``№2 Педагогикалық кеңес``
Тақырыбы: «Жоба, жобалық қызмет түрлері»
Мақсаты: Жобалау әдісі – бұл білім беруді ұйымдастырудың жаңа технологиялардың бірі, бұл әдіс арқылы балалардың танымдық қызметі таңдалып алынған дайын ақпарат арқылы емес, өздерінің қызығып таңдаған ақпаратының ізденісін дамыту арқылы жүзеге асыру.
Күн тәртібі:
1. №1педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.
2. Теориялық бөлім: «Жоба, жобалық қызмет түрлері» әдіскер Тасимова Н.К.
Практикалық бөлім:
«Еркін микрофон» ойыны.
Өткізілу барысы: педагогтар өздерінің көкейінде шешімін таппай жүрген ойымен бөлісіп ортаға салады.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті педагогтар! Сіздері №2 педагогикалық кеңесімізде жүздескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі педагогикалық кеңесіміз пайдалы ақпараттарға толы болады деп ойлаймын.
Ассоциация жаттығуы.
Ойынды кезекпен, шеңбер бойымен бастау керек.
Педагогтарға бір сөзді айтады, жанындағы көршісінің міндеті- ойына келген бірінші ассоциация сөзін тез айту. Оның сол жақ көршісі ассоциация сөзіне ассоциация береді. Нәтижесінде соңғы сөз қатты айтылады. Олар мүлдем басқа сөз болуы мүмкін.
Мысалы: Балабақша-бала-тәрбиеші-мектеп-кітап-...
Рахмет! Барлықтарыңызды жайғасуларыңызды сұраймын.
Педагогикалық кеңесіміз 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең «Түсіндіруші»
«Жоба, жобалық қызмет түрлері» презентация
Жобалық әрекет әдісі. Инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба- ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс –әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын бөлімнің іс –жүзінде пайдалануы. Жобалық әдісті қолданудың айрықша ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті – ойынға сүйену. Ойын арқылы проблемалық жағдаят енгізіледі, содан кейін балалар жобасының өзі жүзеге асырылады.
Жобалау технологиясының ерекшелігі
баланың алдағы -іс –әрекетті жобалай алуы ; балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы;
Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:
Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады; Балаларды, ата-аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады; Балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата –аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. Әрбір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады.
2-кезең «Жоба әдісінің білгірлері»
(ортаңғы, ересек топтары жұмыс тәжірибесінен)
3-кезең «Мәселені шешу» іскерлік ойындар.
«Менің қиялым» шығармашылық ойыны.
Мақсаты: Бірлесе жұмыс жасауға, ішкі ойын екінші адам ұғынып, түсініп жалғастыра білу.
Шарты: Әр педагог өз ойындағы суретін бастайды, ортасын, соңын басқа педагог жалғастырады. Салған суреттің нәтижесін айтады.
«Адам бейнесі» ойыны.
Шарты: жырту арқылы адам бейнесін жасау. Еш құралдың көмегінсіз орындау.
Бұл ойынның түйіні: Адам адаммен тең емес, ойлау қабілеттері, түсінігі әр түрлі. Әр педагогтың сабақ беру тәсілі де, кабылдауы, балаға жеткізу әдіс-тәсілдері де әр түрлі.
Тақырыптық бақылау «Мектеп жасына дейінгі балалармен ізденіс-танымдық және тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша жұмыс жағдайы» .
Рефлексия. Педагогтар алдарыңызда ағашты көріп тұрсыздар! Бүгін біздің ағашымыз түрлі-түсті түске орану үшін, сіздер өз қалауларыңызбен сары, жасыл, қызыл, көк түстердің ішінен бір түсті гүлді таңдап алып, бүгінгі пед.кеңесімізден қандай пайдалы ақпарат алдыңыздар немесе сіздерге ақпарат жеткіліксіз болды ма соны жазып өтсеңіздер.
Жасыл гүлдер - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Көк гүлдер - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Өмір сүруге және балаларға көмектесуге деген ұмтылысыңыз, тіпті ең ерекше.
Қызыл гүлдер- адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Сары гүлдер - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты,қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалайды.
Жұмысымызда шығармашылық табыстар тілеймін. Біздің балаларымыздың жылы күлкілері мен мейірімге толы көздері әрқашан жүрегіңізді қуанта берсін деп тілеймін!
№ 2 педагогикалық кеңестің шешімі:
1. Педагогикалық процесс бағыттарының бірі жоба әдісін білім беру кеңістігіне енгізуді жалғастыру (жауаптылар: әдіскер, тәрбиешілер, пән мұғалімдері. Мерзімі жыл бойы)
2. Жоба әдісі бойынша ортаңғы және ересек топтардағы жұмыс тәжірибелерін қорытып балабақша төңірегінде тарату. (жауаптылар: әдіскер, тәрбиешілер, пән мұғалімдері. Мерзімі үнемі.)
3. Мектеп жасына дейінгі балалармен ізденіс-танымдық және тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша жұмыс жағдайы бойынша жұмысты жандандыру, циклограммада көрсету. (жауаптылар: әдіскер, тәрбиешілер, пән мұғалімдері. Мерзімі үнемі.)