"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Біздің балабақшада», тәрбиеші Дюсекеева М.М.

12.05.2023

Тақырыбы:  «Біздің балабақшада»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі оның ерекшеліктері туралы ұғымдарын кеңейту. Сурет арқылы қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды сипаттау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті). Ойын тапсырмалары арқылы қарапайым сұрақтарға толық  жауап беруге үйретуді жалғастыру.  Ойын арқылы балалардың  қабылдау, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеу мәдениетін арттыру. Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, достық пен сыйластыққа,  ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті қағазға бейнеленген суреттер, кішкентай доптар, жапырақ.

Тәрбиеші: -Балалар біз қайда келдік?

Балалар: -біз музыка залына келдік

Тәрбиеші: -Музыка залында қандай іс- әрекет жасаймыз?

Балалар : Біз бұнда өлең айтамыз, би билейміз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар қазір мен сендерге «Жапырақ ойынын ұсынамын.

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады, музыка әуенімен жапырақты бір-біріне береді, музыка тоқтағанда, кімнің қолында жапырақ қалып қойса, тәрбиеші сол балаға сұрақ қою арқылы, жауап алады.

Тәрбиеші:- Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Күз мезгілі

Тәрбиеші: -Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: -Үш ай бар, қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: -бүгін аптаның қай  күні?

Балалар: бүгін аптаның үшінші күні-сәрсенбі.

 Тосын сәт: (экраннан сәбидің суреті шығады) бейне қоңырау

Сәбидің сөзі: сәлем балалар! мен Сәбимін, мен де сендер сияқты балабақшаға барғым келеді, балабақшада ойыншықтар көп шығар, менің достарым да Дино мен роботта балабақшаға барғысы келеді.

Балалардың жауаптары: Әрине кел! біздің «Болашақ» балабақшамыз  керемет, бұл жақта ойнаймыз, бір-бірімізбен доспыз, ойыншықтырымыз өте көп, күні бойы ойнап, көтеріңкі көңіл күйде, үйімізге қайтамыз.

Тәрбиеші: Сәби біздің балабақшамызда мынадай керемет ойындар бар, біз қазір солармен ойнаймыз

Балалар екі топқа бөлінеді, топ басшылары  үстел үстінде тұрған бөтелкелерді шайқайды, сары түс шықса сары карточкамен сары шары бар үстелге отырады, екінші топ басшысы екінші бөтелкені шайқайды қызыл шықса, қызыл карточканы алып қызыл шары бар үстелге отырады. Әр топтың жауабы, үстелдің үстінде алдын ала тұрған киіз үйге туларды орналастыру арқылы саналады

1-ші ойын: «Күз мезгілі»

Шарты: Балалар теріс қарап жатқан тәрелкенің  жіптерінің біреуін таңдап,  тарту  арқылы суретті сипаттап, айтып береді.  

Тәрбиеші: біз тек қана күз мезгілінің құбылыстарын ғана емес, өлең шумақтарын да білеміз, күз туралы тақпақ айтып берейікші

Тәрбиеші: қане «Сары түсті топ» Ә. Айару,Т. Айару

Енді: «Қызыл түсті топ» Мансұр, Мерей

2-ші ойын: «Сөйлем құрастыр»

Балалар белгінің үстіне қойылған доптың түсін мұқият қарап отырып, доптың түсіне сәйкес жерде жатқан суреттерді түсі бойынша таңдап алып сөйлем құрастырады.

Сергіту: «Тамшылар»

Сәбидің сөзі: Қандай керемет! Сіздердің балабақшаларыңыз қай қалада орналасқан? Мен сіздердің  балабақшаларыңызға барғым келеді

Тәрбиеші: Қане, Сәбиге қандай қалада орналасқанымызды айтып берейік

Балалар: Біз Ерейментау қаласында тұрамыз, балабақшамыздың аты «Болашақ» балабақшасы деп аталады.

Тәрбиеші: Балалар, қане Сәбиге Отан туралы қысқаша ақпарат айтып кетейік

Тәрбиеші: -Отан деген не?

Балалар - Отан деген ол біздің Қазақстан

Тәрбиеші: -Қазақстанның  рәміздерін айтып беріңдерші?

Балалар: -Қазақстанның рәміздеріне Елтаңба, Ту, Әнұран жатады.

Тәрбиеші: -жарайсыңдар! Ендігі ойынымыз «Таяқшалардан ту құрастыр» ойыны.

Тәрбиеші:-Туда не бейнеленген?                                                                 

Балалар: -Туда күннің көзі, қыран құс, сол  жағында ою бейнеленген. 

Сәби: Рақмет балалар! Сендердің ойындарың қызық екен, мен «Болашақ» балабақшасына келемін,  мені күтіңдер, сау болыңдар!    

Рефлексия                              

Тәрбиеші:-Балалар, біздің Сәбиге балабақшамызда ойнатылатын ойындар ұнапты, ал сендерге бүгінгі  ойын іс- әрекеті  ұнады ма?

Балалар: -Әрине ұнады!

Тәрбиеші:-Олай болса өз-өзімізді бағалайық, мына тұрған «Көңілді бағдаршамға» қазіргі кездегі көңіл-күймен білдірейік.  

-Балақайлар,  осымен ойынымыз аяқталды, енді тобымызға қайтайық.

  • p317_61777084.jpg
  • p317_61777084.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.05.2023 12:31
Құрылған күні: 12.05.2023 12:38

Текст