Ақмола облысы білім басқармасының
Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжайы" МКҚК
Оразбаева Айман Куанышовна
Меңгеруші, педагог- зерттеуші
«Жаңадан бастаушы тәрбиешілерге әдістемелік жетекшілікке көмекші коучинг-сессия» бағдарламасы
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ерейментау қаласы, 2021
Пікір беруші: Лашкевич Оксана Николаевна, «Жұлдызай» бөбекжайының меңгерушісі
Әзірлеуші: Оразбаева Айман Куанышовна, «Болашақ» МКҚК бөбекжайының меңгерушісі, педагог-зерттеуші
Ерейментау, 2024.-113 б.
Бұл авторлық бағдарламада мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін әдіскерлерге, арналып жинақталған педагогикалық кеңестер, семинарлар, кеңестер, шебер- сынып материалдары енгізілген. Бағдарламаның арқасында педагогтар мен тәрбиешілер оқу-тәрбие үрдісінің тұлғаландыру, социализацияландыру үрдістерін ұйымдастыруды, сонымен бірге педагогика- психологиялық білім жүйелерін игеруге арналған.
Түйін сөздер: коучинг- сессия, әдістемелік жетекшілік, кәсіби шеберлік.
Мазмұны беті
Түсіндірме:
Әдіскер қызметінің бір бағыты, педагогтар мен тәрбиешілердің өз білімін жетілдіруі. Сондықтан балабақша әдіскері педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін, шеберлігін көтеру мақсатында жұмыс жасайды. Осы тұрғыда әдіскер ұжым педагогтарының шеберлік өсуіне ықпал ете отырып, педагогикалық еңбектің жоғарғы жетістіктерге жетуіне, педагогтардың кәсіби жетілуіне көмек көрсетеді. Сол себепті өз жұмысымда коучинг- сессияны пайдалануды жөн көрдім.
Өзектілігі: Коучинг білім беру мамандарының (тәрбиешілер, пән мұғалімдері) заманауи коучингі өзіне психологияның, менджменттің, қазіргі білім берудің маркетингіннің озық бағыттарын енгізген. Бағдарламадағы тағы бір өзектілігі педагогтың кәсіби өзін- өзі жүзеге асыруда «алғашқы көмек» гуманистік сипатта болғандықтан, жас мамандардың кәсібіне жеңіл ауыртпалықсыз бейімделуіне, оңалуына мүмкіндік береді.
Коучингтің артықшылығы:
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Коучинг-сессия» бағдарламасының ерекшелігі
«педагог өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға белсенді оқу түріне бағыт алуына қолдау көрсету. Бұл ерекшеліктің кілті- іске қатысты фактілер мен ақпараттарды қабылдау, біздің эмоциямыз бен ықыласымыз қашан? қалай? шындықты бұрмалайтынын түсіну. Бұл бағдарлама балабақша мекемесінде тәжірибесі жоқ педагогтар мен тәрбиешілерге арналған. Бағдарламаның арқасында педагогтар мен тәрбиешілер оқу-тәрбие үрдісінің тұлғаландыру, социализацияландыру үрдістерін ұйымдастыруды, сонымен бірге педагогика- психологиялық білім жүйелерін игереді.
Теория
«Коучинг» терминінің шығуы, оны кімдер зерттеді деген сауалдарға жауап іздеп өз білімімді толықтыра бастадым. «Коучинг»- ағылшын сөзі «үйрету, жаттықтыру» дегенді білдіреді. ≪coach≫ — ≪жаттықтыру, үйрету, бағыттау, фактілермен қамтамасыз ету≫ (ағылшын тілінен Оксфорд сөздігі,2009). Уикипедияға жүгінсек, коучинг (ағылш. coaching —оқыту, жаттықтыру) — консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы — коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету ұйғарылады.
Яғни, анықтаманы талдай кетер болсақ, коучинг адамға немесе мекемеге мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі. Коучингті меңгерген маманды «коуч»не «коучер» деп атайды.
«Коучинг»- кеңес, қатаң ұсыныс бермейді, керісінше үйретушілер мен үйренушілер бірлесе отырып шешім іздейді. Коучинг —адамға қанағаттанушылық сезімін алып келетін мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін ортаны әңгіме және мінез-құлық арқылы құра білу шеберлігі;
Коучинг—коучердің клиенттің жан-жақты дамуына жағдай жасау процесі;
Коучинг — басқа адамның оқу және даму процестеріндегі нәтижелілігін көтеру шеберлігі;
Коучинг — бұл адамдардың өмірлерінде, істе, бизнесте немесе қоғамдық істерде жоғары дәрежедегі нәтижелерге жеткізетін ұзаққа созылған қарым-қатынастар. Коучинг арқылы клиенттер таным аясын кеңітеді, нәтижеліліктерін және өмір сапасын арттырады.
Коучинг — бұл даму процесі қатысушыларының ортақ әлеуметтік, жеке және шығармалышылық әлеуетті жүзеге асыру жүйесі.
Коучингті қолдану көріністері:
«Коучинг» қолдану аясына қарай бірнеше түрге ажыратылады. Олар:
«Коучинг» негізін қалаушылар: У. Тимоти Голви (W. Timothy Gallwey) — каучинг негізінде жатқан канцепция авторы. Алғаш рет өзінің 1974 жылы шыққан «Внутренняя игра в теннис» (The Inner Game of Tennis) кітабында жазған.
Джон Уитмор (John Whitmore) — «Коучинг высокой эффективности», 1992 жылы басылып шыққан кітап авторы.
Томас Дж. Леонард (Thomas J. Leonard) — Коуч университетінің негізін қалаушы. Ал біздің өзіміздің мемлекетіміздің Алматы және Астана қалаларында Коучинг акдемиясы «Адам қабілетінің орталығы» осы төңіректе жұмыс жасап жүр. Осы ақпараттарға сүйене келе содан кейін «Жаңадан бастаушы тәрбиешілерге әдістемелік жетекшілікке көмекші коучинг-сессия » бағдарламасының жоспарын құрдым.
«Жаңадан бастаушы тәрбиешілерге әдістемелік жетекшілікке көмекші коучинг-сессия» бағдарламасының іске асу мерзімі- 5 жыл
1 кезең. Бағдарламаға кіріспе, теоретикалық бөлім.
2 кезең. Жалпы оқу сабақтарын ұйымдастырудың жолдарын меңгеру
Коучинг- ол адамның әлеуетін ең жоғарғы деңгейге жоғарылату мақсатындағы тиімділігі.
Т.Гэллвей
Жұмыс- ішкі ойын тәріздес.
Коучингтің ұраны: «Мен жаттықтырушы, ал сіздер жеңімпаз»
«Коучинг-сессия» бағдарламасының ерекшелігі педагог өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға белсенді оқу түріне бағыт алуына қолдау көрсету.Бұл ерекшеліктің кілті- іске қатысты фактілер мен ақпараттарды қабылдау, біздің эмоциямыз бен ықыла сымыз қашан? қалай? шындықты бұрмалайтынын түсіну. Бұл бағдарлама балбақша мекемесінде тәжірибесі жоқ педагогтар мен тәрбиешілерге арналған. Бағдарламаның арқасында педагогтар мен тәрбиешілер оқу-тәрбие үрдісінің тұлғаландыру, социализацияландыру үрдістерін ұйымдастыруды, сонымен бірге педагогика- психологиялық білім жүйелерін игереді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты балбақшада өз қызыметін жаңадан бастаушы педагогтар мен тәрбиешілердің жұмыс тәжірибелерінде тұтас жүйелілікті, кәсіби дайындықты игерту.
Бағдарламаны орындау кезінде келесі міндеттер іске асырылады:
«Коучинг-сессия» бағдарламасы өзіне үш коучинг-сессины кіріктіреді. Олар:
Жаңадан бастаушы тәрбиешілер оқыту бөлімінде педагогтар мен тәрбиешілер анықталған бүгінгі заман талабына сай білім беруде мемлекеттің стратегиялық бағыттарының саясатын,білім дағыларын меңгеруі тиіс. Олар:
Жобаның өзектілігі: білім беру жүйесін модернизациялау негізінде, балабақшаның әдістемелік қызметін ұйымдастыруда, әдіскер бүгінгі заман талабына сай әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында инновацияларды енгізіп, педагогикалық ұжым қызметінің де сапасын арттыру, оңтайлы жол іздеу керек.Осы бағдарламаның тәрбиешілермен, педагогтармен сапалы игерілуін бақылаудың мына түрлері арқылы жүзеге асырылады. Олар: ағымды бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.
Жоба мақсаты: балабақшадағы педагогикалық еңбек өтілін жаңадан бастаушы педагогтар мен әдіскерлердің кәсіби қызметтерін жетілдіруді қолдау.
Жобаға қатысушылар: педагогикалық өтілі 3 ж. дейінгі тәрбиешілер мен мамандар.
Жоба ұзақ мерзімді. Жоба кезеңдері: 1. Ақпараттық- талдау кезеңі (ақпарат жинау, сараптау, талдау, зерттеу, сауалнама)
Осы бағдарламаның тәрбиешілермен, педагогтармен сапалы игерілуін бақылаудың мына түрлері арқылы жүзеге асырылады. Олар:
Ағымдағы бақылау тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби дағдыларды, жоба жұмысына сәйкес игеру деңгейін қадағалайды.
Аралық бақылау тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби дағдыларының деңгейін немесе жаңадан бастаушы тәрбиешілер мен педагогтар соқтығатын қиындықтарының деңгейін анықтау . Ал оны анықтау әңгіме жүргізу, сабаққа қатысу, режімдік кезеңдерді бақылау арқылы жүзеге асады.
Қорытынды бақылау тәрбиешілер мен педагогтардың өзіндік жеке дара портфолия дайындайды немесе ашық сабақтар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Жаңадан бастаушы тәрбие мен педагогтардың білім беру үрдісін ұйымдастыру сапасын 1,2 сауалнама арқылы бағаланады. Ал тәрбиешілер мен педагогтардың тәжірибелік қызметтерінің бағасын балабақша меңгерушісі, жоба басшысы әдіскер, тәжірибелі педагогтар мен тәрбиешілер жүргізіп қадағалайды.
Күтілетін нәтиже
«Жаңадан бастаушы тәрбиешілерге әдістемелік жетекшілікке көмекші коучинг-сессия » бағдарламасының орындалу үрдісінде тәрбиешілер иен педагогтар оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруды, ата-аналармен қарым-қатынас жасауды, бүгінгі заман талабына сай оқыту технологияларын пайдалануды, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды, өзіндік қызметін , жоба түрлерін ұйымдастыруды игереді. Жаңадан бастаушы педагогтар мен тәрбиешілердің кәсіби қызметтерін анықтайды. Олар: диагностикалық, комуникативтік, үйлестірушілік, жобалық, зерттеушілік, сындарлылық, ұйымдастырушылық сияқты әдіс- тәсілдерді меңгереді.
Жұмыстың негізгі түрлері төменде көрсетілген сипатта өтеді.
«Жаңадан бастаушы тәрбиешілерге әдістемелік жетекшілікке көмекші коучинг-сессия» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өзімнің осы бағдарлама аясындағы жоспарлаған жұмыстарымды, балабақша кешенінің жылдық жоспарны сай етіп, құрастыра келе педагогикалық, әдістемелік, педагогтармен жеке дара кеңестерде бағдарламада көрсетілген тақырыптарды біртіндеп жүзеге асыра бастадым. Осы бағдарламамен педагогтар мен тәрбиешілер назарына ұсынғаннан кейін, педагогтармен алдымен «Жаңа бастаушы тәрбиешілердің қажеттіліктерін айқындау» атты тақырыпта сауалнама жүргіздім. Әр бір тәрбиешілер мен педагогтарға арналған коучинг- сессия кеңесі бүгінгі заман талабына сай, берілген кеңестер слайд шолу яғни ақпараттық коммуникациялық әдісі арқылы беріледі. Коучинг- сессиясының отырыстарында іскелік ойындарды пайдалана отырып тәрбиешілер мен педагогтардың әлеуетін артыратынына көз жеткіздім.
Іскерлік ойындарда ойнаушыларда да, қатысушыларда да қарым-қатынастың екі түрлі сипаты туады; бірінші жағынан өзіне сөз тиген ойнаушы берілген бейненіц мінез-құлқына көшеді, оның қылықтарын, әpeкeтrepiн атқарады; екінші жағынан, оның іс-әрекеттері басқа ойнаушыларды олардың рөлге дейінгі кәдімгі өмірдегі сыр мінез шын қалпында таниды. Рөлдерді орындау барысындағы қарым-қатынастарда бойға сіңірер білімдер алдын ала қалыптаспайды . Мұнда шыдамдылық, басқаның көзқарасымен санасу, бірлестік, болашақ құбылыстарды байқау, жауапкершілікті сезіну сияқты сапалар орнығады. Білім алу процесі, алған білімдерді жинақтау және топшылау екі кезеңде жүргізіледі; ойынның тікелей барысындағы рөлдік қарым-қатынаста; қopытынды пікірсайыстарында рөлдерден тыс кәдімгі шындық қарым-қатынаста болады. Ойын қатысушылар арасындағы ойналмақ оқиға неғұрлым қақтыгысты болып, мамандық бойынша араластыгы үйреншікті қарымқатынасқа жақындай түссе тиімді болмақ.
Іскерлік ойындар балабақшадағы кез келген педагогикалық процестің мәнін рөлдер арқылы көрсете алады, ойнаушылар мұндағы құбылыстарды педагог тұрғысынан ғана емес, оның шкі сырын a.mыңқырап, бала тұрғысынан да байқай алады. Ал мұның өзі педагогикалық процесті жан-жақты қарастырып, оған терең талдау жасай білу, бала тәрбиесін біржақты жүргізбей, тәрбиелік-білімдік шараларды тиімді етіп қайта құру жолдарын белгілей алатын сапалар қалыптастырады. Іскерлік ойындар, соны:,«ен қатар педагогиканың теориялық күрделі мәселелеріне қанықтырады, тәжірибені толықтыра түседі.
Мысалы: педагогикалық кеңесте әрдайым «Еркін микрофон» әскерлік ойыны өткізіледі. Бұл ойынның өткізілу барысы: педагогтар өздерінің көкейінде шешімін таппай жүрген ойымен бөлісіп ортаға салады. Осы сияқты тағы да:
«Сөйлемді аяқта» шығармашылық ойыны
Ойын барысы: жүргізуші парақта аяқтаплмай қалған сөйлемдерді үлестіріп береді, ал педагогтар сол сөйлемдерді аяқтайды. Бұл ойын педагогтардың білім беру стандартын қаншалықты білетіні жөнінде мағлұмат алуға, пікір алмасуға көмектеседі.
«Ойыма ой қос» іскерлік ойыны
Мақсаты: Педагогтар мен тәрбиешілердің ой-өрістерін, кәсіби біліктіліктерін арттыру; өзара пікір, тәжірибе алмасуға дағдыландыру.
Өткізілу барысы: әр шығармашылық топқа жеке-дара сауал жазылған парақ беріледі. Осы парақта көрсетілген сауалға ең негізгі деген 7 элементті жазып, көршілес үстелмен өзара ауысады. Ойын осылай жалғаса береді . Ойынның соңында әр топ өзінің жауаптарымен таныстырып ортақ жауаптарды айтады.
«Алты қалпақ» ойыны
Ақ қалпақ- ақ түс алаламау, әділдік. Ақ қалпақтағылар нақты деректерге, сандарға , ақпаратқа сүйенеді. Ақ қалпақтығалар өздері және өзгелердің дәлелдеген айғақтарындағы мәліметтер мен ақпараттарды айқындай алады. Ақ қалпақтығылар өздерінің ұстанымдарын жайлап, өздерін сабырлы ұстап жеткізеді.
Қызыл қалпақ- өршіген эмоцияға толы. Оларды айғақтар емес, оларға деген өздерінің қызығушылықтары қызықтырады. Олар не шақырады? Қуаныш, ашу-ыза, түршігу, автор ойының дал-дұлын шығару? Барлығы құмарлық, қызу боялған сипатта. Қызыл қалпақтығылар өздерінің сезімдері туралы айтады.
Қара қалпақ- барлығын қаралайды. Олар қызулы емес, бірақ көңілге қонымды, анық әрі дәлелденген. Оларды жоқ жерден жамандықты іздеп табатын шеберлер деп айтуға болады. Шегінен шыққан сын. Қара қалпақтағыларды жағжайды жақсарту қызықтырмайды, керсінше олар жетіспеушіліктерін көрсетеді.
Сары қалпақ- қуаныш пен оптимизмге (сеніммен қараушылық) толы. Ол барлығынан позитв іздейді және табады. Барлық жерден жақсылықты таба алады.Сонымен қатар үміт береді және жағымды күйге келтіреді, бірақ өзінің дәйектерінің дұрыстығын дәлелдейді.
Жасыл қалпақ- жаңа өмірдің басталуы, өзгеруі. Жаңа идеяға толы, үнемі өзгеретін әлемге шығармашылық көзқарас. Жасыл қалпақтағылар ойландырады, тану мен ойлаудың қуанышын көрсетеді, проблемалардан жаңа біртума ойлар жасайды, сын көтере алмайды.
Көк қалпақ- ішкі дүниесінде ұйымдастырушы. Дегенмен ол мәселені құрылымдылық және мен ұйымдастырушылық жағынан ғана қарастырмайды, өзгеде қалпақтарды зейін қойя отырып тыңдайды және мәселенің жан-жақтылығы мен тиімділігін іздейді.
(Александр Митрофанович Банновтың «Учимся думать вместе» тренинг материалы бойынша. Сонымен қатар өзінің «Шесть шляп мышления» кітабында бұл әдіс туралы оқып- білуге болады)
1.Балабақшаға жұмысқа орналасу:
а) Алыстан арбалағанша,жақыннан дорбала.
ә) Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
б) Судың да сұрауы бар.
2.Тәрбиеші болып жұмыс істеу:
а) Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
ә) Семіздікті қой ғана көтереді.
б) Ұйқы арыстанды да жығады.
3. Ең бірінші өзіндік жұмыс тәжірибесі:
а) Бақыт кілті еңбекте.
ә) Сақ жүрсең, сау жүресің.
б) Жақсыға айтсаң- білер, жаманға айтсаң- күлер.
4. Тәжірибелі педагогтардың тәлімгер болуына көзқарасыңыз:
а) Ақылды мақтанса- істі тындырар,
Ақымақ мақтанса- аяғын сындырар.
ә) Қадір білмейтінге қадіріңді кетірме.
б) Шегірткенден қорыққан егін екпес.
5. Балалармен сабақ өткізу:
а) Бөрікті тастап бөріден құтылуға болмайды.
ә) Ат тұяғын тай басар.
б) Әркім өз бойны қарап тон пішер
6. Күн тәртібінің режімдік кезеңдерін өткізу:
а) Тең-теңімен, тезек қабымен.
ә) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
б) Балалы үйдің ұрлығы жатпас
7. Ата-аналар жиналысы
а) Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
ә) Көш жүре түзеледі.
б) Жақсының қаситеі- жарастыру,
Жаманның қасиеті- таластыру.
8. Педагогикалық кеңеске қатысу:
а) Жақсыға жанас, жаманнан адас.
ә) Сөзіңді айт ұққанға, айтып-айтпай не керек, құлағына мақта тыққанға.
б) Адаспаймын деген адам тал түсте адасады.
9. Оқу жылының аяқталуы
а) Құтты қонаққа- тәтті тамақ.
1 бөлім
Педагогикалық кеңестер
«Ең үздік» премиясын марапаттау рәсімі, қорытынды педагогикалық кеңес.
Әдіскер: Қайырлы күн! Міне осымен оқу жылыда аяқталды. Қорытынды педагогикалық кеңесімізді барлығына белгілі «Ең үздік» телебағдарлама негізінде өтетін болады.
Егер тәрбиешілерден «Кімнің балалары ең жақсы, үздік, керемет балалар?» деп сұрайтын болсақ, олар әрине өз тобының балаларын айтады. Балалардан сұрайтын боласақ, олар өз сүйікті тәрбиешілерін айтатыны сөзсіз. Бейнеролик.
Сол себепті бүгінгі педагогикалық кеңесті «Ең үздік», бәрінен жақсы, керемет -педагогтар демекпіз.
Бүгін сіздер ең дарынды, шығармашыл, жарық, өнерлі балалар, осы балабақшамыздың түлектерін көреміз. Олар бізді оқу жылының аяқталуымен құттықтауға, өз өнерлерін көрсетуге және ең үздік педагогтарды марапаттауға келіпті. Қарсы алайық!
Ал ең үздігін сіздер өздеріңіз педагогикалық кеңестің соңында дауыс беру арқылы шешетін боласыздар.
Енді бәрінен де үздік, керемет, бірінші қонағымызды қарсы алайық!
Республикалық, халықаралық дәрежеде танылып, халық марапатына ие «Ақ бұлақ» қобызшылар тобының қыздары Анафина Алина мен Асыбаева Альбина.
Сәлеметсіңдер ме, Алина, Альбина! Біздің естуімізше сіздер үнемі әр түрлі конкурстар мен байқауларға қатысып жүреді екенсіңдер. Бізге әкелген өнерлерін көрейік.
Рахмет, Алина, Альбина! Алина мен Альбина сендер біздің балабақшаға келдіңдер солай ғой, тәрбиешілерің кім болды, естеріңдер ме? Тәрбиешілеріңе қандай тілектерің бар?
Құрметті, Алина, Альбина! Бүгін біз «Ең үздік» педагогтарды марапаттаймыз. «Даму жолында» номинациясы. Бұл номинацияда оқу жылында өзінің шеберлігін, біліктілігін жетілдіріген, семинарларға қатысқан педагогтар марапатталады.
Марапаттау рәсімін алғашқы болып өздерің бірінші хатты ашып бізге «Даму жолында» номинациясының жеңімпаздарын жариялаңыздар.
