"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалар кітабы» ойын іс-әрекеті. Кеңес. Қазақ тілі мұғалімі Зархум Таня.

Тақырыбы: «Балалар кітабы»

Мақсаты: ата-аналарға балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығымен таныстыру және дұрыс кітап таңдауға көмектесу.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы «Балалар кітабы». Бүгін сіздермен кітапты дұрыс таңдау жолдарын қарастырамыз. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, кітаптың маңыздылығы туралы айтып өтемін. Балалардың кітап оқу арқылы, көкжиегі кеңейеді, сөздік қоры молаяды, қиялы дамиды. Кітап оқу баланы эмоциялық жағынан байытады және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Балаға жас ерекшеліктеріне қарай кітап таңдай білу керек.

Мысалы: 1-3жастағы балаға: суреттерге бай, көлемі үлкен, қарапайым мәтінді ертегі кітаптар «Ою түрлері»,  «Жалқау мысық», Аңқау қасқыр» т.б.

Ал 3-4 жастағы балаларға қысқа әңгімелер мен ертегілер, өлеңдер оқып беруге болады. Ертегілер: «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан», «Алтын балта», «Ер төстік» т.б. Өлеңдер: Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған «Күз келді»,«Ана тілі». Әңгімелер: Бердібек Соқпақбаев-балалар әдебиетінің атасы, есімі әлемге танылған «Балалық шаққа саяхат», «Ергежейлер елі» сынды бір қатар қызықты әңгімесі балалардың қызығушылығын арттырады.

Келесі 5жастағы балаларға ұлттық құндылықтарға, достық пен отбасына арналған кітаптар қызықты. «Ұлттық ойындар», «Екі дос» т.б

Құрметті ата-аналар, сіздерді балалар кітабына арналған қызықты ойындарды ойнауға шақырамын.

 «Бұл ою қандай бейнені көрсетеді» ойыны

Шарты: балалар суретке қарап отырып, ою нені бейнелейтінін тауып және сол арқылы оюдың түрлерімен танысады. Егер бала оюды білмей жатса, көлеңкесіне қарап жапсыруға болады. Баланың логикасы дамиды. Есте сақтау қабілеттері артады.

«Үстел үсті асық» ойыны

Шарты: Алдымызда үстел асығы берілген, текшені иіріп, асық түсі бойынша ұяшықты ашсаңыздар, ұлтық бұйым, заттар шығады, тауын айтып, сөйлем құраймыз.

Баланың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін бірге кітап оқыңыз, оқығаннан кейін әңгімені талқылаңыз. Әрдайым кітапты қолжетімді жерге қойыңыз. Баланы кітап дүкеніне немесе кітапханаға бірге апарыңыз.

Оның өзі таңдаған кітапты оқуға деген ынтасы жоғары болады. Кітаптағы кейіпкерлерді бірге ойнап, олардың әрекеттерін еліктеп көрсетуге тырысыңыз.

Құрметті ата-аналар! Кітап оқу- бала дамуының негізі. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» демекші балаңызбен бірге кітап әлеміне саяхат жасау арқылы, оның болашағына үлкен үлес қосасыз. Кітап оқу әдетін үнемі назарда ұстайық.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бұл ою қандай бейнені көрсетеді» ойыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үстел үсті асық» ойыны

Жаңартылған күні: 13.01.2025 11:41
Құрылған күні: 13.01.2025 11:41

Текст