«Баламен қалай сөйлесеміз?» кеңес
Сөйлеу тілі баланың барлық қабілетінің: қарым- қатынасқа түсу, тану, білу, меңгеру, танымдық-зерделеу және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Бұл байланысты орнатуда баланың сөйлеу тілінің дамуының өзекті мәселесін шешуде мектепке дейінгі ұйым педагогының әрекеті маңызды. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеті –әр жас кезеңіне сәйкес қалыпты жағдайдағы сөйлеу тілінің дамуы мен ерекшелігін және коммуникативті қабілетін білу керек. Ерте жас кезеңі – баланың барлық психикалық процестерінің дамуының маңызды кезеңі болып табылады, әсіресе сөйлеу қабілеті дамуында. Баланың сөйлеу тілін дамыту ересектермен тығыз байланыс орнатудың нәтижесінде жүзеге асады. Айта кететін жағдай баланың сөйлеу тілі туа салысымен орындалатын құбылыс емес. Ол баланың физикалық-дене және ақыл-ой дамуы процесімен бірге дамиды және жалпы дамудың көрсеткіші болады. Баламен үнемі сөйлесу керек. Сөйлесудің, сөйлеу арқылы қатынасқа түсудің болмауы баланы шаршатып, мазасыз күйге әкеледі. Бала ашуланшақ болып, өзінің көңіл-күйін айқайлау, жылау арқылы білдіреді.
Ерте жастаға баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатында қолданылатын ойын түрлері мен жұмыстары:
-балаларға арналған өлең-шумақтар, тақпақтар, желілі-рөлді ойындар, дыбысты еліктеу арқылы айту ойыны.Бұл ойындар мен жұмыстарды орындау барысында ересектердің сөйлеу тілі, балаға сөзді қимыл-қозғалыс негізінде қабылдап, оны қайталап айтып, сөзді естуімен ерекшеленеді.
-Желілі-рөлді, қимылды-бейнелі ойындарды ойнау барысында,баланың ересектермен эмоционалдық байланысы орнайды. Ойынды ойнау барысында бала ойынды өзі, өз еркімен ойнауды бастайды.
-Дыбысты еліктеу арқылы қайталап айту ойындарында баланың фонематикалық есту қабілеті дамып,белгілі бір дыбысты анық айтуға дайындайды.
-Желілі-рөлді ойыншықтармен, белгілі кейіпкерлері бар ойыншықтармен ойнау баланың диалог құруына және сөздік қорының молаюына әсер етеді.
ертегі айту, әңгіме, тақпақтар, жырларды, жаттау
-Балалар әдебиетінің иллюстративті (мазмұнды) суреттерінің құрылымын қарау, талқылау.
-Заттық және мазмұндық суреттермен ойын іс-әрекеттерін жүргізу.
-Суреттерді ересектермен қарау барысында балалар, сурет мазмұнымен киіпкерлердің атауымен танысып, қайталап айтып еске түсіреді.
Балаларға суретпен жұмысты ұйымдастырудың маңызды себебі – бала заттың атауын бейнесімен салыстырады және сәйкестендіре отырып, есте сақтайды.
-Жеңіл жұмбақтар жасыру.
-Баланың ұсақ-қол моторикасын дамытуға бағытталған ойындарын өлең шумақтары арқылы қолдың басы және саусақ қимылымен бірге орындауға болады. Қол және саусақ жаттығуларын жасау, баланың физиологиялық сөйлеу тілінің даму негізін құрайды.
Барлық аталған ойындар мен жаттығулар баланың сөйлеу тілінің дамуын жүзеге асырады.
Ерте жастағы баланың есеюі барысында сөйлеу тілінде үлкен өзгерістер орын алады. Диалогтық сөйлеу тілінен монологтық сөйлеу тіліне ауысады.
Сөйлеу қабілеті – бұл барлық әрекеттің жүзеге асуының негізгі құрамдас бөлігі және алғашқы шарты болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымда баланың сөйлеу тілін белсенді дамыту тек қана арнайы дайындалған оқу қызметінде ғана емес, басқа күн тәртібі кезінде, баланың балабақша ішінде болған барлық уақытында жүзеге асуы керек. Бала күнделікті таңертең балабақшаға келгенде топта баламен күнделікті тұрмыста орын алатын жағдайлар туралы әңгімелесуге болады. Балалар өздерінің жасаған әрекетін, өздерінің белсенді сәттерін, өздеріне қызықты болған жағдайларды белсенді айтуға тырысады. Серуенге шығу баланың эмоционалдық жай-күйінің және сөйлеу тілінің белсенділігін тудырады. Баламен серуенге шығу кезінде және басқа күн тәртібіндеі бос уақытта түрлі ойындар ойнау арқылы баланың сөздік қорының кеңеюіне көмегін тигізеді.
Ата – аналарға арналған баланың сөйлеу тілін дамытуда тиімді әсер ететін кеңестермен бөлісейік:
Бала туа салысымен, онымен эмоционалдық қарым – қатынас орнату керек.
Балаға басқа балалармен, құрдастарымен сөйлеу арқылы қарым – қатынасқа түсуге жағдай жасау керек.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту – баланың сөйлеу тілінің дамуына оң әсер етеді.
Бала мен ересек адамның (ата – ананың) бірлескен ойындары, сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдісі саналады.
Балаларға арналған көркем-әдеби шығармаларды, балалар әдебиетін оқып беру, тақпақ, өлең – шумақтарын жатқа айтқызу.
Баланың ортаға деген барлық қызығушылықтарын қанағаттандыру, «Неге?» деген сұраққа балаға үнемі жауап қайтару.
Баламен бірге табиғатқа серуендеу, саяхатқа шығу .
Психолог Идрисова Қарлығаш Ғомарқызы