«Сюжетті-рөлдік ойындардың бала дамуындағы маңызы»
Сюжетті-рөлдік ойындар-бұл баланың қиялын, шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік дағдыларын дамытатын, әрі психологиялық дамуына әсер ететін ойын түрі.
Сюжетті-рөлдік ойындар дегеніміз не? ⃰ Сюжетті-рөлдік ойындар –балалардың әртүрлі рөлдерді орындап, жағдайларды елестету арқылы жүзеге асыратын ойындар.
⃰ Балалар өздерінің ойында фантазиялық әлемдер құрып, рөлдер арқылы өмірді имитациялайды.
Сюжетті-рөлдік ойын арқылы бала неге үйренеді?
Шығармашыл тұлға болып қалыптасуға; |
|
өздігінен ерікті жұмыс істеуге; |
|
Өзара сыйластыққа ; |
Сөздік қоры молайып, тілі дамиды; |
|
Өзін-өзі бағалауға |
Сюжетті-рөлдік ойын түрлері
|
Кәсіби |
|
Отбасылық |
|
Әлеуметтік |
|
• автомеханик • визажист |
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
Қазіргі кезде балалар ересектерден барған сайын алшақтай түсуде. Кейбір балалар ересектердің қызметін көрмейді, түсінбейді. Сондықтан біздің, педагогтардың алдымызда балаларды сюжетті-рөлдік ойындарды дұрыс ойнауға үйрету деген жауапты міндет тұр. Сюжетті-рөлдік ойын ынтымақтастыққа үйретеді, басқалардың сезімін түсінуге, өз сезімін білдіруге,
ережелерді құруға және оларды сақтауға дағдыландырады, қиял мен шығармашылық ойлауды дамытады.
Алайда ойын-бұл туа біткен емес, игерілген дағды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен
«Мамандықтар» тақырыбы бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастыруға болады.
Виртуалды экскурсиялар:
*ұялы байланыс салонына виртуалды экскурсия;
*супермаркетке виртуалды экскурсия; *косметолог кабинетіне виртуалды экскурсия; *автосервиске виртуалды экскурсия т.б.
Сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру жолдары
*ойын тақырыбын таңдау;
*қажетті құрал-жабдықтарды дайындау
(ойыншықтар, киімдер т.б);
*балаларды рөлдерге бөлу (әр балаға рөлдерді анықтап беру немесе оларды өздеріне таңдап алуға мүмкіндік жасау);
*ойынды бастап, дамыту (ойынның мақсаты мен ережесін түсіндіру);
*көмек көрсету және бақылау;
*ойынның аяқталуы және талқылау.
Сюжетті-рөлдік ойындар баланың жанжақты дамуына ықпал етеді: әлеуметтік, танымдық және эмоциялық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындар баланы болашақта жауапты, шығармашыл және бейімделгіш тұлға ретінде қалыптастырады.
«Ойын-баланың өз әлемін зерттеуі» деп кеңесімді аяқтаймын.
Назарларыңызға рақмет!!!