Таңғы қабылдау Көңілді жаттығу «Кәне достар тұрайық»
Кейіпкерлер: Симка, Нолик; Томпақ пен Сопақ клоундар, Қуыршақ пен Микки маус, Карлсон.
Симка: Балаларды қорғау күні мереке,
Жиналдық біз көңіліміз ерекше!
Балалықтың ән мен күйін жырлайық
Балаларға бақытты шақ сыйлайық!
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін жаздың алғашқы күні. Бұл күн балаларды қорғау күні! Осы күн сендерге арналады. Менің кішкентай достарым!
Симка: Балалар менің досымды көрген жоқсыңдар ма Нолик?
Нолик қайдасын, қайдасын? Дауысыңды естип тұрмын, бірақ сені көрмей тұрмын Нолииик.
Нолик кіреді бір – бірін құшақтайды, балаларды құттықтайды.
Нолик: Мен мындамын. Сәлем достар. Біз сендерді көргеніме қуаныштымын! Көңіл күйлерін қалай? Бізді таныдыңдар ма? Қане, бір-біріміздің қолдарымыздан нықтап ұстайық, достық шеңберін құрайық.
Фиксиктер биі
Ән: «Бақытты балалық шақ»
Клоун кіреді
Клоун томпақ: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты үлкен кіші достарым! Мен көңілді томпақпын. Сендермен ойын ойнауға, көңіл көтеріп, секіруге, барлығыңды аяқтарыңнан тік тұрғызуға келдім. Ал, кәне ұлдар қыздар менімен ойнауға дайынсыңдар ма? Менің сұрақтарыма жауап бересіңдер ме?
Ойын: «Ұшады-ұшпайды»
Ұшақ, тікұшақ, асқабақ, жаңғақ.
Маса, ара, бақа, ата.
Сауысқан, тышқан, торай, торғай.
Клоун томпақ: Жарайсыңдар балалар! Ешқайсың шатаспадыңдар.
Осы кезде сүрініп екінші клоун Сопақ клоун кіреді.
Сопақ клоун: Мен қалып қойған жоқпын ба? Томпақ мені неге тастап кеттің?
Көзін уқалап, жылайды. (көзінен су атады)
Досы басынан сипап, жұбатады.
Клоун томпақ: Жылама, бүгін көп тәттілер жейміз. Балмұздақ аламыз.
Сопақ клоун: (жылап) Ақшаң бар ма?
Клоун томпақ: Жоқ, балаларда бар.
Фокус: «Тиынмен», «Рулонды тарқат», «Қай қолда зат?» 1.қағаз, орамал, аяқ киім
Ойын: «Шарды сақтап кал!»
Нолик: Балалар бүгін мерекеге орай ойын әкелдім сендерге. Менің командама кім жиналады. Қане екі командаға бөлініп тұра қалайық.
Ойын: «Құбырды жалғастыр»
Шарты: ойынға әр командадан 5 баладан қатысады. Алдыңда тұрған бала жылжып құбырды жалғап отырады. Шарикты домалатып себетке түсіру керек. Шапшан шарикты себетке дәл түсірген команда жеңімпаз атанады.
Би жарыс: 2 командаға бөлінеді.
Ойын: «Сан тізбек»
Шарты: балалар қолдарына сандарды алып шашырап билейді, музыка тоқтағанда балалар санның реттік қатарын тез құрайды.
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Кіші топтарға
Ойын Клоунмен: «Көңілді қолшатыр»
Ойын Клоунмен: «Көңілді пойыз»
Фиксиктер «Модульдардан Үй құра» 2 командаға балаларды бөліп, ойнайды.
Симка: балалар кім қонаққа келе жатыр деп ойлайсыңдар?
Балалар: Қуыршақтар келе жатыр
Қуыршақтар келеді.
Қуыршақтар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңмен, көңіл көтеріп, би билейік. Қандай әдемі қуыршақтар тұр.
Би: «Қуыршақтар»
Нолик: Балалар бүгінгі мереке сендерге ұнады ма? Көңіл күйлерің қандай? Тамаша! Осымен мерекеміз аяқталды.
Симка: Сендерді ендеше балалар, түстен кейін ертегі көруге келіңдер! Асфальтқа сурет салуға шақырамыз! Көріскенше балалар!
Көпіршіктер дискотекасы