Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КП Тақырыбы: «Ойын түрлері: сюжеттік -рөлдік, дидактикалық, қимылды» тәрбиеші Дюсекеева М.М.

Кеңес

Тақырыбы: «Ойын түрлері: сюжеттік -рөлдік, дидактикалық, қимылды»

   Ойын-мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі іс-әрекеті. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны танып, ойлау, сөйлеу, қимыл-қозғалыс және әлуметтік дағдыларын дамытады. Сондықтан балабақшада және үй ойынның әртүрлі түрлерін ұйымдастыру өте маңызды. Ойын баланың қызығушылығын арттырып, білімді жеңіл әрі тиімді меңгеруге көмектеседі.

Баланың жан-жақты дамуы үшін көбіне сюжеттік рөлдік ойын, дидактикалық ойын және қимылды ойындар қолданылады.

1.Сюжеттік- рөлдік ойын

Сюжетті-рөлдік ойын-балалардың өмірде көрген, байқаған оқиғаларын ойын арқылы бейнелеуі. Бұл ойында балалар белгілі бір рөлді (дәрігер, жүргізуші, отбасы т.б)ойын ойнап, сол мамандықтың іс-әрекетін қайталайды.

Мақсаты: Балалардың қиялы және шығармашылығын дамыту, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, әлуметтік өмір туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлеу тілін дамыту.                                                   

Мысал ойындар: «Дүкен», «Дәрігер», «Отбасы»

Қалай ұйымдастырылады: Тәрбиеші немесе ата-ана ойынның тақырыбын ұсынып, балаларға қажетті ойыншықтарды береді (ыдыстыр, дәрігер құралдары, қуыршақ, т.б) балалар өзара рөлдерді бөлісіп, ойын барысын өздері жалғастырады. (ерте жас, кіші топтарда үлкендер басшылық жасап бірге ойнайды)

2.Дидактикалық ойын

Дидактикалық ойын-балалардың білімін, ойлау қабілетін дамытуға арналған ұйымдастырылған ойын.

Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау; зейінін дамыту, түстерді, пішіндерді, сандарды үйрету.Сөздік қорын молайту ,логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.                                                                            Мысал ойындар: «Қай түс жоқ?», «Пішінді тап», «Артығын тап», «Ұяшыққа орналастыр», «Моншақты тізбекте»

Ұйымдастыру тәсілі:Тәрбиеші немесе ата-ана балаларға белгілі бір тапсырма береді. Балалар ойын арқылы тапсырманы орындайды. Мысалы: түстерді ажырату, пішіндерді сәйкестендіру, заттарды салыстыру.

3. Қимылды ойын

Қимылды ойын-балалардың дене қозғалысын дамытатын, белсенді әрекетке негізделген ойын түрі.

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, шапшаңдық, ептілік, төзімді қасиеттерін дамыту. Ұжыммен ойнауға үйрету көңіл-күйін көтеру.

Мысал ойындар: «Асық ату», «Ақсерек-көксерек», «Қуаласпақ», «Допты қағып ал»

Ұйымдастыру тәсілі: Бұл ойындар көбіне далада немесе спорт залда өткізіледі.Балалар секіреді, жүкіреді, бір-бірімен жарысады.

Қорытынды: Ойын-баланың дамуының маңызды құралы.Сюжеттік-рөлдік ойын балалардың әлуметтік дағдыларын дамытса, дидактикалық ойын олардың ойлау қабілеттерін жетілдіреді, ал қимылды ойындар дене дамуына ықпал етеді.Сондықтан тәрбиеші мен ата-ана балалардың жас ерекшелігіне сай ойындарды дұрыс ұйымдастырып, жиі  қолдануы қажет.

 

Қосымшалар:


Текст