"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Спорт- денсаулық кепілі" атты денсаулық күні. Дене шынықтыру нұсқаушысы Тасбулатова К.К.

29.10.2021

Денсаулық күні

Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын нығайту және қорғау. Мәдени гигиеналық дағдылар жайында білімдерін бекіту. Эстафеталық спорттық ойындарды ойнауда шапшаңдық, төзімділік дағдыларын дамыту; көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға жағдай жасау. Салауатты өмір салтына және спортты сүюге тәрбиелеу.

Құралдар: 2 себет, көкөністер муляждары, бала санына сәйкес кәмпиттер, 2 сары дөңгелек.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Денсаулық жайлы, салауатты өмір салтын ұстану туралы әңгімелесу. Кітаптар, суреттер қарастыру. Спорттық бейнефильм қарау.

Ойын сауық барысы:

Балалар маршпен залға кіреді. Сап түзеп тұрады.

Денсаулық күнін атап өтейік,

Бір-бірімізге денсаулық тілейік.

Салауатты өмір сүрейік.

Карлсон мен Клоун кіреді.

Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгін ерекше күн. Біз досымыз екеуміз денсаулық күнін сендермен атап өтуге келдік. Дайынсыңдар ма? кім мықты? кім төзімді?

Балалар: Біз!

Карлсон:Жарайсыңдар!

Карлсон: Бізге биреу асығып келе жатқан сиақты. (Музыка әуенімен дәрігер жүгіріп кіреді) Бұл кісі кім екен?

Балалар: Дәрігер!

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін денсаулық күнін атап өтеміз. Көңіл-күйлерін, денсаулықтарын жақсы ма? Қазір сендерді тексеріп көрейін. Тістеріңді күнде тазалайсыңдар ма?

Балалар: Иә!

Дәрігер: Қолдарыңды сабынмен жуасыңдар ма? Шаштарыңды тарайсыңдар ма? Үстеріңе ұқыпты қарайсыңдар ма? Таңғы жаттығуды орындайсыңдар ма?

Карлсон:Балалар, келіңдер! Дәрігерге таңғы жаттығуды қалай орындайтынымызды көрсетейік.

Музыкалық-ритмикалық жаттығу. «Бірге билейік»

Дәрігер: Деніміз сау, күшіміз көп болу үшін қалай тамақтануымыз керек?

Балалар: Көкөніс жемістерді пайдаланамыз.

Ойын «Көкөністер мен жемістерді жинастырайық»

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші бала қолына себет ұстап көкөністер мен жемістер жатқан жерге барып бір көкөніс не жемісті алып, топтастырып жинайды, командаға қайтып келіп, себетті екінші ойыншыға береді. Ойын жалғасады.

Дәрігер: Балалар, «Иә, Жоқ» деген ойын ойнайық.

Ботқа бізге пайдалы ма? (Иә)

Сарымсақ пен жасыл жуа пайдалы ма? (Иә)

Кейде шалшық сумен ойнау? (Жоқ)

Дәмді сорпа ішу? (Иә)

Күзде піскен жемістер? (Иә)

Бір қалта кәмпит жеу? Пайдалы ма? (Жоқ)

Тек пайдалы тағамдар,

Дастарханымызда күнде бар!

Дәрігер: Тағы бір ереже! Денені шынықтыру.

Карлсон:Денені шынықтыру үшін, салқын сумен жуыну, сүртіну. Таза ауада көп жүру.

Ал енді «Күннің көзінің шуақтарын жинайық» ойынын ойнайық.

Қарсы бетте күннің салынған, бірақ шуақтары жетіспейді. Әр ойыншы қысқышты алып, күннің шуақтарын жинайды да, артқа қайтып келеді. Ойын жалғасады.

Дәрігер:Жарайсыңдар балалар! Өте әдемі күннің көзі шықты. Ал енді суық тиюді алдын алу үшін сауықтыру массажын орындайық.

Тамағымыз ауырмас үшін,

Алақанмен сипаймыз.

Жөтеліп, түшкірмес үшін

Мұрнымызды уқалайық.

Маңдайымызды уқалап,

Алақанды қояйық.

Саусақпен айыр жасайық,

Екі құлақты уқалайық.

Карлсон:Балалар, дәрігерге пайдалы кеңестері үшін рақмет айтайық! Мен сендерге денсаулық тілеймін. Ата-аналарыңның қуанышы болып өсіңдер!

Ересек топтар

Ойын «Спорт түрлері»

Жүргізуші спорт түрлерін атайды. Балалар қимылмен көрсетеді.

Карлсон:Жарайсыңдар балалар! Дене жаттығуларын орындауға дайындалу үшін, мына ұранды айтып, естен шығармайық.

«Спорт-бұл денсаулық, спорт-бұл ойын, бәріміз қайталайық Спорт-Алға!»

1 Эстафета: «Көңілді құрсаулар»

Балалар, бір қатарда қолдарын созып сап түзеп тұрады. Алдарында бағанда құрсау жатады. Дабыл соғылғанда, бірінші ойыншы құрсауды алып, өзінен өткізіп, келесі ойыншыға береді. Құрсауды тез өткізіп, бағанға ілген команда жеңімпаз атанады.

2 Эстафета: «Батпақтан өту»

Алдымызда батпақ. Одан өту үшін әр командаға екі тақтайша беріледі.Тақтайшаны аяқтың астына қойып, жылжытып, белгіленген жерге жетеміз. Сосын келесі ойыншыға тапсырамыз.

3 Эстафета:  «Қолыңды тигізбе»

Әр жұпқа бір шар беріледі. Қолын тигізбей, іштерімен щарды қысып, белгіленген жерге жеткізу керек. Шарды түсіріп алмай жеткізген команда жеңімпаз атанады.

4 Эстафета: «Хоккей»

Ойыншылар хоккей таяғымен шарды қақпаға қарай соғып жеткізеді, артқа жүгіріп қайтып, хоккей таяқшасын келесі балаға береді.

5 Эстафета: «Күзгі жиын»

Велосипедпен құрсауға дейін барып, керекті затты себетке салып, артқа қайтып, велосипедті келесі балаға береді. Күзгі өнімді бірінші болып жинаған команда жеңімпаз атанады.

Релаксация Йога жаттығуын орындау.

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.10.2021 13:07
Құрылған күні: 29.10.2021 13:07

Текст