"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедиялық қорытынды ашық іс – әрекеті. Тақырыбы: «Көктемгі орманда». Асаинова Г.Х.

23.05.2025

Логопедиялық  қорытынды  ашық  іс – әрекеті

Тақырыбы:  «Көктемгі орманда »

Мақсаты: Балалардың жалпы сөздік қорын молайту,дыбыстарды  анық,дұрыс айтуға дағдыландыру.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратып,фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасының ептілігін,ой – өрістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке, бір – бірінің жауабын тыңдай білуге,достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Барысы:

Логопед: Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Маған бүгін ертегілер еліндегі шұбар тауықтан хабарлама келді, сендер тыңдап көргілерің келеді ме? Ендеше экранға назар салайық.

 (Экраннан тауық шығады) - Балалар, мен шұбар тауықпын. Мен сендердің жыл бойы көп еңбек етіп, апайларыңды тыңдап, көп сабақ оқығандарыңды білемін. Сендерді саяхатқа жібергім келеді, ол үшін мен өзімнің жұмыртқаларымды тастап кеттім. Сол жұмыртқаларды жарсаңдар,бәрін өздерің түсінесіңдер.

 Логопед: Балалар, қәне жұмыртқаларды тауып алайық, қараңдаршы қандай жұмыртқалар. Енді оларды балғамен соғып жаруымыз керек, ішінде не бар екен?  Жұмыртқаның ішінен бүктелген қағаз шығады, ол қағазды ашып қарайықшы. Қандай әдемі сурет? Менде де сондай сурет шықты, бұл қандай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

Логопед: Дұрыс айтасыңдар, бұл көктем мезгілі, көктемгі орман. Ендеше,балалар көзімізді жұмайық,қазір біз көктемгі орманға тап боламыз. Енді көзімізді ашамыз.Орманның ауасы қандай керемет,қәне терең тыныстап дем алайықшы( асықпай терең тыныстап мұрынмен деп алып, ауызбен дем шығарайық)

Қазір қандай жыл мезгілі? Көктем айларын айтып беріңдерші?

Жарайсыңдар, балалар.

Логопед: Балалар,ормандағы аңдар бізге көптеген тапсырмалар дайындап қойыпты,сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Барлық тапсырмаларды дұрыс орындау үшін бізгешапшаңдық, ұйымшылдық, зеректік де керек болады, сондықтан сендерді қызықты нейрожаттығуларды орындауға шақырамын:

 

1.Нейрожаттығуларды орындау (экрандағы көрсетілген нейрожаттығуларды орындайды)

Жарайсыңдар, балалар!

-Бізге тілге арналған жаттығулар не үшін керек?

-Дұрыс, анық сөйлеу үшін.

- Иә, балалар біз дыбыстарды анық айту үшін әртүрлі жаттығуларды орындаймыз,ендеше қазір тілге арналған дәстүрлі емес жаттығуларды жасайық

2. Артикуляциялық жаттығулар:(апельсинді тілмен итеру,сағат тілі бойынша жалау,шиені ерінмен қысу, түтікшемен тілді сылау, тілді оңға, солға жылжытып түтікшеге тигізу)

Ал енді әртүрлі дыбыстарды есту арқылы ажыратамыз

3 . Дыбыстарды ажырату

(жыланның ысылдағаны - сссссс,қоңыз – жжжжжж, қаз – шшшшш,маса – зззззз, тоқылдақ – дррррррр,)

Жарайсыңдар,балалар!Тапсырмаларды дұрыс орындап жатырсыңдар.

4. Ойын: « Жаңылма». Суреттегі сөздерді мен жекеше түрде, сендер көпше түрде жаңылмай, әрі дұрыс атап берулерің қажет.

Ағаш – ағаштар.

Гүл – гүлдер.

Жапырақ – жапырақтар.

Тиін – тиіндер.

Қоңыз – қоңыздар.

Жолбарыс – жолбарыстар.

Піл – пілдер

Көбелек – көбелектер.

Ара – аралар.

Торғай – торғайлар.

5 . Ойын: « Дыбысты ажырат»

- Балалар,қазір мен әртүрлі дыбыстарды айтамын, сендер дауысты дыбысты естісеңдер допты алысқа лақтырасыңдар,дауыссыз дыбысты естісеңдер жақынға лақтырасыңдар және дыбыстар туралы айтып бересіңдер. Енді мына текшелердің бетіндегі суреттердің басындағы және соңғы дыбысты анықтап айтып, сол дыбыстардан басталатын сөздерді айтып берулерің керек.

6. « Аңдарға көмек» ойыны. Балалар,экранға назар салыңдаршы, мұнда жануарлар құлақтарын, құйрықтарын, аяқтарын шатастырып алыпты.

- Қәнеки, біз аңдарға көмектесейік.Кім айтып береді? Бұл ненің құлағы? Ненің құйрығы? Қай аңның аяғы?

  • Жарайсыңдар, балалар!

7. Карточкамен жұмыс. – Балалар, сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер жатыр, осы суреттерді бір – бірімен байланыстыра отырып сөйлем құрастырып айтамыз. Сөйлемді дұрыс құрастырған бала жеңімпаз болады.

-Балалар, қараңдаршы бізді саяхатқа жіберген шұбар тауық сендер барлық тапсырмаларды жақсы,дұрыс орындағандарың үшін тәтті сыйлықтар дайындап кетіпті.

(Осы кезде экранға үлкен кеменің суреті шығады)

Рефлексия: - Балалар, қараңдаршы бұл білім кемесі. Сендерді мектепке шақырады,қалай ойлайсыңдар сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма? Сендердің алдарыңда тарелкада құм бар,сол құмды түтікшемен үрлеп көрейікші. Ішінен не шықты? О, қараңдар балалар, сендерде де кішкентай кеме шықты. Балалар, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындау сендерге қиын болды ма? Егер сендерге бүгінгі тапсырмалар қызықты, әрі жеңіл болса онда сендер өз кемелеріңе көк түсті мөрбен таңба саласыңдар. Ол сендердің мектепке дайын екендеріңді білдіреді.Ал егерде тапсырмалар орындаукезінде сендерге қиындау болса, онда сары түсті мөрбен таңба қоясыңдар.

Балалар өз таңдауларын жасап,таңба қояды.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст