«Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктері»
«Психофизикалық тұрақты даму ерекшеліктері»
Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігіжәне оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау;
Баланың есте сақтау динамикасын анықтау ;
Баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.
Негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі баланың
отбасымен қарым-қатынас жасауға психологиялық
дайындығын қалыптастыру, психологиялық кедергілерді
жою
Әр маман өз саласы бойынша диагностикалық зерттеуінен кейін жеке түзету бағдарламасын құрады және бағдарлама баланың жеке психофизикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып әзірленеді. Балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандар тобы бар: педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, дәрігер,емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі.
Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді».
Психикалық ауытқуларды сипаттамасы
Визуалдық сабақ кестесін қолдану.
Оқыту тәсілі келесідей жүреді:
Прайминг – оқыту бұлда оқытудың бір түрі, баланы инклюзивті ортада күрделі проблемалық жағдайларда дайындау.
Психологияда прайминг дегеніміз –бір ынталандыруды енгізу адамдардың кейінгі ынталандыруға қалай әсер ететінін әдіс. Прайминг басқа ынталандыру немесе тапсырма енгізілместен бұрын жадтағы қауымдастықты немесе көріністі белсендіру арқылы жұмыс істейді.
Түзете-дамыту бағыты бойынша:
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігі сау балалардай емес, оқу бағдарламасын жай қабылдайды. Олардың интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеттері төмен болады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, өз ойларын айту жағдайына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды.
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, ақыл –ойын, есте сақтау қабілеттері
Түр – түсті ажырата білу
Он саусақ, саусақ жаттығулары
Саусақ ойыны, саусақтарға сипаттама
Суреттерде не жетіспейді?
Ұқсастығын тап? т.б.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының 1,2,3деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады.
- Сөз түсінгінің шектелуі;
-Сөз қорының, сөйлеу тілінің грамматикалық жағының артта қалуы;
-Дыбыстарды бұзып айту кемшіліктері;
- Фонематикалық есту қабілетінің дамымауы;
Балалардың сөйлеу тілін түсінуін дамытуға арналған әдістемелер. “Көңілді балақай” , «Қажет затты ата»,»Тыныс аламын, әндетемін», «Не жақ», «Қай ойыншық келді?»
Дефектолог : Жапабаева Л.К.