Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөлімі: Математика негіздері. Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі». Тәрбиеші Смагулова Г.А.

19.06.2026

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға баулу. Кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыру. Логикалық ойлауларын, сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту. Достыққа, бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Көркем суреттер,үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық  қозғаушылық:

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар, кәнекей ортаға тұрып қонақтармен амандасайық.

Балалар: Қайырлы таң, көк аспан

Қайырлы таң, алтын күн

Қайырлы таң, жер ана,

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, апайлар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: Балалар, қазір мен сендерге сөйлемді жалғастырып, жұмбақты шеш деген ойын ұйымдастырамын. Мұқият тыңдап, дұрыс жауап берулеріңізді сұраймын. Олай болса, бастайық.

 «Сөйлемді жалғастырып, жұмбақты шеш»

1. Таңертең біз.... (оянамыз, жуынамыз,  жаттығу жасаймыз) Бұл қай уақыт? (Таңертең)

2.Күндіз біз... (серуенге шығамыз, ойнаймыз, түскі ас ішеміз) Бұл қай уақыт? (Күндіз)

3.Кешке біз... (балабақшадан үйге қайтамыз, теледидар көреміз, кешкі ас ішеміз) Бұл қай уақыт? (Кеш)

4.Түнде біз... (ұйықтаймыз) Бұл қай уақыт? (Түн)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, рақмет сендерге. Балалар, бір дауыс естіледі.Тыңдап көрейікші.

Ғажайып сәт: Қолында шарлары бар Буратино билеп кіреді.

Буратино: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы жер, Ғажайып білім әлемі ме?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Иә, Буратино дұрыс таптың, бұл жерде тек білімді балалар ғана бар. Өздері ақылды, мейірімді, тәртіпті. Солай ма, балалар.

Балалар: Иә.

Буратино: Ендеше, маған көмектесе аласыңдар ма? Мен кілтімді жоғалтып алдым. Ол жай кілт емес, алтын кілт. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда түлкіні көріп едім сол қу түлкі алып кетті ме таппай жүрмін.

Тәрбиеші: Уайымдама, буратино саған біздің балалар көмектеседі. Қане, балалар буратиноға көмектесеміз бе?

Буратино: Рақмет, балалар.

1 тапсырма: «Бір, көп» ойыны.

Шарты: Берілген әртүрлі карточка бойынша жұмыс жасайды. Ақ түсті үшбұрышпен бір затты белгілейсіңдер. Ал, қара  түсті шаршымен көп затты белгілеп қоясыңдар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту сәті: Д/о: «Кеңістікті бағдарлау»

Шарты: Балалар, шеңбер бойымен орындықтардың жанына келеді. Әркімнің алдында орындықтар берілген. Музыка әуенімен орындықтарды шеңбер бойымен айналып билейді. Музыка тоқтағанда мен алдында деп айтқанда, әркім кеңістікті дұрыс бағдарлау қажет.

Тәрбиеші: Олай болса, ойынды бастайық.

2 тапсырма: «Шама»

Шарты: Берілген ұзын жолақшамен қысқа жолақшаны сәйкестендіреді. Әр бала қолдарына алып, қолдарын көтеріп көрсетеді және түстерін атайды. Содан кейін ұзын жолақшаның үстіне ақ түсті үшбұрышты орналастырыңдар. Ал қысқа жолақшаның үстіне қара  түсті жолақшаны орналастырыңдар. Кәнекей орналастырып болсаңдар қарап көрейікші дөңгелектер артық па?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Сол кезде буратиноның кілтін тауып алады.

Тәрбиеші: Мінекей, буратино бұл сіздің кілтіңіз. Біздің балалар көп тапсырмаларды орындау арқылы сіздің кілтіңізді тауып берді.

Буратино: Алақай, алақай кілтім табылды. Мм, енді түсіндім ғажайып әлемі деген осы жер екен ғой. Балалар, сендерге көп-көп рақмет. Сендер сондай тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер. Сендерге деген сыйлығымды табыс етейін. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, ұйымдастырылған іс-әрекет ұнаса, тапсырмалар қиын болмаса көңілді смайликті алып белгілейік. Егер, тапсырмалар қиын болып орындай алмадым десеңіздер көңілсіз смайликпен белгілейік. Олай болса, өздеріңе ұнаған смайликтерді таңдап белгілеуге шақырамын.

Рефлексивті-түзетушілік: Балалар, біз кімге көмек көрсеттік?

Математика ұйымдастырылған іс-әрекеті ұнады ма?

Кімге қандай тапсырмалар қиын болды?

Сендерге кім сыйлық берді?

Жарайсыңдар,балалар!

Қорытынды:

Балалар: Қол ұстасып тұрайық

                Шеңберді біз құрайық.

                Көріскенше күн жақсы,

                Сау саламат болайық!

                Сау болыңыз!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст