Ересек тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты:
Білімділік: Ән тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу.
Дамытушылық:Әннің сөздері мен дыбыстарын таза және анық айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Музыканың ырғағын дәл бере отырып, би қимылдарын жасауға жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: музыка, музыкалық аспап (фортепиано)
Іс-әрекет кезендері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардын іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар марш екпінімен музыка залына кіреді. Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады. Муз жетекшісі балалармен амандасады! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер? Әуен қосылады балалар музыкалық ритмиқалық қозғалыстарды орындайды. Қолдары белдеринде бірінің – артынан бірі шеңбер бойымен жүреді, аяқтын ұшымен, қолдары жоғарыда жүру, қолдары белдерінде өкшемен жүру, орында тұрып тағы бірнеше қимылдарды орындау.
|
Балалар марш екпінімен залға кіреді. Саппен келіп шеңберге тұрады
Балалар амандасады: «Сәлеметсіз бе»
Музыка сабағына
Қолдары белдеринде бірінің – артынан бірі шеңбер бойымен жүреді, аяқтын ұшымен, қолдары жоғарыда жүру, қолдары белдерінде өкшемен жүру, орында тұрып тағы бірнеше қимылдарды орындау.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар, қазыр қай жыл мезгілі? Күзде табиғатымызда қандай өзерістер болады? Муз. жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар далада, күн суытады, жаңбыр жауады, көшеде мұқият болу керек, сендер жол ережелерин білесіндер ме? Көшедегі белгілерге қарап жүру керек, жолды өткенде бағдаршамға қарау керек. Бағдаршамда неше түс бар? Түсетерді атап шығындар? Жарайсыңдар балалар. Ал енді айтындаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек? Муз. жетекшісі: Иә, дұрыс айтасыңдар! Олай болса бәріміз ноталарды айтып көрейікші. Муз. жетекшісі: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айттыңдар. Балалар қараңдаршы үстел үстінде қандай асапаптар жатыр? Атап беріңдерші. Музыка жетекшісі көмектесіп, аспаптарда ойнап көрсетеді. Муз.жетекшісі:Жарайсыңдар, аспаптарды жақсы білесіңдер екен. |
Күз Блалардың жауабы: Жапырақтар сарғайып жерге түседі, күн суытады, жеміс – жидектер піседі, жаңбыр жауады.
3 түсі бар Жасыл, сары, қызыл.
Ноталар керек.
Балалар ноталардың барлығын айтып шығады. До, ре, ми,фа,соль, ля, си.
Балалар аспаптарды атап, зерттейді. |
Негізгі бөлім |
Музыка тыңдау: Балалар келесі тапсырмамыз, сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап, оның мінездерін ажыратып беріңдер. Тыңдап қараймыз балалар? Муз.жетекшісі:Балалар әуендерді дұрыс ажыраттыңдар, жарайсыңдар. Муз. жетекшісі: Балалар, менің сендерге тағы бір тапсырмам бар: Мына күйтабақтағы әуенді тыңдап, оның сөзімен қосып айтып беріңдер. Бірақ ән айтпас бұрын дауыс жаттығуларын жасайық. Қанекей орындықтарға отырыңдар. Дауыс жаттығуы: «Музыкалық баспалдақ» Муз.жетекшісі: Жарайсыңдар, тамаша! Балалар қандай ақылдысыңдар! Балалар, ендеше «Бағдаршам» әнін орындайық. Ал енді, осы жақсы көңіл күймен бір денемізді бір сергітіп алайық. Сергіту сәті. Ойын: «Бағдаршам» динамикалық ойынына кезек берейік. Қазір ойынның шартын түсіндірейін. Ортаға 2 ұл, 2 қыз шығады. Ортада тұрған үстелдің үстіндегі 3 түстен тұратын дөңгелектерді кезекпен-кезек музыкалық ырғақпен бірге соғамыз. Балалар кәне ойынымызды бастайық. Муз.жетекшісі:Жарайсыңдар, өте жақсы, балалар сендерге ойын ұнады ма? Балалар, біз көшеде, далада жол ережесін сақтауымыз керек. Жалғыз жүрмеуіміз керек. Бағдаршамға міндетті түрде қарап, жан-жақтағы машиналардан абай болу керек. |
Балалар дауыс жаттығуларын жасап, ән тыңдап оны айтып береді.
Балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын шартын түсініп, ойынды бастайды.
Балалар өз жауаптарын айтады.
. |
Рефлексивтік-түзетушілік
|
Сабақты қорыту Балалар шеңбрге тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды. Муз. жетекшісі: Балалар, тыныс алу жаттығуын жасадық. Сұрақтар қойылады: Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Біз қандай аспаптарды меңгеріп, біледі екенбіз? Біз қандай ән айттық, ол ән не туралы? Қандай ойын ойнадық? Жарайсыңдар балалар! «Сау болыңдар балалар» деп сабағымызды аяқтаймыз. Әнді орындап орындап музыка жетешісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен марш екпінімен, сапқа тізіліп музыка залынан шығып кетеді. |
Сұрақтарға жауап береді
Тыныс алу жаттығуын балалар жасайды.
Балалар өз жауаптарын айтады.
Музыка жетекшісімен қоштасады «Сау болыңыз!» Марш екпінімен балалар залдан шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: әуен немесе музыканың кіріспесі бойынша таныс әндерді таниды;
Нені игереді: олардың мазмұндары туралы айта алады;
Нені менгереді: сөздерді созыңқы және анық айтады;