"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№2 педагогикалық кеңес Тақырыбы: Балабақшада ұлттық құндылықтар мен ойындарды насихаттаудың маңызы

2 педагогикалық кеңес

Тақырыбы: Балабақшада ұлттық құндылықтар мен ойындарды

насихаттаудың маңызы

Мақсаты: Балабақшадағы тәрбие мен білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын түсіну және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау.

Кеңес төрағасы: Армысыздар, құрметті әріптестер! Бүгінгі педагогикалық кеңестің тақырыбы «Балабақшада ұлттық құндылықтар мен ойындарды насихаттаудың маңызы».

Күн тәртібі:

1. №1педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы

2.Тұсау кесер, кеңес «Балабақшада ұлттық құндылықтар мен ойындарды

насихаттаудың маңызы»

3 Іскерлік ойын «Алтын қақпа»

4. «Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы балабақшадағы іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша тақырыптық бақылаудың қорытындысы

5«Ұлттық ойындар шеруі» тақырыбында көрме ұйымдастыру

 

1.№1педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы

2. Теориялық бөлім

Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз. Бұл балабақшадағы оқу процесінің негізі болып табылады Бүгінгі кеңесте ұлттық ойындар мен дәстүрлер арқылы осы құндылықтарды қалай насихаттай алатынымызды талқылайтын боламыз.

1 слайд Ұлттық құндылықтар мен ойындарды насихаттаудың маңызы.

-Ұлттық құндылықтар дегеніміз – халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұрасы, салт-дәстүрлері, өнері мен әдет-ғұрыптары.

-Балаларға осы құндылықтарды ұғындыру арқылы біз оларды өз халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметке тәрбиелейміз.

-Ұлттық ойындар мен дәстүрлер баланың ой-өрісін дамытумен қатар, өз халқының мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады.

-Ұлттық ойындарды үйрету арқылы баланы шымырлыққа, шапшандыққа баулып, сонымен қатар ақыл-ойы дамиды.

2 слайд «Ұлттық құндылықтарды насихаттау әдістемесі»

Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау үшін балабақшада бірнеше әдіс-тәсілдер қолдануға болады. Олар:

  • Әңгімелесу және әдеби шығармалар оқу: балабақшада ұлттық тақырыпта әңгімелер мен ертегілер оқу арқылы балаларға қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылады.
  • Қолданбалы өнер: қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары мен өнер түрлерін көрсету, қолөнер үйірмелерін ұйымдастыру, балаларды шығармашылық жұмыспен айналыстыру.
  • Ұлттық тағамдарды дайындау: балалармен бірге ұлттық тағамдарды әзірлеу арқылы ұлттық мәдениетті, тамақтану дәстүрлерімен таныстыру.
  • Музыка мен би: қазақтың ұлттық әндерін, күйін, биін үйрету. Ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру

3. Іскерлік ойын «Алтын қақпа» (педагогтар қақпаның ішіндегі ойындарға қатысады)

 «Бәйге»

Шарты: Әр командадан екі қатысушы шығады. Орындыққа отырып, жылдам таяқшаға жіпті орап отырып, өз атын жылдам мәреге жеткізу керек

Шарты:

«Қоржын» ойыны

Шарты: асықтарда жасырылған сұрақтарға екі команда кезекпен жауап береді. Егер дұрыс жауап берсе, команда қоржынына асық салып, ұпай жинайды.

«Домино» ойыны

Шарты: карточкаларды суреттерге байланысты тізбектеу керек. Қай команда тезірек орындайды, сол жеңімпаз аталады.

«Шертпе» ойыны

Шарты: әр команданың қатысушылары кезекпен асықтарды шашады. Бірдей түскен асықтарды, шертіп алу керек. Кім көп асық атып алады, сол жеңімпаз болады.

Қорытынды. Балабақшада ұлттық құндылықтарды насихаттау өте маңызды, және бұл жұмыс әр педагогтың жеке жауапкершілігі болып табылады. Бүгінгі кеңесіміз осы мақсатты жүзеге асырудың тиімді әдістерін іздестіруге бағытталғанын ескеріп, біз ұлттық құндылықтарды балабақшада насихаттау үшін бірлесіп әрекет етуге дайынбыз. Барлық педагогтарға шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, болашақ ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар көрсетуіміз керек.

Шешімі: Ұлттық құндылықтарды әрбір тәрбиеші өз жұмысында насихаттау. Салт-дәстүрлерді, қазақтың ұлттық ойындарын, қолөнерін танытып арқылы балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру. Ата-аналармен әртүрлі ақпараттық-танымдық шаралар өткізу арқылы ұлттық құндылықтарды балаларға үйретуде бірлескен жұмыс жүргізуді жалғастыру.

 

Жаңартылған күні: 27.11.2024 18:04
Құрылған күні: 27.11.2024 18:07

Текст