"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сиқырлы жаңа жыл" жаңа жылжық ертеңгілік, тәрбиеші Шокумова А.М.

25.12.2020

Тақырыбы: «Сиқырлы жаңа жыл»

Күні: 24. 12. 2019.

Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру, жаңа жылға деген ұғымды қалыптастыру, өз өнерлерін көрсету арқылы балаларды шығармашылыққа, адамгершілікке, өз-өздерін мәдениетті жағынан көрсете білуге тәрбиелеу.

        Зал әсемделіп, безендірілген. Ортада әсемделген шырша тұр. Шырша шамдары жарқырап тұр.  Осы кезде музыка әуенімен мысық келіп, шырша шамдарын өшіріп кетеді.

Мысық: мияу, мияу мына жерден тышқандарды көрмедіңіздер ме?  Қарнымның ашып тұрғаны-ай, мені ешкім жаңа жылға  шақырмады, сондықтан мен шырша шамдарын өшіріп тастадым. Ешкім айтпасын менің шырша шамдарын өшіргенімді. Ешкім көріп қоймай тұрғанда мен кетейін мияу, мияу.

                (музыка әуенімен балалар қаршықтармен  кіреді)

Жүргізуші:

Сәлем бердік баршаға

Құттықтаймыз жар сала

Бүгін бізде жаңа жыл

Қош келіпсіз шыршаға.

Жаңа жылда көңілді

 Шырқалады әніміз,

Төгіледі жырымыз.

Ата-аналар сіздерді,

Балабақша ұжымы,

Құттықтаймыз бәріміз,- дей отыра «Бөбек» ортаңғы  тобының Сиқырлы жаңа жыл атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар, ортада әсемделіп безендірілген шыршамыз тұр. Бірақ, шыршамыз мұңайып тұр. Себебі, шамдары жанбай тұр. Шыршамызды көңілдендіріп, шамдарын жағу үшін сиқышы батырларымызға айтайық.

Сиқыршылар: Жаңа жыл құтты болсын.3 рет. Үрлейді.

Жүргізуші:

Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Думандатып асыр сап,

Дөңгеленіп билейік,- деп ханзада мен ханшайымдарымыздың әдемі биін тамашалайық.

Би: «Ханзадалар мен ханшайымдар»

Жүргізуші:

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық бәріміз,

Жаңа жылды бастайық,

Жырдан шашу шашайық,- деп, балалардың өлең шумақтарына берейік.

Тақпақтар: Ерали, Алихан, Таир, Дина, Раушан, Мия, Абзал, Жақсылық, Нурали.

Жүргізуші:

Бүгін біз көңілдіміз,

Тышқан жылын қарсы алып,

Мерекеге келгендерге,

Құттықтаймыз ән салып,-деп, балалардың жаңа жылға арналған әнін тамашалаңыздар.

Ән: «Шырша тауда толып тұр»

Жүргізуші:

Ұлдарымыз керемет,

Саусағынан бал тамған.

Билегенде жан салмас,

Ешкімнен де қалыспас,

Жанып тұрған көздері,

Әп- әдемі өздері,-деп биші ұлдарымызды шақырамыз.

Би: «Ковбой»

Жүргізуші:

Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан дала нұр,

Балаларды сағынып,

Келді міне жаңа жыл.

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы,

Дастарханыма елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы!!! Жаңа жылды қарсы алайық.

             (музыка әуенімен тышқан кіреді)

Тышқан: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы уақытты көп күттім. Сендерге келгеніме қуанып тұрмын. Жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші:

Тышқан неге осынша шаршап тұрсыз? Біздің балалар өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Сіз де біздің қонағымыз болыңыз.

Тышқан: Мен осы жаққа келе жатқанымда артымнан мысық қуып келе жатқан. Әйтеуір, құтылып қашып келдім. Мен де сіздерге құр қол келмедім, ойын әкелдім.

Ойын: «тышқанмен»

Тышқан: Өте керемет, ендеше мен тығыла тұрайын,-деп шығып кетеді.

Жүргізуші:

Біздің топта тағы да,

Бар сиқыршы балалар,

Өнерлерін көргенде,

Тамсанады бәрі де,- деп сиқыршы ұлдарымызды шақырамыз.

Би: «Сиқыршылар»

Жүргізуші:

Балалар, Аяз атамыз кешігіп жатыр, мүмкін шақырып көреміз.

Балалар: Аяз атаны шақырады. Бірақ, мысық келеді.

Мысық: Мяу, мяу, өздері сондай әдемі, мына шыршаның шамдарын кім жағып қойды? Мені неге мерекелеріңізге шақырмайсыздар? Аттен, шақырғанда ғой жап-жаңа шубамды киіп келер едім, мяу. Мен таныс бір иіс сезіп тұрмын. Балалар, айтыңдаршы сендер осы жерден тышқанды көрмедіңдер ме? (жан-жағын иіскейді)

Жүргізуші:

Мысық, сен олай ашуланба, біз барлығын мерекеге шақырдық. Жаңа жылда ешкім де ұрыспау керек, ренжімеу керек. Бір-бірінен кешірім сұрау керек. Сен де бүгін тышқанмен татулас. Себебі, биыл бізге келген жаңа жыл тышқан жылы.

Мысық:Мяу, мяу, солай ма? Жақсы татуласамын. Мен балаларды ренжітіп алдым ғой деймін, көңілдеріңді көтеру үшін ойын ойнаймын, тышқанмен татуласамын.

                        (музыка әуенімен тышқан шығады)

Тышқан мен мысық татуласып би билейді, екеуі ойын ойнатады.

Ойын: «мысықпен»

Мысық:ойындарыңа рахмет, мен өзім ренжітіп қойған басқа да балалардан кешірім сұрап, көңілдерін көтеріп келейін, сау болыңдар.

                                          (мысық шығып кетеді)

Жүргізуші:

Балалар, тағы да Аяз атамыз бен немере қызын шақырайық.

Балалар: Аяз атаны шақырады.

Аяз ата:

Естіп жатырмын, естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын.

Амансың ба, ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым.

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, жаңа жылдарыңмен.

Жүргізуші:

Төрлетіңіздер. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Кел, балалар тақпақты,

Тақылдатып айтайық.

Аяз-ата таң қалсын,

Сыйлық алып қайтайық,- деп өлең шумақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар: Айзере, Тамирлан, Дария, Ельдар, Айзада, Мұрат, Динмухаммед, Нұрдәулет, Айару.

Аяз ата: Жарайсыңдар, мен бір ойын әкелдім.

Ойын: «Үсіремін»

Шарты: музыка әуенімен билеп жүрген балаларды Аяз ата үсіремін дегенде қатып қалады. Екі топпен ойнайды.

Жүргізуші:

Ендігі кезекті қыздарымыздың үнді биіне берейік.

Би: «үнді»

Жүргізуші:

Аяз-ата, балаларымыз өнерлерін көрсетіп жатыр, сыйлықтарын беретін уақыт та келді.

Аяз ата:

Ееее, шырағым, мен биыл қартайдым. Жас кезімде иығыма көтеріп әкелуші едім, ондай күш қуат жоқ қазір. Сондықтан мен сыйлықтың еншісін тышқанға тапсырдым.

         

                      (осы кезде тышқан үнсіз басы салбырап кетеді)

 

Тышқан:

 Аяз ата мен барлық сыйлықты өзіме қалдырайын деп ойлағанмын. Бірақ ол ойымнан тез айныдым. Себебі, осындай балалардың өнерлеріне мен риза болып тұрмын. Сосын сыйлықтарды өзінің ініне тығып қойған жерінен алып шығады.

                                            (сыйлықтар таратылады)

 Жүргізуші:

Құрметті балабақша ұжымы, қонақтар, балалар, ата-аналар! Келіп жеткен тышқан жылы отбасымызға құт- береке әкелсін. Бөбек тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.                                        

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.12.2020 14:36
Құрылған күні: 25.12.2020 14:36

Текст