Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Моториканы, зейінді, есте сақтауды, ойлауды дамытуға арналған жаттығулар. Дефектолог Тасимова Н.К.

Тақырыбы: «Моториканы, зейінді, есте сақтауды, ойлауды дамытуға арналған жаттығулар.

Балабақшада балалардың ұсақ және ірі моторикасын, зейінін, есте сақтауын және ойлау қабілетін дамыту - баланың жалпы танымдық дамуының негізгі бөлігі.

 1. Ұсақ моториканы дамыту

Ұсақ моторикалар бұл жүйке, бұлшықет және қаңқа жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің жиынтығы. Қол қозғалысы балаларға өзін өзі күту дағдыларын дамытудың негізі.

Мақсаты: Саусақ бұлшықеттерін шынықтырып, жазуға дайындық.

Жаттығулар:

•«Мүсіндеушілер» – ермексаздан жемістер, жануарлар жасау.

•«Моншақ теру» – үлкен моншақтарды жіпке тізу.

•«Қыстырғыштар әлемі» – киім қыстырғыштарын түрлі түстерге бөліп, карточкаларға қыстыру.

«Саусақ гимнастикасы»

•Бір саусақпен әріптерді немесе суреттерді көрсету.

•«Бір үйде бес бала тұрады…» сияқты саусақ ойынын айту.

2. Зейінді дамыту

Мақсаты: бала назарын тұрақтандыру, шоғырландыру.

Жаттығулар:

•«Не өзгерді?» – үстелге бірнеше ойыншық қойып, біреуін алып тастау. Балалар қайсысы жоғалғанын табады.

•«Құлақ түр!» – тәрбиеші түрлі дыбыс шығарады (қоңырау, қағазды жырту, шапалақ), бала қандай дыбыс екенін табады.

•«Түстер мен пішіндер» – карточкалардан айтылған түсті немесе пішінді тез көрсету.

•«Суретті табу» – ұқсас суреттер арасынан айырмашылықтарды табу.

3. Есте сақтауды дамыту

Мақсаты: ақпаратты есте сақтау және қайта жаңғырту қабілетін жетілдіру.

Жаттығулар:

•«3 сөз» – тәрбиеші үш сөз айтады (мысалы: алма, кітап, мысық), бала оларды есте сақтап, қайталайды. Кейін сөздер саны көбейтіледі.

•«Есте сақта және сал» – сурет көрсетіп, оны жасырып, бала еске сақтағанын суреттейді.

•«Кім не істеді?» – әр бала бір қимыл жасайды, кейін бәрін ретімен еске түсіру.

4. Ойлауды дамыту

Мақсаты: логикалық және шығармашылық ойлауды қалыптастыру.

Жаттығулар:

•«Артық затты тап» – төрт суреттің ішінен артық затты табу (мысалы: алма, алмұрт, банан, орындық).

•        «Себеп-салдар» – тәрбиеші жағдайды айтады, бала себебін немесе салдарын табады:

«Неге жер дымқыл?» — «Жаңбыр жауды!»

•«Қиық суреттер» – қиылған бөліктерден суретті құрастыру.

•«Сиқырлы дорба» – дорбаның ішінен қолмен сипап, заттың не екенін табу.

5. Кешенді ойындар

•«Түсті кубиктермен үй сал» – моторика (құрастыру), ойлау (жоспарлау), зейін (түстерге назар) дамиды.

•«Қозғал да, тоқта!» – музыка ойналғанда билейді, тоқтағанда қатып қалады (зейін, өзін-өзі бақылау).

•«Суретті жалғастыр» – тәрбиеші бастайды, бала өз ойымен толықтырады (шығармашылық, логика).


Текст