Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ойынның жетекші –іс-әрекет ретіндегі маңызы" кеңес. Тәрбиеші Маханова Г.М.

Ойынның жетекші  –іс-әрекет ретіндегі маңызы

Құрметті ата-аналар! Бала үшін ойын – тек қана көңіл көтеру үшін емес, ол-  оқу, даму және таным көзі. Бала ойнау арқылы: қоршаған ортаны таниды, тіл байлығы дамиды; қимыл-қозғалысы жетіледі; шығармашылығы қалыптасады; әлеуметтік дағдыларды меңгереді.

Сондықтан да ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың жетекші іс-әрекеті болып есептеледі. Үйде қарапайым заттармен (қарақұмық, манка ұнтағымен, суреттер) ойнай отырып, сіз балаңыздың дамуына үлкен үлес қосасыз.

 

«Жасырулы әріптер мен пішіндер» ойыны

Мақсаты: саусақ моторикасын, зейінді, тактильдік сезімді дамыту.

Қажетті құралдар: қарақұмық, ыдыс, әріп немесе пішіндер (картоннан қиып жасаңыз)

Шарты: Ата-ана ыдысқа қарақұмықты салып, ішіне әріптер немесе пішіндер жасырады. Бала қолымен ішінен табуы тиіс, ата-ана не тапқанын сұрайды. «Қандай әріп тапттың?», «Ол қандай түсті?» сөйлем құрастыру, сөзді буынға бөлу.

«Манка ұнтағы үстіне сурет сал» ойыны.

Мақсаты: саусақ бұлшық еттерін дамыту, жазуға дайындау.

Қажетті құралдар; манка ұнтағы, үлкен табақ немесе қалың науа.

Манка ұнтағын жұқалап ыдысқа төгіңіз.Бала саусағымен әріп, сан,күн, бұлт, үй, гүл т.б.салып көрсін. Ата-ана бағыт береді. «Күннің суретін сал», «Үшбұрыш салып көр» т.б.

«Артық суретті тап» ойыны

Мақсаты: логикалық ойлау,сөздік қорын дамыту.

Қажетті құралдар: Түрлі тақырыптағы 4-5 сурет (алма, банан, сәбіз, көк көйлек)

Шарты: Бала суреттерге қарап артық затты табуы тиіс және неліктен артық екенін түсіндіреді.

«Айқас қимыл» ойыны

Ойын шарты: оң қолмен сол құлақты, сол қолмен оң тізені ұстау, алмастырып қайталау.

«Жануарларды тап» ойыны

Ойын шарты: балаларға түрлі-түсті қағаздар беріледі. Қағазды бүктеу арқылы аң-құстар жасалады. Балалар сол жануаларға ат қойып, мінезі сипаттап береді.

 

             

                       


Текст