2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Талаптар тізілімінде берілген.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттардың дұрыстығын тексере отырып, тіркейді; көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда кезекке қою жөнінде кезектілік нөмірі көрсетілген хабарлама (ерікті түрде) беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Талаптар тізілімінің 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар жөнінде мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариалды бекітілген сенімхат бойынша оның өкілін), тиісті құжаттарды қабылдау жөнінде қолхатты көрсету негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын 30 минут бойы тексереді. Толық болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат түрінде жолданады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кезекке қою жөнінде кезектілік нөмірі көрсетілген хабарламаны (ерікті түрде) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылар:
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алады;
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабы 3-тармағына сәйкес "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштер есепке алуға жатады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағым корпорацияның интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жай бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Кезекке қою жөніндегі көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Көру қабілеті, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу қабілеті ауыр түрде бұзылған, тірек-қимыл аппараты, зияткерлік дамуы бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға (арнайы бөбекжай-бақшаларға, арнайы балабақшаларға) және мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға, денсаулығы нашарлаған балалардың барлық санаттарын біріктіретін арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға және мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға кезекке тұру "Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329) сәйкес елді мекеннің ішінде балалардың туған жылы бойынша әр туған жылы үшін жеке қалыптастырылады.
Туған жылдары бойынша кезектің ішіндегі кезек балаларда бар бұзылыстардың түрлері бойынша бөлінеді.
Санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекеннің ішінде балалардың туған жылы бойынша әр туған жылы үшін жеке оңалту/алдын алу түрлері бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына, "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 64-бабының 5-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;
2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;
3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде;
4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;
5) жолдама берілгенде;
6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;
7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады.
Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді, яғни (басымдығы бар өтініш (бірінші кезекте құқығы) жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады.
Бұл жағдайда өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге тексеру үшін тексерілетін құжаттардың түпнұсқаларын тіркеуге өтініш жіберген немесе қабылдауға жолдама алған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын олар ұсынылған сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей, яғни кезекке тұру тәртібімен растауы тиіс. Тек құжаттар расталғаннан кейін өтініш кезекте тіркеледі, өз кезектілігін алады, ал жолдама бойынша қабылдауға бөлінген кезеңді есептеу басталады және ол мектепке дейінгі ұйымға қолжетімді болады.
1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу;
2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау;
3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу;
4) кезектілікті басқару жүйесінде жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау және үшінші тұлғаларға бермеу мүмкіндігі беріледі.
1) кезекке қоюға өтінішті тіркейді (немесе тіркеуден бас тартады), өтінішті тоқтату парағына орналастырады, берілген жолдамалар бойынша мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан қабылдаудан бас тартуды қарастырады;
2) күн сайын мектепке дейінгі ұйымдардан жас тобы көрсетілген бос орындардың пайда болуы туралы ақпаратты қабылдайды;
3) күн сайын сағат 18:00-де (он сегізде) мамандандырылған интернет-ресурста босаған орындар бюллетенін жариялайды (регламенттік уақыт көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік актісімен өзгертілуі мүмкін);
4) күн сайын таңғы сағат 07:00-де (жетіде) ұсынады (регламенттік уақыт көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік актісімен өзгертілуі мүмкін, алайда күнделікті сағат 23:59-дан кешіктірілмеуі тиіс), бірінші өтініш берушілер (барлығына бір уақытта) үшін ғана шектеулі мерзімге - 3 (үш) жұмыс күніне жолдама алуға басым қолжетімділікті ашады;
5) өтініш берушілерге өздері таңдаған мектепке дейінгі ұйымға бару үшін электрондық жолдама алуға мүмкіндік береді;
6) ерте брондалған орын белгіленген мерзімнен ерте босатылса, оның мәртебесін автоматты түрде бос орын мәртебесіне өзгертеді;
7) жинақталатын мәліметтерді рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық өтініштер тізіліміне, барлық жолдамалар тізіліміне, босаған орындар бюллетеньдерінің тізіліміне блокчейн технологиясы қолданылады;
8) мамандандырылған интернет-ресурста өтініштер туралы ақпаратты жариялайды және белсендіреді;
9) 6 (алты) жасқа толған баланың өтінішін (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа) кезектен алып тастайды және оны барынша мүмкін болатын жасқа жетуіне байланысты архивке орналастырады;
10) 3 (үш) күннен кейін бөлуден қалған бос орындарды кезектегі бірінші 1000 (бір мың) өтініш берушілер үшін ашады.
25. Мектепке дейінгі ұйымдарға:
1) ішкі қажеттіліктерге байланысты міндетті түрде себептерін (күрделі жөндеу, карантин, мемлекеттік тапсырыстың күшінің жойылуы, жабылу) көрсете отырып, бұрын бюллетеньде жарияланған, оның ішінде ерте брондалған бос орындарды және уақытша болатын бос орындарды қайтару;
2) өтініш берушіге хабарлама жібере отырып және өтінішті кезекке қайтару арқылы кері қайтарылған бос орындарға берілген жолдаманың күшін жою;
3) бос орындар бюллетенінде ерте брондау орындарын жариялау (мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарға);
4) бос орындар бюллетенінде баланың мектепке дейінгі ұйымнан шығарылу мерзімін көрсете отырып, уақытша болу мерзімінің өтуіне байланысты уақытша болу орындарын жариялау, сонымен бірге уақытша болуға жолдама алған баланың кезегін сақтау мүмкіндігі беріледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімінде берілген.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының біреуі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған келісім шарт негізінде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын 30 минут бойы тексереді. Толық болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат тұрінде жолданады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші электронды сұранымды толтырады және құжаттардың электронды көшірмелерін тіркейді; электронды сұранымды өңдегеннен (тексергеннен, тіркеуден) кейін көрсетілетін қызметті алушыға электронды сұранымның мәртебесі, балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды құжат түріндегі балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін – баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.11.2022 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Көрсетілетін қызметті беруші келесі себептермен баланы қабылдамайды:
1) өтініш беруші келісім шарт жасау үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған немесе құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кетсе (баланың денсаулық паспорты және келісім шарт жасалған күннен 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынбауы);
2) талап етілген құжаттарға сәйкес балада мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін медициналық қарсы көрсетілімдері болса;
3) растайтын құжаттарды ұсынуда өзге де себептердің болуына байланысты.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Шағым көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.