Утепова Жанар Маратқызы
Сіздерге құпия айтайын. Жеңімпаздардан басқа лауреттар, яғни «Даму жоллында» номинациясының лауреат атақтары бар. Енді келесі лаурет атағын беруге көшейік. (Лауреаттарды марапаттау рәсімі)
Шокусова Айнұр Мақсұтқызы
Идрисова Қарлығаш Ғомарқызы
Ашимова Бакытжамал Қарайқызы
Рахмет, Алина, Альбина!Сендерге де арналған марапатымыз бар, қабыл алыңыздар. «Ең үздік» марапатының медалі.
Шығармашылық топтар есебі.
«Үміт» шығармашылық тобы. Сыздыкова Л.А.
«Бірлік» шығармашылық тобы.Шокумова А.М.
«Күншуақ» шығармашылық тобы.Маханова Г.М
«Шапағат» шығармашылық тобы. Хызырхан З.
Шығармашылық топ жетекшілері мен топ мүшелеріне атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіреміз. Осындай жұмыстардың арқасында педагог шеберлігі шыңдалады.
Өзі нәзік, өнерді бағалайтын, бейнелеу өнеріне бейім оны жақсы көретін қызымыз Тұрсынова Алина.
Сәлеметсің бе, Алина! Қолыңыздағы не? Бұл суреттердің бәрін өзің салдың ба? Қандай әдемі! Керемет! Осылай сурет салуды қайда үйретеді?
Тәрбиешілерің туралы жылы лебізіңе рахмет, Алина!
«Алтын қалам» номинациясы. Бұл номинацияда оқу жылы бойы балабақша сайтына ең көп материал, мақалалар салған педагогтар марапатталады.
Енді саған келесі хат қалтаны ашып «Алтын қалам» номинациясының жеңімпазын айт.
Жапабаева Ләззәт Қабыкенқызы(Лауреаттарды марапаттау рәсімі)
Рахмет, Алина! Сағанда арналған марапатымыз бар қабыл ал. «Ең үздік» марапатының медалі.
Дәрігер Мейрманова Р.Ш. есебі
Тағыда марапаттау рәсіміне көшейік. «Алтын қалам» номинациясының лауреаттарын марапаттау.
Машкенова Күлжиян Серіктайқызы
Иманова Бикеш Надырханқызы
Идрисова Қарлығаш Ғомарқызы
Утепова Жанар Маратқызы
Асаинова Гүлмира Халелқызы
Тасбулатова Қалима Қайыргелдіқызы
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй» - демекші ортамызға тағы да бір түлегіміз, әнші қызымыз Мұратова Нұрайды шақырамыз.
Сәлеметсің бе, Нұрай! Мен сені «Лучше всех» телебағдарламасына барғың келетінін білдім. Сол себепті бүгін сенің жолың болды, бүгін сен сол бағдарламаның қатысушысысың. Бізге айтып берші музыкамен айналысу қалай басталды?
Нұрай, сен балабақша келгенде әр түрлі шараларға қатысып, тақпақ, ән айттың. Сол тақпақ, ән айтуды саған балабқшада кім үйретті? Сол тәрбиешіге айтар тілегің қандай?
«Ғылымға қадам» номинациясы. Бұл мараптқа оқу жылы бойы үнемі конкурстарға қатысып жоғары жетісітікке жеткен педагогтар ие болады.
Рахмет, Нұрай! Енді саған келесі хат қалтаны ашып «Ғылымға қадам» номинациясының жеңімпазын айт. (Лауреаттарды марапаттау рәсімі)
Асаинова Гүлмира Халелқызы
Ашимова Бакытжамал Қарайқызы
Сағанда арналған марапатымыз бар қабыл ал. «Ең үздік» марапатының медалі.
Психолог Жапабаева Л.К. есебі
Лауреаттарды марапаттау
Жапабаева Ләззәт Қабыкенқызы
Оразбаева Айман Қуанышқызы
Шокусова Айнұр Мақсұтқызы
Идрисова Қарлығаш Ғомарқызы
Джунуспекова Гүлсім Рамазанқызы
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Сәлеметсің бе! Домбыраңды ала келген екенсің онда домбырамен бір өнеріңді көрсет.
Домбыра тартуда қайдан үйрендің? Оған түрткі болған балабақша болар, себебі біздің балабақшамызда балалрымыз домбыра үйренеді. Барған тобың мен апайларың есіңде ме? Ол туралы есіңде не қалды? Рахмет!
«Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы. Бұл номинацияға оқу жылы бойы шығармашылықпен айналысып, ертеңгіліктер мен мерекелерде көп рөл ойнаған, қызықты шаралар ұйымдастырған педагогтар марапталады.
Енді саған келесі хат қалтаны ашып «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясының жеңімпазын айт.
Шурина Шолпан Жакенқызы (Лауреаттарды марапаттау рәсімі) Сағанда арналған марапатымыз бар қабыл ал. «Ең үздік» марапатының медалі.
Тасбулатова Қалима Қайыргелдіқызы
Маханова Гүлнар Мадешқызы
Сағынтаева Ханшайым Жақсылыққызы
Әдіскер Оразбаева А.Қ. есебі.
Спорт сенің серігің
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс.
Біздің түлегіміз, спортпен шұғылданып, күреске ден қойған баламыз Ғазизов Рауан. Қарсы аламыз!
Сәлеметсің бе, Рауан! Спортпен шұғылданған өзіңе ұнай ма? Қандай арманың бар?
Өзіңе осы балабқшада білім береген пән мұғалімдері есіңде ме? Олар кімдер? Не үйретті?
Менің есімде балабқшадағы ертеңгіліктерде сен жақсы өлең оқитынсың, ұмытып қалған ижоқсың ба? Олай болса бізге бір өлең оқып берші.
«Бірге тәрбиелейміз» номинациясы. Бұл номинацияға ата- аналармен жұмысты ұйымдастыруда белсенділік танытып, жақсы қарым- қатынаста болған педагогтар марапатталады.
Енді саған келесі хат қалтаны ашып «Бірге тәрбиелейміз» номинациясының жеңімпазын айт. (Лауреаттарды марапаттау рәсімі) Сағанда арналған марапатымыз бар қабыл ал. «Ең үздік» марапатының медалі.
Шурина Шолпан Жакенқызы
Маханова Гүлнар Мадешқызы
Джунуспекова Гүлсім Рамазанқызы
Иманова Бикеш Надырханқызы
Утепова Жанар Маратқызы
Асаинова Гүлмира Халелқызы
Табысты, сыйлы, дана, еңбекқор, ең үздік, керемет, әділ, шындықты жақтаушы, сұлу «Болашақ» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі Махатова Р.К. қошеметтеп ортаға шақырайық.
Роза Кеңесқызы біздің балабқшада 3 жылдан аса еңбек етіп келеді. Осы үш жыл ішінде ол кісі біздің жүрегімізден орын тапты. Барлығымыздың жүзімізден- ақ көңіліміздегі кірбіңді байқап, қашанда қолдау көрсетіп, ақыл- кеңес беруші. Біздің меңгерушіміз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Олардың жан- жақты дамуы үшін барлық жағдайды қолынан келгенше жасайды. Аянбай еңбек етеді. Сондықтан келесі номинацияны марапаттау рәсімін жариялау сізге беріледі.
«Бүкіл әлем сенің қолыңда» номинациясы. Бұл номинацияға оқу жылы бойы топ бөлмесін, көрмені ұйымдастыруда шығармашылық танытқан педагогтар марапталады.
Енді саған келесі хат қалтаны ашып «Бүкіл әлем сенің қолыңда» номинациясының жеңімпазын айтыңыз.
Сізгеде арналған марапатымыз бар қабыл алыңыз. «Ең үздік» марапатының медалі.
Утепова Жанар Маратқызы
Асаинова Гүлмира Халелқызы
Шокумова Айнұр Мақсұтқызы
Боранбай Әсемгүл Жантасқызы
Иманова Бикеш Надырханқызы
Тасимова Нұрсауле Қайырбайқызы
Бурханшина Мақпал Абайқызы
Сағынтаева Ханшайым Жақсылыққызы
Бабатаева Жұлдыз Жақсылыққызы
(Лауреаттарды марапаттау рәсімі)
Тағыда барлық жеңімпадар мен лауреаттарды құттықтаймыз! Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Міне ең жауапты кезеңде келіп жетті. Қазір біз сіздеремен «Жыл тәрбиешісі 2018» марапатына ие болатын педагогты таңдаймыз. Ол үшін сіздерге берілген қағазға сіздердің ойларыңызша биылғы оқу жылында ең жақсы, ең үздік тәрбиеші атағына лайық деп тапқан педагогтың есімін жазуды сұраймыз. Жазған қағаздарыңыздв дауыс беру жәшігіне саласыздар. Дауыстарды санау. Жеңімпазды жариялау.
Балабақша өміріне, бала тәрбиесіне бейжай қарай алмайтын тағыда бір керемет жандар отыр ортамызда. Балаларымыздың қамқоршысы, асыраушысы, қолдаушылары, жол нұсқаушылары және ең маңыздысы балаларға өмір сыйлаған ата-аналарды қарсы алайық! Ата- аналар комитеті. Сондықтан келесі номинацияны марапаттау рәсімін жариялау сіздерге беріледі.
«Жыл тәрбиешісі 2018» марапаты.
Келесі хат қалтаны ашып «Жыл тәрбиешісі 2018» номинациясының жеңімпазын айтыңыз. Утепова Жанар Маратқызы
Сізгеде арналған марапатымыз бар қабыл алыңыз. «Ең үздік» марапатының медалі.
(Лауреаттарды марапаттау рәсімі)
Осымен біздің педагогикалық кеңесіміз өз мәресіне жетті. Бүгін біз 2017-2018 оқу жылының қорытындысын жасап, ең тамаша сәттерді есімізге алдық. Ал енді бүгінгі педагогикалық кеңестің шешімін оқуға рұқсат етіңздер.
«Ұстазым» әнін хормен орындау, фотоға түсу.
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейiнгi балалардың дыбыстық сөз мәдениетін қалыптастыру бойынша бiлiм беру жұмысының тиiмдiлiгін жоғарлату»
Мақсаты:Мектеп жасына дейiнгi балалардың дыбыстық сөз мәдениетін қалыптастыру бойынша бiлiм беру жұмысының тиiмдiлiгін жоғарлату негізнде, жұмыс түрлерін жүйелендіру, педагогтардың білімдерін толықтыру.
Тақырыбы: «Бала денсаулығын сақтауда денсаулық сақтау технологиясының маңыздылығы»
Мақсаты:
Барысы:
1 слайд. Дене шынықтыру- сауықтыру жұмыстарын жоспарлау.
Тәрбиешілерге жүйелі түрде дене шынықтыру- сауықтыру ойын- сауықтарын, шараларын өткізу
Педагогтың кәсіби шеберлігін бағалау
Өз жұмыстарында СӨС қолдану (ойынтерапия, әр түлі массаж түрлері)
Релаксация, ұйқыдан ояну жаттығулары мен ойындарынының картотекасын жасау
Топтардағы заттық – дамытушы орта
Спорт бұрышын дәстүрлі емес спорт құралдарымен толықтыру
2 слайд “Балабақшадағы жаңашыл денсаулық сақтау технологиялары”
3 слайд
Тақырыбы: «Ойын қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әрі табысты әлеуметтендіру»
Тіл дамыту мәселесінің өзектілігі
Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалар тілдерінің дамуы үлкен өзекті мәселе. Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілдерінде әр түрлі ауытқулардың кездесуі, жоғарғы көрсеткіште тұр.
