"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҚИҚАР БАЛАЛАР» ҚИҚАРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ ? психолог кеңесі Идрисова К.Г.

Баланың қиқарлығы – балалар тәрбиесіндегі ең эмоционалдық тақырыптардың бірі. Бәлкім, балалардың қиқарлығынан көптеген ересектер өзінің тәрбиелеу ісіндегі біліктілігіне қарсы шығуды, баланың алдындағы абырой-беделіне қауіп төндіруді көретін шығар. Дәл осы жайт ересектердің бала неге қиқарланатынының себептерін анықтап алмай, өз мінез-құлқында баланы қарсы шығуға арандататын не бар екенін түсінуге тырыспай, қиқарлықпен бел шеше күресу ниетін туындатады. Өз біліктілігін дәлелдеуге барынша тырысып бағып, өз дегеніне көндіруге талпынып, ересектердің өзі сол қиқарлыққа бой алдырады. Осылайша, шеңбер тұйықталады, бір адамның қиқарлығы екіншісінің қиқарлығына себепші болады. Табандылық пен қиқарлықты шатастырмаған жөн. Табандылық бала әлденені алғысы келіп, соған қол жеткізгенде орын алады. Қыңырлық - бала өзі соншалық қалағандықтан емес, өзі ересектерге айтып, енді пікірімен санасуын талап еткендіктен қасарысуы. Ол тіпті жағдай өзгеріп кетсе де, өзінің бастапқы шешімінен бас тарта алмайды. Қиқарлыққа бой алдырғанда бала ағзасында көп мөлшерде адреналин – күйзеліс тудыратын гормон түзіледі. Ол жерге құлай кетеді, тепсінеді, қолдарын сермейді. Немесе қарлыққанша айғайлайды, содан соң, біраз демалып алып, бәрін қайта бастайды. Немесе қабағын түйіп алып, үнсіз отырады. Егер қиқарлық асқан долылыққа ұласса, балалар басын қабырғаға немесе еденге соққылайды. Қиқар бала нашар естиді және нашар көреді, осы сәтте оларды қолмен ұстағанда көтере алмайды. Олар өздерін билей алмайды. Әдетте, қиқарлық бірнеше минутқа созылады. Ауыр түрлерінде бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бойын қиқарлық билеген бала бар күш-қуатын жұмсап, артынша жаны құлазып қалады.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қыңырлық кезеңі – бала дамуының дағдарысты сәттерінде 1 жаста, 3 жаста, 7 жаста және жасөспірімдік жаста өтетін міндетті даму кезеңі. Бір жас дағдарысында бала қиқар қыңырлығын еңбектеуге, жүруге, қызыққанына тиісуге кедергі жасап, орнына ештеңе бермегенде немесе ересектің ұнамсыз немесе күтпеген әрекеттеріне қарсылық ретінде әр кез қолданады. 2 жас – балалардың қиқарлығымен күресудің ең қолайсыз сәті, себебі, бұл жастағы қиқарлықтың психологиялық қана емес, физиологиялық түп-тамырлары бар. Бас миының үлкен жарты шарларының қабығының атқарымдық ерекшеліктері болады. Сол жағы қисын, дерексіз талдамалы ой, мінез-құлықты қадағалау үшін жауапты. Оң жағы бейнелі ойлау қабілетін басқарады, бұл – сезімдер мен санадан тыс үдерістер орталығы. Бірінің, әдетте, сол жарты шары жақсырақ дамыған, олар – математиктер, бағдарламашылар, тіл мамандары, ал екіншілерінің оң жақ жарты шары жақсырақ дамыған, олар – біріктіруге, шығармашылыққа  жақын болады. Жаңа туылған сәбидің екі жарты шары да «оң» болады, тек кейін бірте-бірте олардың бірі «солшылдана» бастайды – бойына сана, қадағалау және сөйлеу қызметтерін жия бастайды, бұл бала 2 жасқа толарда байқала түседі. Кішкентай балаға ойын, кенеттілік, сезімдерін (соның ішінде, жағымсыздарын: жақтырмау, өкпе-реніш, ашулану) тікелей көрсету мүмкіндігі қажет, сондықтан, үнемі қысым түсіруге, тыйым салуға, шектеу қоюға болмайды. Балаларының осындай ерекшеліктерін елемейтін ата-аналар баласын үнемі үйретумен, оған түсіндірумен, одан көптеген нұсқауларын орындауын талап етумен әлек болады, әлі қатаймаған сол жақ жарты шарына шамадан тыс күш түсіреді, оның дамуын жасанды түрде үдетеді. Физологиялық тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде бала ата-анаасының ескертулерін, талаптарын және қоқан-лоқысын «естімейді», күйбеңдеп, ұзақ киінеді-шешінеді, сөйтіп, ата-анасының ашуын өршіте түседі. Үш жас та дағдарысты болып табылады. Бұл жаста бала өзін сезіне бастайды, өзін өзгелерден бөлек тұлға екенін түсіне бастайды, дербестікке ұмтылысы пайда болады. Бала жаңа мүмкіндіктерін – сылтаурату, қыңырлану, өз дегеніне көндіру, қашу және т.б. пайдаланып, ата-анасына ықпал етуге тырысады. Ол бәрін өзі шешкендей жасағысы келеді, бірақ, кейін ойынан айнып қалуы мүмкін. Келесі жас дағдарысы – шамамен 7 жас, бала өзін ересек сезінуге, ата-ана қамқорлығынан шығуға талпынады, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілікті өз мойнынан алғысы келеді және ата-анасы оны түзеткенде немесе айтқандарын істеткісі келгенде наразылық және қыңырлық көрсетеді

ҚИҚАРЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

6 жасқа дейін бала өмірінде оқыс орын алатын өзгерістерге жиі шалдығады: туыстарға жол жүру, демалыс күндерін әжесінің жанында өткізу. Егер ересектер баланы дайындамаса, ол кенеттен туындаған оқиғалардан сескеніп, есеңгіреп және жабырқап қалуы мүмкін. Бала үйреншікті өмір салтынан, айналасындағы адамдардан, үйреншікті тамақ түрлерінен айрылып қалғанын уайымдауы және жанына батуы мүмкін. Осындай жағдайларды бастан кешіру тәжірибесін жинап, бала кез-келген өзгерістерге және жаңалықтарға қасарыса бастайды. Әрбір жаңа ұсынысқа ол «жоқ» деп жауап береді. Қиқарлықтың тағы бір себебі ересектердің баланың дарынын және қабілеттерін асыра пайдалануы табылады. Ән айтуға, сурет салуға бейімділігін немесе өзге қабілеттерін байқаған ата-ана немесе тәрбиешілер оларды шамадан тыс белсенді дамыта бастап, баланың сүйсіне жасайтын ісін жұмысқа айналдырады.Қиқарлықтың өршуіне ата-ананың өктемшілдігі мен қатаң бақылауы түрткі болады. Егер ата-ана айтқанынан қайтпайтын, тым көп талап қоятын, шыдамсыз болса, үнемі ескерту жасай берсе, қойған талаптары табан астында орындамағанда бұлқан-талқан болса, үнемі қоқан-лоқы көрсетсе және жазалай берсе, баланың бастамашылдық және өз бетінше шешім қабылдау үшін мүлдем аз кеңістігі қалады. Бала ересектер айтқанды бұлжытпай орындауға мәжбүр, ол таңдау құқығынан, пікірін білдіру құқығынан айырылған. Алайда, ол түйсік деңгейінде таңдау құқығы оның тұлғасының дамуында үлкен маңызға ие екенін түсінеді. Оған осындай таңдау құқығы берілмегенде бала өз тұлғасына және пікірін білдіру мүмкіндігіне қол сұққанда қарсылық білдіреді. Ол: «Жоқ, мен мұны жасамаймын» деп айғайлайды немесе «Жоқ, сендер мені мәжбүрлей алмайсыңдар» деп селқос наразылығын білдіреді. Қиқарлық өз құқықтарын қорғап қалудың жалғыз амалы болуы мүмкін. Асыра әлпештеп өсірілген, ерке, аузынан шыққанының барлығы екі етпей орындалатын балалар өздеріне үйреншікті жайттар бұрынғыша болмай қалса, жиі қыңыр мінез көрсетеді. Олар ата-анасы тек солардың қалауын жасауы тиіс болып көрінеді, өздерінің әлі қолынан келмейді. Мұндай бала өз бетінше шешім қабылдай алмайды, жаңа мәселелерді, жаңа қиындықтарды еңсере алмайды, өз сезімдерін лайықты тәсілмен көрсете алмайды, өзгелердің мүмкіндіктерімен және қалауларымен санаса алмайды. Қиқарлық бала үшін өзі, өзінің қалауы, сезімдері туралы жар салудың қолжетімді жолы шығар. Кереғар жағдай орын алады: бала өз қалауын бас тарту арқылы жеткізуі мүмкін. Бірақ, балалар тілі келмейтінін айта алмайтыны белгілі ғой, ал өз қалауын сезіну және оны айналадағыларға түсінікті етіп  жеткізу оңай шаруа емес.

ҚИҚАРЛЫҚ СОЗЫЛМАЛЫ БОЛЫП КЕТПЕУІ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Көну әлсіздік таныту емес. Көнген адам, көрегендік танытады, сүйіктілерінің қамын ойлайды және кішкентай қиқарға өзге мінез-құлық үлгісін көрсетеді. Бұл ешбір қарсылық білдірілмеуі тиіс түбегейлі мәселелерге қатысты емес, мысалы: жолдан тек анасының қолын ұстап өту, түнде сағат тоғыз бен онның арасында ұйықтау, таңертең таңғы ас ішу және т.с.с. Бірақ басқа жағдайларда баланың айтқанына көну керек, сонда ол теңдікті, өзінің маңыздылығын және тәуелсіздігін сезінетін болады. Баланы дайын шешімді орындау мәжбүрлемес бұрын, одан немен айналысқысы келетінін сұраңыз. Балаға өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз, шешімді өзі қабылдасын. Егер бала сіздің көмегіңізсіз өзі әлденені жасауға қабілетті екенін немесе шешім қабылдай алатынын сезінсе, үлкен рақат сезіміне бөленеді. Келешекте өз күшіне сену балаға өмірде кездесетін кедергілерді жеңуге көмектеседі, ол мақсатына берік және табанды тұлғаға айналады. Қиқарлармен қарым-қатынаста ересектерге ең алдымен қарсылықтан бас тарту қажет. Өзін құрметтеуді талап етуге және өзгелерді құрметтемеуге болмайды. Бала да қателесу құқығына ие екенін мойындаңыз. Ол өз қиқарлығының жағымсыз салдарын өзі сезінсін. Қате жіберу және оны түзету – тұлға дамуының ең нашар жолы емес, ал көмек қолын тек ұсыну керек. Қиқарлық тудыратын жағдайларды болдырмауға тырысыңыз, әйтпесе, осындай қиқарлықпен қалағанына қол жеткізе алатыны баланың жадына сіңіп қалады. Данышпандық танытыңыз, «жоқ» деп жауап беруге болмайтын сұрақтар қойыңыз. Балаға дайын жауабыңыз және дайын шешіміңіз бар сұрақ қоймаңыз, керісінше, басқаша жауап бере алатын сұрақ қойыңыз, мысалы: «Тамақ ішкің келе ме?» Бала тіпті «жоқ» деп жауап берсе де, сіз бәрібір оны тамақтануға мәжбүрлейтініңіз анық. Сондықтан «Тамақтанатын уақыт келді» деген дұрыс. Баланы шамадан тыс еркелетпеңіз, барлығына бірдей рұқсат ете бермеңіз, барлық айтқанын орындай бермеңіз, бала өзі жасай алатынды баланың орнына жасамаңыз. Балалар жағдай үнемі өздері қалағандай бола бермейтінін, бірақ өздерін ұстай білу қажет екенін түсінуі тиіс. Икемді ата-ана болуға тырысыңыз, балаға әртүрлі жағдайға икемді әрекет ету үлгісін көрсетіңіз. Мінез-құлық икемділігін дамыту дене икемділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Бала ширақ, белсенді, епті болсын. Қиқарлық және күйзеліс кезінде қалыптасатын бұлшық ет қысылуын жазу үшін дене жанасуын, сип

ҚИҚАРЛЫҚ КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

Жылап тұрған, бүлік салып, ашуға мінген баланы қалай тыныштандыруға болады? Мұндай жағдайда көп сөз айтудың қажеті жоқ. Одан да баланың көңілін тез және бірден қызықты бірдеңеге аударған жөн. Дәл сол сәтте балаға тілалғыш болуы тиіс екенін және анасының тілін алуы тиіс екенін, «бір айтқаннан тыңдау керек екенін» дәлелдеуге тырыспаған дұрыс. Көңілі аулану үшін балаға біршама уақыт керек. Балаңыздың мінез-құлқы ұнамаса, оның ұялтпаңыз, оған ұрыспаңыз және жазаламаңыз, оған әртүрлі ат бермеңіз. Баламен оның сезімдері туралы сөйлесіңіз, оны түсінетіңізді көрсетіңіз.

Бірге ашу-ызаның суретін салуға болады (шимай-шатпақ болса да бәрібір). Артынша суретті бірге жыртып немесе умаждап, лақтырып тастауға болады. «Ашу-ызасы сыртқа шығуы» үшін бірнеше дене жаттығуын жасауды ұсынуға болады (ашуды жұдырық ішіне салып, қысып-жаншу, жастықпен төбелесу). Бәлкім, бала да ашу-ызаны сыртқа шығаратын бір тәсіл ұсынатын шығар, құлақ салып көріңіз. Балаға құрметпен, мейрімімен және достық пейілмен қараңыз, бірақ, сонымен бірге қатал және табанды болыңыз, ойға алғаныңыздан шегінбеңіз. Балаға шектеулі таңдау беруге болады («Сен мұны дәл қазір немесе 5 минуттан кейін жасай аласың»). Баланы «енді қайталамайтынын» айтқызып, уәде беруге мәжбүрлемеңіз. Баладан тек жағымды, жақсы қасиеттер көрсетуін талап ете отырып, сіз оның жүрегінде тек жағымсыздық жиналуына және күйгелектігінің өршуіне еріксіз ықпал етесіз. Осылайша, сіз балаңызды жағымсыз уайым-қайғысын жинай бермей, оларды жеңуге үйретесіз. Оған қоса, бала өзі емес, оның белгілі бір мінез-құлқы жаман екенін білетін болады және өз-өзіне жоғары бағалау қабілетіне зақым келмейді, өзін кінәлау сезімінен азаптанбайды, мұндай сезім айтарлықтай жойқын күйзеліс болып табылады. Балаға оның сүйіспеншілікке бөленгенін, ата-анасы үшін оның бар-жоғы бәрібір емес екенін үнемі сездіріп отыру керек.

Жаңартылған күні: 19.01.2022 16:02
Құрылған күні: 19.01.2022 16:02

Текст