Педагогикалық кеңес №2
Тақырыбы:«Балабақшада экологиялық тәрбие – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі»
Мақсаты:
Балабақша педагогтарының экологиялық тәрбиенің маңызын түсінуін тереңдету, балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру және тәжірибе алмасу
Міндеттері:
Күн тәртібі:
1. №1педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы
2.Теориялық бөлім.
Кеңес. Тақырыбы:«Балабақшада экологиялық тәрбие – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі». Әдіскер
3. Практикалық бөлім.
«Экологиялық жағдаяттар», «Экологиялық трек» іскерлік ойындары. Әдіскер
4. Тақырыптық бақылаудың қорытындысы
5. Экологиялық ойындар. Тәжірибе алмасу. Тәрбиешілер
Кеңестің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Қазіргі таңда экологиялық тәрбие – мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарының бірі.
Табиғатты сүю, қорғау, оған қамқор болу – баланың адамгершілік және рухани дамуының негізі.
Негізгі идея:
Табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйрету – тәрбиешінің басты міндеті.
Әдіскердің кіріспе сөзі:
Құрметті әріптестер! Бүгінгі педагогикалық кеңесіміздің тақырыбы «Балабақшада экологиялық тәрбие – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі».
Біз балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қамқорлық сезімін қалыптастыру жолдарын қарастырамыз. Балабақшадағы экологиялық тәрбие – тек табиғатты қорғау ғана емес, ол баланың тұлғалық дамуының негізі
2. Теориялық бөлім
Экологиялық тәрбие берудің бағыттары
Экологиялық жобалар мен іс-шаралар
Мысалдар:
🌍 «Жер – біздің үйіміз» — табиғатты қорғауға арналған сурет көрмесі, викторина.
Педагогтің рөлі
Қорытынды
Экологиялық тәрбие – бала бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастырады. Табиғатты сүйген бала – Отанын сүйетін, адамгершілігі мол азамат болып өседі. Сондықтан әр педагогтың міндеті – баланы табиғаттың досы етіп тәрбиелеу, оның бойына экологиялық мәдениеттің алғашқы дәнін себу
3. Практикалық бөлім
Іскерлік ойын 1:
Жағдаяттар
Алаңқайда 5-7жастағы 4 бала ойнап жүрді. Балалардың ең кішісі:
-Көбелекті ұстап алып, қанатын өртеп жіберейік- деді.
Өтіп бара жатқан ер адам тоқтай қалып:
- Сендер неге көбелектің канатың өртемексіңдер? Бала біраз үнсіз тұрып:
-Жай- деді
(Балалардың қатігездігін қалай түсіндіруге болады? Олардың бойына табиғатқа қамқорлық көрсету кезінде қандай әдіс тәсілдер қолдануға болады)
Сауле анасымен балабақша ауласындағы қарақат бұтақтары отырғызылған жолмен келе жатты. Ол анасына күндіз осы қарақат бұтақтарын суарып, күткендері жайлы әңгімеледі. Бірақ анасы қызын тыңдамады, ойы басқа жақта болды.
-Ана, неге мені тыңдамайсыз?- деп, қолын тартып алды. Анасы ашуланып, қарақаттың бұтағын сындырып,
-Бұл не қылған қыңырлық- деп, қызының қолынан салып қалды.
-Сенің қамқорлығың кімге керек? Сенсіз де табиғатты қорғайтын адамдар жетерлік.
(Ананың іс-әрекетінің қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін?)
Балабақша ауласында қыз балалар «дүкенші» ойының ойнап жатты. Азық-түліктерді толықтыру үшін, ауладағы өсіп тұрған ағаштардың жапырақтарын жұлып, алып: мынау «кәмпиттер» болады деді, ал мынау «тоқаштар» болады деді. Бұны көрген тәрбиеші балаларды мақтап:
-Жарайсындар, өте жақсы, деп айтты.
(Тәрбиешінің қателігін айтыңыздар. Сіздер осы жағдайда не істер едіңіздер)
«Экологиялық трек» (практикалық бөлім)
Мақсаты: педагогтардың экологиялық тәрбие беру әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Өту барысы:
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі:
1-топ: «Бала мен табиғат»
– 3–5 жас аралығындағы балаларға арналған экологиялық ойын ойлап табу және қысқаша көрсету.
(Мысалы: «Қай ағаштың жапырағы?», «Құстарды қорғайық» т.б.)
2-топ: «Экосаяхат»
– Топ бөлмесінде немесе серуенде экологиялық бақылау ұйымдастыру жоспарын жасау.
(Мысалы: «Бақтағы күз белгілерін байқаймыз», «Жаңбырдан кейінгі табиғатты бақылау».)
3-топ: «Қалдықсыз әлем»
– Қайта өңделетін материалдардан қолөнер бұйымдарын жасау идеяларын ұсыну және көрсету.
(Мысалы: пластик бөтелкеден гүл, газеттен себет т.б.)
Қорғау: Әр топ өз жұмысын 5 минутта таныстырады.
3 Іскерлік ойын 1:
«Экологиялық трек» (практикалық бөлім)
Мақсаты: педагогтардың экологиялық тәрбие беру әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Өту барысы:
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі:
1-топ:
«Бала мен табиғат»
– 3–5 жас аралығындағы балаларға арналған экологиялық ойын ойлап табу және қысқаша көрсету.
(Мысалы: «Қай ағаштың жапырағы?», «Құстарды қорғайық» т.б.)
2-топ:
«Экосаяхат»
– Топ бөлмесінде немесе серуенде экологиялық бақылау ұйымдастыру жоспарын жасау.
(Мысалы: «Бақтағы күз белгілерін байқаймыз», «Жаңбырдан кейінгі табиғатты бақылау».)
3-топ:
«Қалдықсыз әлем»
– Қайта өңделетін материалдардан қолөнер бұйымдарын жасау идеяларын ұсыну және көрсету.
(Мысалы: пластик бөтелкеден гүл, газеттен себет т.б.)
Қорғау: Әр топ өз жұмысын 5 минутта таныстырады.
Іскерлік ойын 2:«Экологиялық жағдаяттар»
Мақсаты: педагогтардың балалармен экологиялық ахуалдық жағдайларда дұрыс шешім қабылдауын дамыту.
Жағдаяттар үлгісі:
→ Әр топ өз шешімін талқылап, қысқаша рөлдік көрініс түрінде көрсетеді.
Шешімі:
1.Балабақшада экологиялық тәрбиені күшейту мақсатында жылдық және айлық жоспарларға экологиялық бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде енгізілсін. Экологиялық тәрбие бойынша көрнекілік, әдістемелік материалдар жаңарту.
Жауапты: әдіскер, тәрбиешілер
Мерзімі: жыл бойы
2. Барлық жас топтарында экологиялық ұғымдар мен түсініктерді меңгерту үшін бақылау, тәжірибе, проблемалық жағдаят, ойын әдістерін кеңінен қолдану міндеттелсін.
Жауапты: тәрбиешілер
Мерзімі: күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетінде, серуен кезіндегі бақылау жұмыстарында қолдану.
3. Ата-аналармен бірлескен экологиялық іс-шаралар (акциялар, семинарлар, табиғатқа саяхаттар) жүйелі түрде өткізілсін.
Жауапты: тәрбиешілер, ата-аналар комитеті
Мерзімі: жыл бойы