Оқу қызметі: Логопедия. Дефектология
Тақырыбы:"Біз Отанды қорғаймыз" (кіріктірілген сабақ)
Мақсаты:Балаларды анық сөйлеуге үйрету. Сөз арқылы байланысты дамыту. Қабылдауды, есту арқылы дыбыстарды ажырату, қабілеттерін қалыптастыру. Қозғалыстағы қарқын мен ырғақ сезімін тәрбиелеу;
тыныс алуды, сенсо-моторлық функцияларды дамыту.Тепе-теңдік, дұрыс қалып, жүру сезімін тәрбиелеу .Жалпы қозғалыстардың үйлестірілуін, бет әлпетінің бұлшық еттерінің моторикасын дамыту.
Ырғақ сезімін, музыкада, қимылда және сөйлеуде ырғақты мәнерлікті сезіну қабілетін дамыту; патриоттық сезімдерін қалыптастыру,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Түзету-дамыту :Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету, дыбысты сөзде,сөйлеу барысында анық айтуға үйрету.
Құрал-жабдықтар: автомат, зеңбірек, мылтық, барабан, ұшақ суреттері, жасыл, қызыл, сары жалаушалар, экран, АКҚ, үлестірме материалдар.
Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, арттерапия.
Іс-әрекет кезеңдері |
Логопедиялық, дефектологиялық іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Логопед: Құрметті Капитан! Біз сіздің шақыруыңызбен әскери дайындыққа келдік. Біз дайынбыз! Дефектолог: Құрметті балалар! Мен капитанмын. Теңізшілер, барлаушылар, шекарашылар келген екен. Сіздерді әскери дайындыққа шақырамын.Бүгін бізде көптеген қызықты әрі пайдалы тапсырмалар болады.Сендер сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма? |
Балалар залға маршпен кіреді, сапқа тұрады
Иә,дайынбыз |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Логопед:Балалар,ендеше қазір тапсырмалардың алдында денемізді сергітіп,көңілімізді көтеріп логоритмикалық жаттығуды орындайық. Логоритмика Біз әскерге барамыз 2 рет Батыл сарбаз боламыз 2 рет Кәне, кәне тұрмайық Біраз сергіп алайық Шынықсын денеміз Көңілді секіреміз Дефектолог:Балалар, енді экранға назар салып, мимикалық жаттығуларды орындайық. Мимикалық жаттығулар жасату (балалар мимикалық жаттығуларды орындайды) Логопед: Казір біз сүңгуірлерге айналамыз, тыныс алу жаттығуларын орындаймыз.Балалар әр түске боялған суларды үрлейді,неге ұқсайтынын айтады. 1.Биоэнергопластикалық жаттығулар: «оңға, солға бұрыл» тілді оңға жылжытқанда сұқ саусағымызды оңға бұрамыз,тілді солға жылжытқанда сұқ саусағымызды солға бұрамыз.(жаттығулар кешені орындалады) 2.Беткеарналған массаж. 3.А,О,У,И,Е. – дыбыстарды дауыс шығармай айтамын,балалар қандай дыбыстар екенін тауып айтады. 4.Музыка терапиясы (дауысты,дауыссыз дыбыстарды,буындарды әндетіп айту) Экранға қараймыз Пулемет - т-т-т-т-т, Барабан – тра-та –та, Ұшақ -л-л-л-л. Жылан –с-с-с-с Дефектолог:Ептілікке, моторикаға арналған жаттығулар 1Алма баққа барайық Алма жинап алайық Қол жетпесе алмаға Секіріп алайық
2. Добым, добым домалақ Тоқтамайсың домалап
3.Саусақтарым қыдырып Жапырақтар жинадық 1,2,3,4,5 Біз нешеуін жинадық 4. Бас бармағым- алғашқы Балаң үйрек +-жалғасы Ортан терек ағасы Шылдыр шүмек нағашы Кішкентай бөбек – балақан Бәріне ортақ алақан Мнемотехниканы пайдалану (Слайд бойынша) 1.Күннің көзі, көк аспанды сүйемін ! Туған жердің табиғатын сүйемін! Отанымның тыныштығын қорғаймын, Тәтті ұйқысы бұзылмасын сәбидің! 2. Ұрамай –соқпай жылатады Бірақ әркім ұнатады 3.Ара,ара, аралар, Орман ішін аралар.(балалар бірге дауыстап айтады)
Логопед: Балалар,казір сендер дыбыстарды есту арқылы ажыратасыңдар.(фонематикалық ойын) «Мынар дыбыстар неге ұқсайды ?» (Қарға, тауық, сирена, кеме, поезд, маса, қоңыз) Логопед:Балалар енді біз құм терапиясы арқылы құмнің ішінде тығылған суреттерді тауып алып сөйлем құрастырамыз. Ойын:«Парад,барлаушы,тыңшы» (парад дегенде маршпен жүреді,барлаушы дегенде ақырындап жүреді,тыңшы дегенде тез отыра қалу керек) Дефектолог: Балалар, енді сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексерейік. Сары түсті жалаушаны көтергенде - алақан соғамыз. Қызыл түсті жалаушаны көтергенде - топ –топ аяқпен басамыз. Көк түсті көтергенде – «Ура»деп айтамыз. |
Балалар өлең жолдарын музыка әуеніне сәйкес қимылмен орындайды
Балалар мимикалық жаттығуларды орындайды
Арттерапия жаттығуларын және массаж орындайды
Балалар жаттығуларды қимылмен орындайды
Осы сөздік жаттығулар қимылмен арнайы тақтайшаларда көрсетіледі
Мнемотехника арқылы жаңылтпаш, жұмбақ, тақпақты экранға қарап бірге қайталайды
Балалар дыбыстарды есту арқылы ажыратады.
Буынұйқастарды қайталайды
Сөйлем құрастырады
Балалар ойынды қызыға ойнайды
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Дефектолог:Патриоттық сезімдерін керемет екен! Алға қойған тапсырмалардан өттік! Балалар сендердерге орындаған тапсырмалар көңілдеріңнен шықты ма Мен сендерді барлық тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындағандарың үшін медальмен марапаттаймын.Жарайсыңдар! Логопед:Балалар,сендер бүгінгі әскери дайындықтан қандай әсер алдыңдар Тапсырмалар орындағанда сендерге барлығы түсінікті болса,онда сары түсті гүлдерді алып,вагондарға жапсырасыңдар.Егер де біраз қиындықтар кездессе онда қызыл түсті гүлдерді вагонға жапсырасыңдар.Менің де сендерге бүгін көңілім толды,жарайсыңдар! |
Балалар өздері қалаған гүлдерді алып,вагондарға жапсырады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: артикуляциялық,тыныс алу жаттығуларын орындай біледі.
Игереді: дыбыстарды,буындарды анық айтуды және сөзден сөйлем құрастыру іскерліктерін игерді.
Меңгереді: ұсақ қол моторикасының ептілігін меңгере түседі, отанға деген патриоттық сезімдерді меңгерді.