Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік және танымдылық дамуының көрсеткіші:
1 жастағы бала:
Өзінің есімін айтқанда қарайды;
«болмайды»деген сөздің мағынасын түсінеді;
Жеңіл нұсқауларды түсінеді,орындайды;
Жеңіл сөздерді айтады,қайталайды;
Жануарлардың дауысына еліктейді.басқа да дыбыстарды айтады;
Қолындағы затын сұрасаңыз береді;
Қуанған кезінде күледі;
Анасына деген ерекше сүйіспеншілігін білдіреді;
Сіздің өтінішіңіз бойынша ойыншықтарды қорапшаға салады;
Қарындашты ұстап қағазды шимайлайды;
2 жастағы бала:
Сіздің кітап оқып бергеніңізді ұнатады,суреттеріне назар аударады;
Өз есімін жақсы біледі және айтады;
«иә», «жоқ», «тағы» деген сөздерді айтады;
Өз өтінішін ишарамен ғана емес,сөйлеу арқылы жеткізеді;
Жеңіл,екі сөзден тұратын сөйлемдер айта бастайды,мысалы: «су ішем», «допты бер» т.б.
3 жастағы бала:
Сізге жиі сұрақтар қояды;
Екі,үш сөзден тұратын сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады;
Тәулік бөліктерін біледі;
Өзіне берілген сұрақтың мағынасын түсініп,дұрыс жауап беруге тырысады;
4 жастағы бала:
Күрделі сөйлемдерді айта бастайды;
Өзіне таныс,жас ерекшелігіне сай ертегілерді мазмұндай біледі;
Көп сұрақтар қоя бастайды, «кім?», «неге?» деген сөздерді орынды қолданады;
Айтқан өтініштер мен нұсқаулықтарды орындайды,қажетті заттың қай жерде екенін
5 жастағы бала:
Өзінің мекенжайын біледі;
Үш,төрт сөзден тұратын сөйлемді айта алады;
Өз ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алады;
Өзгенің емес,өзінің оң,сол жағын ажырата біледі;
Жеңіл антонимдерді қолдана біледі (үлкен – кішкентай);
Әр заттың қажеттілігін және неден жасалғанын біледі;
Әңгімелей және мазмұндай біледі;
Барлық дене мүшелерін біледі;
Суретті салады,қажетті түске бояу әдісін меңгерген,штрихтайды;
Кеңістікті бағдарлай біледі;
Қоршаған орта туралы түсінігі қалыптасқан;
6 жастағы бала:
Өзі туралы толық ақпаратқа ие(мекенжайы,аты – жөні,отбасы)
Сөздерді байланыстырып айта біледі;
Диалог түрінде өз құрдастарымен және үлкен адаммен еркін сөйлесе біледі;
Тыңдаған мәтінді,ертегіні мазмұндау әдісін меңгерген;
Өз қалауын түсіндіре біледі;
Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым нормаларын орындайды(электр құралдарын сақтықпен қолдануды,қабаған итке жоламауды,бөгде адаммен сөйлеспеуді);
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтай біледі;