«Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын байыту әдістері» тақырыбында семинар-практикум дефектолог Тасимова Н. К.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, сөздердің мағынасын түсіндіру және оларды күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету.

Міндеттері:

Баланың пассивті және белсенді сөздік қорын дамыту.

Заттың атауын, сапасын, қасиетін білдіретін сөздерді меңгерту.

Сөздерді дұрыс дыбыстауға жаттықтыру.

Сөздерді сөйлем ішінде қолдануға үйрету.

Сұраққа толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.

Сөздік қор дегеніміз не?

Сөздік қор – баланың түсінетін және сөйлеу барысында қолданатын сөздерінің жиынтығы.

Ол екі бағытта қарастырылады:

🟢 Пассивті сөздік қор

Бала сөзді естігенде немесе көргенде оның мағынасын түсінеді, бірақ өзі сөйлеуде қолданбауы мүмкін.

🟠 Белсенді сөздік қор

Бала сөзді өздігінен сөйлемде, әңгімеде, ойын барысында қолданады.

Дефектологтың негізгі мақсаты – пассивті сөздерді белсенді сөздік қорға көшіру.

Сөздік қорды байытудың тиімді әдістері

🔹 Көрнекілік әдісі

Заттарды, суреттерді, карточкаларды көрсету.

🔹 Сұрақ-жауап әдісі

«Бұл не?», «Қандай?», «Не істеп жатыр?»

🔹 Әңгімелесу әдісі

Баламен күнделікті тақырыптар бойынша сөйлесу.

🔹 Қайталау әдісі

Жаңа сөзді бірнеше жағдайда қолдану.

🔹 Салыстыру әдісі

«Доп үлкен, ал мына доп қандай?»

🔹 Ойын әдісі

Сөзді ойын арқылы бекіту.

🔹 Практикалық әрекет әдісі

Ұстау, көру, иіскеу, орналастыру арқылы сөзді меңгерту.

 «Синельді сымдар» сыртқы қабаты түрлі түсті жұмсақ түктермен қапталған, ішінді иілгіш жіңішке сымы бар қолөнерге арналған материал.

Ол өте ыңғайлы себебі бала сымды:

Иеді, бұрайды, орайды, Саусақтармен қысады, пішін мен тұсті ажыратады, жасаған затын сипаттап сөйлейді, зейінін және көру қимыл үйлесімділігін дамытады. Ұсақ қол моторикасын дамытады.

«Сиқырлы ормандағы жоғалған сөздер»

Бір күні Айша мен Данияр орманға серуендеуге барыпты.

Орман іші өте әдемі екен. Ағаштардың жапырақтары сыбдырлап, құстар сайрап жатыр.

Балалар жолмен келе жатып, кішкентай қоянды көріпті.

Қоян көңілсіз отыр екен.

— Қоян, неге көңілсізсің? — деп сұрапты Айша.

Қоян: — Менің орманымда сөздер жоғалып кетті. Енді жануарлар бір-бірімен сөйлесе алмай жүр, — депті.

Данияр: — Біз саған көмектесеміз!

Балалар бірінші болып «үлкен» деген сөзді тауыпты.

Олар: — Үлкен ағаш! — деп қуаныпты. Содан кейін бұтаның арасынан «жүгірді» деген сөз шығыпты.

— Қоян жүгірді! Бір кезде балалар әдемі гүлдің жанынан «қызғылт» деген сөзді тауыпты.

— Қызғылт гүл! («Сөйтіп олар тағы да: орман, құс, ұшады, жасыл, кішкентай, әдемі, секіреді деген сөздерді тауыпты.

Балалар барлық сөздерді жинап болғанда, орман қайтадан көңілді болып кетіпті. Құстар ән салып, қоян секіріп, тиін жаңғақ жинай бастапты.

Қоян балаларға:— Рақмет сендерге! Сендер жоғалған сөздерді тауып, орманға қуаныш сыйладыңдар!

Балалар үйлеріне қайтып бара жатып: — Сөздер көп болған сайын, әңгімеміз де қызықты болады екен! — депті.

Су джок ойындары: қол иен саусақтағы ұсақ нүктелерді, алақанды және қауіпсіз құралдарды жеңіл уқалау арқылы баланың ұсақ моторикасын, сенсорлық қабылдауын, сөйлеу белсенділігін қолдауға қолданылатын әдіс.

«Ағаш ектік бақшаға»

Ағаш ектік бақшаға,

Алма, терек, шыршада.

Биік болып өседі,

Көлеңкесі түседі,

Көлеңкеге барайық,

Добымызбен ойнайық.

➡️ Бұл әдіс сөзден байланысты сөйлеуге біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.

Дефектологтың кәсіби ұстанымы.

Қорытынды

Балаға сөзді жаттатудан бұрын – сөзді сезіндіру.

Көрсету → түсіндіру → әрекет жасату → қайталату → сөйлемде қолдану → қарым-қатынаста бекіту.

Әрбір жаңа сөз баланың нақты тәжірибесімен байланыстырылғанда оны меңгеру тиімді болады.

Қосымшалар: