз,ыдыс,  киімдер, т.б.)

4.Әр заттың белгілерін атай білуі керек. Мысалы:қоңырау сыңғырлайды, т.б.

5.Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылықтарын, қимылдарын білуі керек (жатыр, жүр, отыр, т.б.)

6.Үлкен адам айтқан тақпақ, жеңіл өлең шумақтарын қайталап айта білуі керек.

7.Өзінің аты-жөнін айта білуі керек.

8.Өз дауысын басқара білуі керек-ақырын, қатты.

Қоршаған орта

1.Бала үй (сиыр, ешкі ат, мысық, ит) жануарларын және жабайы (қасқыр, қоян, түлкі, аю) жануарларды ажырата білуі керек.

2.Бала 3-4 құстың атауын айта білуі керек (қарлығаш, торғай, қарға), балық, жәндіктердің де 3-4 білуі керек.

3.Ағаштардың 3-4 түрін және гүлдердің 3-4 түрін білуі керек.

4.Көкөніс, жеміс, жидектерді, саңырауқұлақтарды ажырата білуі керек.

5.Тәулік бөліктерін білуі керек (таңертең, күндіз, кеш, түн)

6.Ауа-райының құбылыстарын атай білуі керек-жаңбыр, қар, жел, т.б.

Іскерлік дағдылары, өз-өзіне қызмет көрсету:

1.Түймесіз киімдерді бала өзі кие білуі керек.

2.Қайшымен қағазды қия білуі керек.

3.Бала қарындашпен, фломастермен, қаламмен қолдана білуі керек, нүкте, дөңгелек, тура сызықтарды сала білуі керек.

4.Бала тазалықтың негізгі ережелерін орындай білуі керек (қажет болғанда қолын жуу, т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 жастағы баланың даму деңгейінің нормасы:

Моторлық дамуы:

1.Қимыл-қозғалысы епті, жылдам болады.

2.Биіктікке және ұзындыққа кедергісіз, құштарлықпен секіреді.

3.Допты бір қолымен қағып алады.

4.Орындықта жанымен (боком) жүреді.

5.Аяқтарын ауыстырып, бір орында секіре алады.

6.Қарындашпен еркін сурет салады, түрлі пішіндерді қайшымен қия біледі.

Сенсорлық дамуы:

1.Кез келген затты қарап, көріп ажырата алады.

2.Геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратып атай біледі (ромб, сопақ, конус, т.б.)

3.Түстердің реңктерін дұрыс атай біледі (көгілдір, сұр, ақшыл, күлгін).

Ақыл-ойының дамуы:

1.Онға дейін санайды, тұтас бірдей тең бөліктерге бөлу туралы түсініктерді игерген.

2.Апта күндерін ретімен атай біледі, жыл мезгілдерін ажыратады.

3.Сыртқы белгілеріне қарай заттарды топтастыра біледі.

4.Өз ойын толық жеткізіп айта алады, тілі түсінікті, анық.

Ойын әрекеті:

1.Ойынға қызығушылық білдіреді.

2.Сүйікті ойындары және рөлдері болады.

3.Ойын барысы мазмұнды, түсінікті болады.

4.Ойнда өзін қоршаған адамдардың тіршілігін көрсетеді.

Тәртібі:

1.Өз іс-әрекеті туралы басқалармен ақылдасады.

2.Өзін ұстау тәртібін, мағынасын түсінеді.

3.Басқа балалардың да тәртіп ережелерін сақтауларын қадағалайды.

Дағдылары:

1.Өз бетімен жуынады, киінеді, ас ішетін құралдарды қолданады.

2.Үйде және балабақшада қалыптасқан тазалық ережелерін біледі және қолдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 жасар баланың даму нормалары

Моторлық дамуы:

1.Қимыл-қозғалыс кезінде бірнеше қозғалысты өзгертуі мүмкін (шеңберге тұру, колоннаға, бір сапқа).

2.Белгі бойынша ритмикалық қимылдарды орындай алады.

3.Велосипед, самокат, шаңғына қолдана алады.

4.Суда жүзуді біледі, теннис, бадминтон ойындарын ойнайды.

5.Әртүрлі материалмен жұмыс істей біледі-қағаз, картон, мата.

6.Жіпке инені сабақтай біледі, түймені қадай біледі, ара мен балғаны қолдана біледі.

Сенсорлық дамуы:

1.Жеңіл және күрделі геометриялық пішіндерді дұрыс атай біледі.

2.Геометриялық пішіндердің негізгі айырмашылықтарын дұрыс ажыратады.

3.Сурет салған кезде қажетті түстерді дұрыс қолдана біледі.

Ақыл-ойының дамуы:

1.Онға дейін тура жіне кері санай біледі, жеңіл есептерді ауызша шығарады.

2.Кез келген жағдайдың себептерін ажырата біледі, ең маңыздысын атайды.

3.Сөздік қоры мол, грамматикалық тілі қалыптасқан, әріптерді таниды, оқиды.

Ойын әрекеті:

1.Ойын жоспарын құрады, топтық ойнағанды ұнатады.

2.Өз іс-қимылын ойын барысында басқара және қорытындылай біледі.

3.Бір ойын бірнеше күнге жалғасуы мүмкін.

Тәртібі:

1.Өзінің және басқалардың қылықтарын (уайымдай) біледі.

2.Адамдардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін және бір-бірлерімен қарым-қатынасын сынай біледі, түсінеді.

3.Үлкен адаммен бірінші болып амандасады,алғыс айтады, орын береді, заттарға ұқыптылықпен қарайды.

Дағдылары:

1.Өзіне жүктелген жеке тапсырмаларды орындайды. Еңбек дағдылары қалыптасады: бөлмені жинайды, гүлдерді суарады, өз ойыншықтарын жинақтап отырады, т.б.

 

 

Жаңартылған күні: 29.09.2021 15:46
Құрылған күні: 19.01.2022 10:38

Текст