Баламен қалай сөйлесу керек?
Баланың айтқан тілді түсінуі оның тілі шыққан кезеңге дейін қалыптасады. Ерте жастан бастап сәби үлкен адамның айтқанына, сөйлегеніне назар аудара бастайды, еліктейді. Осыдан кейін біртіндеп сөйлеу тілі қалыптаса бастайды. Баланың сөйлеу тілін қалыпты деңгейде қалыптастыру – бұл ата – ананың алдындағы жауапты да, маңызды міндет.
Кеңестің мазмұны:
- Тілдік дамудың кезеңдері;
- Үй жағдайында баланың тілін шығарудың 5 тәсілі;
- Қорытынды;
Тілдік дамудың кезеңдері:
Баланың тілдік дамуы туғаннан қалыптаса бастайды. Сәби ай сайын жетіліп, өсе бастаған сайын баланың тілдік дамуындағы жақсы өзгерістерді немесе ақаулықтарды танып, ажыратуға болады:
- .Туғаннан 6 айға дейін сәби үлкен адамның сөзіне біртіндеп көңіл бөліп, өзімен сөйлескен адамның дауысын ажырата бастайды. Бала дауысты дыбыстарды үздік – үздік айтып,6 айға жақындағанда дауыссыз дыбыстар шыға бастайды, сәби былдырлайды, гуілдейді.
- 6 айдан 12 айға дейін бала үлкен адамның сөйлегеніне еліктейді,кейбір буындарды айта бастайды: «ма – ма», 1 жасқа жақындағанда жеңіл сөздерді айта бастайды,сөздік қоры 2 – 3 сөзден 20 сөзге дейін болады.
3 . 1 жас,бұл кезде баланың сөздік қоры белсенді дами бастайды,кейбір дыбыстарды айтады,қайталайды.Өз бетімен жүре бастаумен қатар қоршаған орта туралы да қарапайым түсініктері қалыптасады.
- 2 жас,бұл жастағы бала жеңіл сөйлемдерді айта бастайды,мысалы:«су ішем»,үлкен адамның өзіне айтылған нұсқауын түсінеді,орындайды.
- 3 жастағы балалар өз құрдастарымен де,үлкендермен де еркін сөйлесе бастайды.Бірақ сөйлеу қарқыны әлі де қарапайым тұрғыда қалыптасқан.Сөздерді анық айта алмаса да,өз тілінде бұрмалап айтуы мүмкін.
- . 4 жастағы баланың сөздік қоры белсенді әрі қарқынды дамитын кезең,сөздік қоры шамамен 500 – 600 сөзге жетеді, жеңіл тақпақтарды айта бастайды.
- . 5 жастағы бала өзінің ана тіліндегі дыбыстарды еркін айтып,байланыстырып сөйлеу әрекеті де дамиды.Өзі туралы толық айтып бере алады,естіген мәтінді мазмұндай алады.Егер бала осы нормаларға сәйкес келмесе,сізге дереу мамандарға жүгіну қажет.
- . 6 жастағы баланың сөздік қоры толық,диалог түрінде қарым – қатынасқа түсе алады,ертегілерді,шағын мәтіндерді мазмұндайды.Қоршаған орта туралы түсінігі өз жас ерекшелігіне сәйкес қалыптасқан болады.
Үй жағдайында баланы сөйлетудің қарапайым тәсілдері:
- Үйде баламен үнемі сөйлесіп отыру керек, мамандар құрсақтағы баламен де сөйлесудің маңызды екенін ескертеді.Сөздеріңіз анық және қысқа болу керек,себебі бала сіздің ерініңіздің қимылына назар аударады,сонымен қатар змоцияңыз бен сезіміңіз де балаға жағымды әсер етеді.
- Сәбилік жастан бастап баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға тырысыңыз,ұсақ қол моторикасы жақсы дамыған баланың тілі тез шығады,ой – өрісі,зейіні,сенсомоторлық қабілеттері қалыптаса бастайды.Әртүрлі макарондар,қамыр,ұсақ,ірі түймелермен ойната отырып біртіндеп балаңыздың жан – жақты дами бастағанына куә боласыз.
- Үнемі балаңыздың сөздік қорын байытуға уақыт бөліңіз,ол үшін далада серуендеп жүргенде де,балабақшаға бара жатқанда да әртүрлі сұрақтар қойыңыз: «қарашы бұлт неге ұқсайды?», «бүгін ауа – райы қандай?», «көліктің түсі қандай?» т.б.Баланың сұрағына байыппен,түсінікті тілде жауап беріңіз.
- Балаға түрлі – түсті кітаптарды көрсетіп,оқып беріңіз,ертегі айтуды әдетке айналдырыңыз.сонымен қатар ертегінің мазмұнына сәйкес дауыс ырғағыңызды өзгертіп,арасында ертегіні баламен бірге сахналасаңыз балаңыздың байланыстырып сөйлеу әрекеті жоғары деңгейде болады.
- Балаңыз үйде сізге жүгіріп келіп сұрақ қойса,немесе сізбен ойнағысы келетінін өтінсе,міндетті түрде өз шаруаңызды ысырып қойып балаға көңіл бөліңіз,қойған сұрағына түсінікті тілде жауап беріп,балаға ата – аналық шексіз қамқорлығыңыз бен махаббатыңызды білдіріңіз.
- Есіңізде болсын бала үшін сіз, яғни ата – анасы ең басты тұлғасыз. Отбасы сәбидің бақыт, тыныштық, шаттық пен береке орнаған құтты мекен болып табылады.Өкінішке орай қазіргі таңда тіл кемістігі бар балалар жылдан жылға көбейіп келеді,себептері өте көп. Соның бірі ата – ана тарапынан балаға уақтылы көңіл бөлмеу, жұмысбастылық, уақыттың жеткіліксіздігі, баланың ұялы телефондарға тәуелді болуы. Сондықтан балаңыздың толыққанды дамуына, өз ана тілінде еркін сөйлеп,болашақта өмірден өз орынын тауып, жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беріңіз.