Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» кеңес. Тәрбиеші Маханова Г.М

«Балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» кеңес

Қазіргі қоғамда табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы осы жауапкершілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат етеді. «Адал азамат »ұғымы тек адалдықпен шектелмей, туған жерге,табиғатқа жаңашырлықпен қарауды да,қамтиды.Сондықтан білім беру үдерісінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті  қалыптастыру замануй білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады.Климаттың өзгеруі,қоршаған ортаның ластануы сияқты жахандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулуды ерте жастан маңызды.(әдістемелік нұсқаулық хат)

Ерте жас тобы

Ерте жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру – олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту арқылы дүниетанымын кеңейту,қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету.

Міндеттері: Табиғат нысандарымен (өсімдік,жануар,су,тас,құм,)таныстыру.

Табиғаттағы құбылыстарды бақылауға үйрету.

Қарапайым экологиялық ережелерді меңгерту(қоқыс тастамау,гүлді жұлмау,жануарларды ренжітпеу).

Тәрбие беру жолдары:

 1.Бақылау және серуен.( гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау,оның бөліктерін(гүл,жапырақ) көрсету.

2. Ойын арқылы үйрету.

«Жапырақты тап»

мақсаты:жапырақты басқа заттардан ажырату. Түсі мен пішіні байқау,қабылдау қабілетін дамыту.

«Суды төкпе»

Мақсаты.судың маңызын түсіндіру.Суды ұқыпты қолдануға үйрету.

«Гүлді суарайық»

Мақсаты: өсімдіктерге қамқорлық жасау.Гүлге су құю әрекетін үйрету.

3.Еңбек әрекеті.

4.Көркем әдебиет пен ертегілер.

Шығармашылық жұмыстар.(сурет салу,мүсіндеу, табиғи заттардан (жапырақ,жаңғақ,тастар.)

Кіші тобы

Балалардың табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру,қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу,экологиялық мәдентеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:Өсімдіктер мен жануарларды ажырата білуге үйрету.Табиғаттағы қарапайым құбылыстарды (күн,жаңбыр,қар)таныстыру. Табиғатқа зиян келтірмеу ережелерін меңгерту.Қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру (суару, жинау).

Экологиялық тәрбие беру жолдары:

Қысқа бақылаулар.

Балаларды аулаға шығарып ,гүл,ағаш,құстарды көрсетіп,қысқа әрі түсінікті әңгіме жүргізу.

2.Ойын әдістері

«Гүлді суару.»

«Қай жануар қайда тұрады?»

«Дұрыс- дұрыс емес,қауіпті»  ойын арқылы түсіндіріп ойнау, бала тез қабылдайды және есте сақтайды.

3.Еңбек әрекеті

- гүлге су құю

- Ойыншықтарды жинау

Ауладағы жапырақтарды жинауғу қатыстыру.

4. Көрнекілік қолдану.

Суреттер,ойыншықтар, қысқа бейнематериалдар арқылы түсіндіру.

5 Ертегі мен әңгіме (жануарларға қамқорлық,ағашты қорғау.)

6 Шығармашылық жұмыс.

Саусақпен сурет салу, (күн,ағаш,гүл),табиға материалдан аппликация жасау.

Кеңестер.

Балаларға ұзақ түсіндірмей,қысқа әрі нақты айту,жиі қайталау арқылы бекіту, баланы мақтап, қызығушылығын арттыру, өз үлгіңізбен көрсету.(қоқыс тастамау, өсімдікті сындырмау.)

 

Ортаңғы тобы

Ортаңғы топтағы  экологиялық тәрбие беру – олардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бұл жаста балалар себеп –салдар байланыстарын түсіне бастайды, сондықтан экологиялық білімді жүйелі түрде беру маңызды.

Мақсаты:Табиғат туралы білімдерін кеңейту және нақтылау. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру,Табиғатты қорғау қажеттілігін түсіндіру.

Міндеттері:

-Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы қарапайым түсінік беру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді ажырата білуге үйрету.

- Табиғаттағы себеп-салдар байланыстарын түсіндіру.(мысалы:су болмаса өсімдік өспейді)

Экологиялық ережелерді саналы түрде сақтауға дағдыландыру.

Қарапайым зерттеу, бақылау дағдыларын дамыту.

Экологиялық тәрбие беру жолдары:

Бақылау және тәжірибе

Өсімдіктің өсуін бақылау (суарып, нәтижесін көру.)

Су,құм, топырақпен қарапайым тәжірибелер жасау.

Ауа райын күнделікті бақылау.

2. Әңгіме және түсіндіру

Балалармен табиғат туралы әңгімелесу

 «Неге ағаштарды сындыруға болмайды? »

«Жануарларға қалай көмектесеміз?»

3. Дидактикалық ойындар

«Арық затты тап» (табиғи\жасанды)

«Жыл мезгілін анықта»

«Кім қайда өмір сүреді?»

4.Еңбек әрекеті

Өсімдіктерді күту (суару,жапырағын сүрту)

Аула тазалығына қатысу

Құстарға жем беру.

5.Көркем әдебиет

Табиғат туралы ертегілер,әңгімелер,өлеңдер, оқу және талқылау.

6.Шығармашылық жұмыстар.

Сурет салу (жыл мезгілдері,табиғат көрінісі),табиға материалдан қолөнер жасау)

7.Экологиялық әдеттер қалыптастыру.

Қоқысты тастамау,суды үнемдеу,өсімдіктерді қорғау)

Ересек тобы

Ересек топтағы балаларға экологиялық тәрбие беру – олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және дұрыс мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс.

Мақсаты:Балалардың қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

Міндеттері:Табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін жетілдір.Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін түсіндіру.Табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.Экологиялық ойлауын, бақылау және зерттеу қабілеттерін дамыту.Еңбекке баулу (өсімдік отырғызу, күту, тазалық сақтау)

Экологиялық тәрбие беру жолдары:

 

Бақылау және серуендер

Балаларды табиғатқа шығарып, жыл мезгілдерінің өзгерісін, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін бақылау.

2. Тәжірибелік жұмыстар

Қарапайым тәжірибелер жасау (су, топырақ, ауа қасиеттерін зерттеу).

3. Ойын арқылы оқыту

Дидактикалық және қимылды ойындар арқылы экологиялық түсініктерді қалыптастыру.

4. Еңбек әрекеті

Гүл отырғызу, суару, аула тазалау сияқты жұмыстарға қатыстыру.

5. Көркем әдебиет және әңгімелер

Табиғат туралы ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқу арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

6. Сурет салу, қолөнер

Табиғат тақырыбында сурет салу, табиғи материалдармен жұмыс істеу.

7. Экологиялық мерекелер мен акциялар«Жер күні», «Құстар күні» сияқты шаралар ұйымдастыру.

 

Мектепалды тобы

Мектепалды даярлық топтағы балаларға экологиялық тәрбие беру – баланың табиғатпен үйлесімді өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың негізі. Бұл кезеңде балалар саналы әрекетке жақындайды, сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды.

Мақсаты:Балалардың табиғат туралы білімдерін жүйелеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту

.Міндеттері:Табиғат нысандары (өсімдіктер, жануарлар, ауа, су) туралы білімдерін кеңейту.Табиғаттағы өзара байланыстарды қарапайым деңгейде түсіндіру. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін ұғындыру. Табиғатқа қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру. Экологиялық ойлау, бақылау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Еңбек әрекеттеріне баулу (күту, тазалық сақтау). Экологиялық дұрыс мінез-құлық ережелерін меңгерту.

Экологиялық тәрбие беру жолдары:

 

Танымдық іс-әрекеттерАрнайы ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы табиғат туралы түсінік беру (жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары).

2. Бақылау және зерттеу жұмыстары

Серуен кезінде табиғатты бақылау, қарапайым тәжірибелер жасау (су, құм, өсімдік өсуі).

3. Ойын технологиялары

Дидактикалық, сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы экологиялық білімді бекіту.

4. Еңбек әрекеті

Табиғат бұрышында жұмыс (өсімдіктерді суару, күту), аула тазалау.

5. Көркем әдебиет қолдану

Табиғат туралы ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру.

6. Шығармашылық жұмыстар

Сурет салу, мүсіндеу, аппликация жасау арқылы табиғатқа қызығушылығын арттыру.

7. Экологиялық іс-шаралар

Тақырыптық мерекелер, акциялар, викториналар өткізу.

8. Ата-анамен жұмыс

Үйде табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру бойынша кеңестер беру.

 

Қосымшалар:


Текст