«Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын байыту әдістері» тақырыбында семинар-практикум қазақ тілі мұғалімі Зархум Т.

Тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту жолдары»

Мақсаты: балалардың жаңа сөздерді түсінуіне,есте сақтауына және кұнделікті қарым-қатынасты  белсенді қолдануына жағдай жасау.                     

 Міндеті: жаңа сөздермен таныстыру; сөз мағынасын түсіндіру; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Педагог сөзі:

Баланың тілін дамытудың негізі – сөздік қорын байыту. Сондықтан бүгін балаларға жаңа сөздерді меңгертудің тиімді әдістеріне

тоқталамын.          

Негізгі мақсатым – жаңа сөздерді баланың түсініп қана қоймай, күнделікті қарым-қатынаста белсенді қолдануына жағдай жасау.Баланың сөздік қоры пассивті және белсенді болып бөлінеді. Педагогтің міндеті – түсініп тұрған сөздерді баланың белсенді сөйлеуіне енгізу.

Сөз үйретуде көрнекілік, сұрақ-жауап, қайталау, әңгімелесу және практикалық әдістерді қолданамын. Бұл әдістер баланың сөзді түсініп, сөйлеуде қолдануына мүмкіндік береді. Ойын – мектепке дейінгі бала үшін ең тиімді әдістердің бірі. Дидактикалық ойындар арқылы бала жаңа сөздерді қызығушылықпен меңгеріп, сөйлемде қолданады.

Баланың сөздік қоры. 

Сөздік қордың екі түрі:

Пассивті сөздік қор - бала сөзді түсінеді, бірақ сөйлеуде сирек қолданады.

 Белсенді сөздік қор - бала сөзді өз ойын жеткізу кезінде еркін қолданады.

Педагогтің міндеті: Пассивті сөздерді біртіндеп белсенді сөздік  қорға айналдыру.

Тиімді формула: Есту ,түсіну, қайтала , қолдану, еркін сөйлеу.

 Ойын – мектепке дейінгі бала үшін ең тиімді әдістердің бірі. Дидактикалық ойындар арқылы бала жаңа сөздерді қызығушылықпен меңгеріп, сөйлемде қолданады.

«Сұрақ-жауап» ойыны  

Шарты: Педагог балаларға сюжетті суреттерді кезекпен көрсетеді.Балалар суреттегі баланың көңіл күйіне, іс әрекетіне назар аударады.Бала суретке қарап, себебін толық сөйлеммен айтып, жауап береді.

 «Сурет ретімен орналастыр»

Шарты:балалар қараңдаршы, суреттердің бәрі араласып кетіпті. Әділдің бір күнін дұрыс құрастыру үшін суреттерді ретімен орналастыруымыз керек.Сурет бойынша 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады.     «Мнемокесте арқылы тақпақты жаттаймыз» ойыны

Шарты: Педагог балаларға тақпақтың әр жолына сәйкес суреттерден құралған мнемокестені көрсетеді.Содан кейін тақпақты бір жолдан оқиды, балалар сол жолға сәйкес сурет белгілерге қарап қайталайды. Кейін педагогтың көмегінсіз балалар мнемокестеге қарап тақпақты толық айтып шығады.

Күтілетін нәтиже:

Нәтижесінде бала жаңа сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркесі мен сөйлем құрайды, сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойын байланыстырып жеткізе алады.

Қорытынды: Қорыта айтқанда, сөздік қорды байыту – сөзді жаттатудан емес, оны баланың күнделікті әрекеті мен қарым-қатынасына енгізуден басталады. Басты мақсатымыз – баланың сөзді еркін сөйлеуде қолдануына жағдай жасау.

Қосымшалар: