«Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын байыту әдістері» тақырыбында семинар-практикум өткізген тәрбиеші Утепова Ж.М.

Мақсаты: педагогтердің мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын тиімді дамытуға арналған  әдіс-тәсілдер туралы білімін жетілдіру және оларды практикалық жұмыста қолдануға үйрету.

Міндеттері:

* баланың сөздік қорын белсенді және пассивті түрде дамыту жолдарын көрсету;

* сөзді ойын арқылы меңгертудің тиімді тәсілдерін тәжірибеде қолдану;

* педагогтің сөйлеу ортасын ұйымдастыру дағдысын жетілдіру;

* педагогтер арасында тәжірибе алмасу.

Жүргізуші:

«Бала үшін әрбір жаңа сөз — әлемді танудың жаңа мүмкіндігі. Бүгін біз баланың сөздік қорын қалай қызықты, жеңіл әрі заманауи тәсілдермен дамытуға болатынын бірге тәжірибеден өткіземіз».

Қатысушылар шеңберге тұрады.

Тапсырма:

Әр педагог қасында тұрған көршісін бір сөзбен сипаттайды.

Мысалы:

Айгүл — ақылды

Меруерт — мейірімді

Дана — дарынды

Жүргізуші: (2-слайд)

«Балаға жаңа сөзді бір рет айтқызу — сөзді меңгерту емес. Бала сөзді естіп, мағынасын түсініп, бірнеше жағдайда қолданып барып, белсенді сөздік қорына енгізеді».

3-слайд  «Не жоғалды?»  ойыны . Күнделікті 2-3 минут осындай ойын ойнау арқылы баланың сөйлеуін дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Тақпақ мәтіні: Біз ойыншықпен ойнадық,

Бір ойыншықты жоғалттық. Қай ойыншықты жоғалттық?

Ойынның балаға пайдасы: зейін мен есте сақтау, сөйлеу ырғағы: ырғақты тақпақ баланың фонематикалық есту қабілетін дамытады. Сөздік қор мен ойлау: соңғы сұраққа жауап бере отырып,бала толық сөйлем құрап үйренеді.

4-слайд «3 сурет – 1 әңгіме»

 QR-код арқылы сөйлем құрастыру.

Міндеті: осы үш суретті пайдаланып шағын әңгіме құрастыру.

5-слайд «Түрлі түсті доптар» ойыны

Мақсаты: балалардың түстерді ажыратып, оларды сөзбен атауын, қарапайым сөйлем құрауын дамыту, ойын барысында сөздік қорын молайту, сұраққа жауап беру, өз әрекетін сөзбен айту дағдысын қалыптастыру.

Мысалы, сары-күннің көзі, сары жапырақ; жасыл-шырша, жасыл шөп т.б.

6-слайд «Сөздік батл»

Екі командаға бір тақырып беріледі. Мысалы, «күз» 1 минут ішінде кім көп сөз айтады, сол жеңеді (жапырақ, жаңбыр, қолшатыр, жел, бұлт, етік т.б)

-Ал қазір ортаға екі ойыншыны шығарғым келеді. «Адасқан әріптерден» сөз құрап, сол сөзге байланысты  мүмкіндігінше көп сөз жинау.

Қорытынды:

«Баланың сөздік қоры — дайын сөздердің жиынтығы емес. Ол қарым-қатынас, ойын, қимыл, тәжірибе, эмоция және шығармашылық арқылы қалыптасады. Сондықтан баланы көбірек сөйлету үшін оған көбірек мүмкіндік беруіміз керек».

Қосымшалар: