"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Ананың балаға деген махаббаты». "Біз мектепке барамыз" ата- аналар мектебі.

Тақырыбы: «Ананың балаға деген махаббаты»

Тренинг: «Орныңды ауыстыр» психолог Идрисова Қ.Ғ

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Осындай көтерінкі көңіл-күймен жиналсымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ата-анамен балабақша арасындағы сабақтастықты пайдалана отырып , ананың балаға деген махаббаты атты видиоролигімізге назар аударыңыздар. Видео-ролик: «Ана мен бала» Бабатаева Ж. Ал, енді құрметті ата-аналар, сіздерге дайындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар. Бейнетаспа арқылы ситуациялық сұрақтар бар,соларға жауап берулеріңізді сұраймыз. Сұрақ-жауап: Сағынтаева Х.Ж

  1. Демалыс күнінде отбасы жақсы көңіл-күймен оянып, ата-ана уақытын балаларына арнайды. Түскі уақытта анасының дәмді қылып жасалған түскі асты балалары ішпей қойды. Сіздің әс-әрекетіңіз?
  2. Күнделікті балабақшаға келіп жүрген бала бір күннен кенеттен балабақшаға бармаймын дейді. Сіздің қолданар әдіс-тәсіліңіз?
  3. Таңертеңгі уақытта балаңызды әдеттегідей бақшаға әкелдіңіз,   шешіндіріп топқа жіберейін десеңіз, «топқа кірмеймін сотка бер» деп шарт қойды. Сіз жұмысқа қатты асығып тұрсыз. Сіздің әрекетіңіз?
  4. Күнделікті кешке уақытты отбасыңызбен әдеттегідей өткізіп жатырсыз. Кешкі астан кейін ыдыстарды жуып, бақшаға-мектепке баратын балаларыңыздың киімін, заттарын дайындадыңыз. Сонымен түңгі сағат 23.00 болды. Енді ұйықтауға жатайын дегенде бақшадағы баласы: «Тақпақ жаттайық» деді. Сіздің қолданар тәсіліңіз? Жақсы, рақмет! Ал енді келесі кезекті ойынға берейік!
  5.  1-ойын: «Сиқырлы жарық» Калиева А.М
  6. 2-ойын: «Мен және менің балам»

Қорытынды: «Ананың балаға деген махаббаты» деген жиналысымызды қорытындылай келе, ағашқа жүрекшені жабыстыру арқылы, балаңызға қандай тәжірибе қолдана алатыныңызды бір сөзбен жазыңыз. Осымен, құрметті ата-аналар бүгінгі «Біз мектепке барамыз» ата-аналар клубына келгендеріңізге үлкен рақмет! Осындай жиналысқа қатымсып, өз көкейлеріңізде жүрген сұрақтармен, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар, бізде қуанып қаламыз. Сіздерге рақмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 04.05.2023 12:56
Құрылған күні: 04.05.2023 12:56

Текст