"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру және жұмыс істеу ерекшеліктері. Дефектолог кеңесі Жапабаева Л.К.

 

«Даму мүмкіндігі шектеулі  балалардың  психофизикалық ерекшеліктері»
 «Психофизикалық  тұрақты даму ерекшеліктері»

Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігіжәне оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік   дағдыларын үйретудің жағдайын жасау;

Баланың есте сақтау динамикасын анықтау ;

Баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.

Негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі баланың

отбасымен қарым-қатынас жасауға   психологиялық

дайындығын қалыптастыру, психологиялық кедергілерді

жою

Әр маман өз саласы бойынша диагностикалық зерттеуінен кейін жеке түзету бағдарламасын құрады және бағдарлама баланың жеке психофизикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып әзірленеді. Балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандар тобы бар: педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, дәрігер,емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді».

  • Баланы  қоршаған ортаға  бейімделуге қабілеті
  • Баланың мінез –құлқындағы, жүріс –тұрысындағы ерекшеліктері
  • Баланың өзін –өзі бағалау деңгейі
  • Баланың қоршаған ортаға сеніммен немесе сенбеушілікпен қарауы
  • Баланың  өз күшіне деген сенімділігі немесе сенімсіздігі
  • Баланың  белсенділік деңгейі
  • Баланың танымдық ,тұлғалық жақтарын дамыту мақсатында психологиялық ойындар, жаттығулар өткізу керек. Бұндай жаттығулар мен ойындар балалардың  ашықтық ,сенімділік деңгейлерін,  эмоциялық саласын дамытуға, топта ынтымақтастық орнатуға бағытталады.
  • Бала дамуындағы бұзылудың түрлері және ауытқушылықтарды түзету,тексеру жұмыстарының қағидалары мен әдістері
  • Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы

Психикалық ауытқуларды сипаттамасы

  • Дамуында  мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы және пайда болу механизмы
  • Осы орайда дамуында ауытқуы бар балалармен  психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің талаптары мен қағидалары тұжырымдалған.
  • Баланың жеке –дара ерекшеліктерін анықтау керек
  • Баланың шаршап, қалуына жол бермей, қадағалау қажет.
  • Оқу әрекеті көбінесе ойын түрінде ұйымдастыру, балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту керек.
  • Ерте жастағы балалар аутизмі –кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен  қарым-қатынас пен байланысқа  түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу.
  • Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдауы бұзылуларымен сипатталды.
  • Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдауы бұзылуларымен сипатталды.

Визуалдық сабақ  кестесін қолдану.

Оқыту тәсілі келесідей  жүреді:

  • сабақтың алдында балаға визуалдық  яғни  қандай тапсырмаларды орындауды түсіндіреміз.
  • -содан кейін , балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары беріледі.
  • -бірінші тапсырманы орындаған кезде , педагог  келесі карточканы ұсынады.

Прайминг – оқыту бұлда оқытудың бір түрі, баланы инклюзивті ортада күрделі  проблемалық жағдайларда дайындау.

Психологияда прайминг дегеніміз –бір ынталандыруды енгізу адамдардың кейінгі ынталандыруға қалай әсер ететінін  әдіс. Прайминг басқа ынталандыру немесе тапсырма енгізілместен бұрын жадтағы қауымдастықты немесе көріністі белсендіру арқылы жұмыс істейді.

Түзете-дамыту бағыты бойынша:

- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;

- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;

  • пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
  • -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;
  • - зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;
  • көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
  • - психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
  • Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігі сау балалардай емес, оқу бағдарламасын жай қабылдайды. Олардың интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеттері төмен болады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, өз ойларын айту жағдайына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды.

Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, ақыл –ойын, есте сақтау қабілеттері

Түр – түсті ажырата білу

Он саусақ, саусақ жаттығулары

Саусақ ойыны, саусақтарға сипаттама

Суреттерде не жетіспейді?

Ұқсастығын тап? т.б.

Жалпы сөйлеу тілі дамымауының 1,2,3деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады.

  • Сөйлеу тілінің кеш дамуы ;

- Сөз түсінгінің шектелуі;

-Сөз қорының, сөйлеу тілінің грамматикалық жағының артта қалуы;

-Дыбыстарды бұзып айту кемшіліктері;

- Фонематикалық есту қабілетінің дамымауы;

Балалардың сөйлеу тілін түсінуін дамытуға арналған әдістемелер. “Көңілді балақай” , «Қажет затты ата»,»Тыныс аламын, әндетемін», «Не жақ», «Қай ойыншық келді?»

  • Деңгейлі жеңіл ойындар:
  • Ерекше қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіру;
  • Орта деңгейлі ойындар: Ойын күрделеніп қазақтың спорттық ойын түрлерін пайдалану;
  • Жоғарғы деңгейлі ойындар: Ұлттық  ойындармен бірге тренажерлермен ұйымдастыру.
  • Күтілетін нәтиже:
  • Психо-физиологиялық мүмкіндігідамиды.
  • Өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілік пен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады.

Дефектолог : Жапабаева Л.К.

Жаңартылған күні: 19.01.2022 15:54
Құрылған күні: 19.01.2022 15:54

Текст