«Баланың тілін қалай дамытамыз?»
Құрметті ата – аналар!
Егерде бала 2,5 -3 жасқа дейін сөйлемесе, невролог, логопед, дефектолог мамандардан кеңес алған жөн.
Қазіргі заман талабына сай гаджет түрлері көбейген сайын біздің балаларда тіл кемістігі көбейе бастады.Сондықтанда сіздерге көмек ретінде бірнеше жаттығулар кешенін ұсынамыз.
Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан. Соңғы жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені айқын байқалады. Өйткені, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста болады, себебі, олар қарайды және тыңдайды.
Саусақ ойындары және жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқандықтан ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз. Саусақ ойыны және жаттығулар арқылы балаларды дұрыс сурет салуға дайындайды, болашақта баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтау қабілеттері жақсарады.
Бала тілін дамытуда қолданатын әдіс – тәсілдер:
Баламен күнделікті сұрақ- жауап арқыл тілдесеміз.
(микрофон, кароки пайдаланамыз)
(«Әлди – әлди» әнін айтуға болады)
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Артикуляциялық жаттығулар:
« Қасқыр» жаттығуы
Балаға қасқыр қалай ұлиды, ерінде алға созып, у-у-у дыбыстарын шығару
«Күлімде» жаттығуы
Күлеміз. Бірінші үстінгі ерінді,сосын астынды ерінді тіспен тістеу керек.
Қорыта айтқанда баланың дұрыс сөйлеу білуге балабақшаның ықпалы зор. Қазіргі заманға заман талабына сай балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Мектеп жасына дейінгі баланың ойына,, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу өмір талабы.
Әрдайым жаңа сөздермен сөздік қорын күнде молайтып, баламан сөйлесіп отыу қажет.Сөйлеу қабілетін тереңдетіп, шығармашылық қабілетерін дамыта дамытуда айтқан әңгімесіне,өзі құрастырған қысқа әңгімедерге бағыт – бағдар беріп,тіл байлығын,сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстаған жөн.