Жоғарыда айтылған сөйлеу тілінің даму түрлері өте маңызды.
Сөйлеу тілін жақсы меңгеру жолдары
Сөйлеу тілін дамыту үшін балалардың үлкендермен, өз жасындағы балалармен қарым- қатынас жасауға жағдай жасау.
2. Педагогтардың әдеби тілді меңгеруі.
3. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдің дыбыстық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету.
4. Балалардың сөздік қорларын дамытуда жас ерекшеліктерін ескере отырып дамыту.
5. Балалардың грамматикалық дұрыс сөйлеуіне жағдай жасау.
6. Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда жас ерекшеліктерін ескере отырып дамыту.
7. Балаларды тілді түсінуін дамыту, берілген нұсқауды орындатуға үйрету.
8. Балаларды көркем әдебиетті оқуға баулу.
9. Балалардың шығармашылықтарын, жаңа сөз ойлап табуларын көтермелеу.
Балалар тілінің даму әр түрлі
қызметте дамиды
Іскерлік ойын
Сөйлеу тілі мардымсыз.
Оңтайлы тәсіл таңдаймыз.
Бүгінгі жаңашыл әдістер,
пайдалы деп ойлаймыз.
Педагогтар үш топқа бөлініп, капитандарын сайлап, топ аттарын, ұрандарын айтады.
Тапсырма: тәрбиешілердің білім мен білік деңгейін анықтайтын ойын тест
Әдіс |
Тәсіл |
Сөздік |
Шығарманы оқу Мазмұны бойынша балаларға сұрақ қою Шығарманы мазмұндау Жатқа айту Мәнерлеп оқу Шығарма бойынша әңгімелесу Аудиотаспа тыңдау |
Практикалық |
Драмалық ойындар Сахналау Дидактикалық ойындар Театрлық ойындар Әр түрлі театр түрлерін қолдану Ойын қызметі |
Көрнекілік |
Суреттер мен иллюстрациялар қарау Қол, саусақ қимылымен көрсету Схемалар Мультфильм, видеокітаптар қарау Кітап көрмесін жасау |
Тапсырма: Өзіңе серіктес табу. Серіктестен қандайда бір зат сұрау. (көзілдірік, қалам т.б.)
Міндет: Өз қалаған нәрсеңді серіктесіңнен сұрау кезінде саған бас тартпайтындай етіп айту.
“Танысу” жаттығуы
Жағдай: Балабақша меңгерушісінің кабинетінің жанында ана тұр. Ананың бойында өзіне дген сенімсіздік ұялаға. Қасында ойыншығы бар баласы бар.
Міндет: Бастаушы рөлін өзіңізге алып жас анамен танысу, бірінші болып әңгіме бастау. Бастаушы рөлде - “ меңгеруші”, “тәрбиеші”, “ата-ана”.
Сөйлеу тілі оқу қызметіне баланың қызығушылығын туғызу үшін не істеу керек?
Қой аузынан шөп алмас - жуас
Ит жанды – шыдамды
Таяқ тастам – алыс
Мұзға отырғызып кету – алдау
Жұмған аузын ашпау – үндемеу
Көзді ашып жұмғанша - тез
Бас кеспек болса да, ......... (тіл кеспек жоқ)
Жеті жұрттың тілін біл,......... (жеті түрлі ілім біл)
Жыланның уы тісінде, ...... (адам уы тілінде)
Тұз астың дәмін келтірсе,...... (мақал сөздің сәнін келтіреді)
Ел үмітін ер ақтар,......... (ер атағын ел сақтар)
Тоқсан ауыздың сөздің.............. (тобықтай түйіні бар)
Ит терісін ................... (басына қаптау)
Бетінен оты............... (шығу)
Балалы үй базар,....................(баласыз үй қу мазар)
юмйотқааұқ (отқа май құю)
зқрлыоұау (қолы ұзару)
жеіқадарңғтүытне (жеті қараңғы түнде)
ктесіеу (есі кету)
лиыйтұыбаасатрғсз (ит байласа тұрғысыз)
табанын жерге тигізбеді (табанын жерге тигізбеді)
Құйрығы жоқ мысық (Мақта қыз бен мысық)
Ән айтатын нан (Бауырсақ)
Әжесін жеп қоятын қасқыр (Қызыл телпек)
Етті тығатын бай (Алдр Көсе мен Шықбермес Шығайбай)
Алтын жұмыртқалайтын тауық (Шұбар тауық)
Бірлігі мықты отбасы
Бірінші жол —синквейн тақырыбы, бір сөз. ( зат есім немесе есімдік), не немесе кім туралы айтылытынын білдіреді.
Екінші жол — екі сөз (көбіне сын есім немесе есімше), синквеин затының н/е нысанының қасиеті мен сапасын білдіреді.
Үшінші жол — үш етістік немесе көсемшемен жасалған, іс-әрекетті білдіреді.
Төртінші жол — төрт сөзден құралған, аталған затқа н/е нысанға жеке көзқарасың.
Бесінші жол— бір сөз-түйіндеме, затты сипаттаушы сөз.
Өмір тақырыбына:
Өмір.
Белсенді, қарқынды.
Тәрбиелейді, дамытады, үйретеді.
Өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді.
Өнер.
(Бала, жұмыс, тәрбиеші)
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаланың әлеуметтік- тұлғалық дамуы үшін театрландырылған қызмет арқылы жобалау технологиясын қолдану.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаланың әлеуметтік- тұлғалық дамуы үшін театрландырылған қызмет арқылы жобалау технологиясымен таныстыру, балалармен жұмысты жоспарлауда қолдану тиімділігі туралы білімдерін толықтыру. Іс тәжірибеге енгізуді қолға алуды дағдыландыру.
Өткізілу түрі: іскерлік ойын
Театр- балаларға арналған ең қолжетімді және десократиялық өнердің бір түрі және ол:
Театрландырылған әрекеттерді қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру
Балалардың бірлескен және дербес театрландырылған әрекеттерін қамтамасыз ету үшін топта бала өз рөлінің мазмұнын еске түсіретіндей, шығарма мазмұнының иллюстрациясын қарастыра алатындай театрлық аймақ немесе театрлық бұрыш жабдықталуы қажет.
Балалардың дербес қызығушылығын жүзеге асыру мақсатында заттық - кеңістіктік ортаны таңдау еркіндігі қамтамасыз етіледі.
Театрландырылған әрекеттер аймағында:
ІІ кіші топ
Бұл жастағы балалардың алғаш рет режиссерлік театрландырылған ойындарды –
қорап театры, табиғат театры.
Игеру үдерісі халықтық және авторлық тақпақтар, ертегі, әңгіме мәтіндері бойынша шағын-қойылымдарды қамтиды. Саусақ театрында балалар пішіндерді берілген тақырыптар бойынша ересектермен бірлесіп қолдана бастайды.
Ортаңғы топ
Қуыршақпен шай ішу әрекеттері жаңа мазмұнға ие. Балаларға үлкен қуыршақтар (шымылдықсыз, оқу жылының соңында шымылдықпен) театры да, қасықтар театры да қол жетімді. Балалар поэзиялық және прозалық қойылымдар көрсетеді. Саусақ театрында бала таныс әлди мен тақпақтар негізінде сол бойда ойдан шығарып дербес әрекеттерді қолданады, өзінің сөзіне сай қимылдар жасайды. Баланың театрлық-ойындар білігі айтарлықтай күрделене түседі.
Ересек топ
Күтілетін нəтижелер:
өзіне өзіндік қарым-қатынасын ауызша емес құралдар кешенінің көмегімен,
дауыс ырғағы және тілдік мәнері арқылы білдіру қабілеттері дамиды;
қызығушылық танытады;
алмастырушы – заттарды шығармашылықпен қолданады, атрибуттарды,
костюмдердің элементтерін өзбетімен әзірлейді, афиша мен шақыруларды
дайындайды және т.б. қабілетті, яғни көркемдеуші-костюмердің негізгі
біліктерін меңгерген;
шынайы қарым-қатынас жоспарына ауысады) және театрландырылған
қойылым нәтижелеріне талдау жасағанда құрдастарымен тілдесе білудің оң
тәсілдерін пайдаланады.
Мектепке дейінгі ересек жас кезеңіндегі бала бейнелік-ойын этюдтармен қатар, сол бойда ойдан шығарылатын ойындармен, сахналаумен, соның ішінде бірнеше әдеби шығармалардан тұратын «коллаж» негізінде қойылымдарды өзбетімен әзірлеу мүмкін бола бастайды.
Марионеткалардың, «жанды қолдары бар» қуыршақтардың, таяққа орнатылған қуыршақтар есебінен режиссерлік ойындар тәжірибесі байи түседі.
Мектепалды даярлық тобы ( 6 жастан 7 жасқа дейін)
Жұмыстардың міндеттері мен мазмұны:
Күтілетін нәтижелер:
“Театр қонақ бөлмесі” іскерлік ойыны.
Әр топ өз топтарының жас ерекшелігіне байланысты ойын драматизацияларын ойнап көрсетеді. Мысалы:
Кіші топ (Саусақ театры) «Бауырсақ» ойыны
Педагогтың міндеті: ұжымда көңілге жағымды жағдай жасау.
Балалардың міндеті: өзге балалар мен өз іс-әрекетерін қадағалауды дамыту.
Төлсипаттар (атрибуттар): саусаққа тоқылған ертегі кейіпкерлері (қоян, қасқыр, аю, түлкі, ата, әже, бауырсақ) және үй мен орман декорациясы.
Алдын ала жұмыс: видеодан ертегіні көру, суреттер қарау, кейіпкерлер сөзін жаттау.
Ойын ережесі: 7 бала ойынға қатысады. Жүргізуші ересек адам. Тәрбиеші рөлдерді бөлуді және кейіпкерлердің рөлді орындау кезектерін қадағалайды.
Ойын әрекеті: Ойын үйде басталады. Әже бауырсақ пісірді. Ол орманға домалап кетті. Орманда қоян, қасқыр, аюды кездестіріп олардан кетіп қалды. Түлкі ғана оны алдап жеп қойды.
Нәтиже: тәрбиешінің көмегімен ертегіні сахналау.
Этюдті тренаж
А.Барто “Доп” кіші топ
Таня еңіреп жылады:
Добы өзенге құлады.
Жылама, Таня, жылама,
Батпайды добың қалайда.
Тәрбиеш1 балалармен тақпақты бірге оқиды. Таня қыз қайғыны,аяушылықты, үмітсіздікті, допты өзеннен алал алмайтынын көрсетеді. (доп жерде құрсау- көлде жатыр)
Басқа бала Таняға допты алуға көмектеседі. (таяқпен, тормен)
К.Ыбыраев “Доп” барлық балалармен ойнауға болады
Бұл ойынды кез келген жыл мезгілінде топта, алаңда ойнауға болады.
Ойын барысы: тәрбиеші балалармен бірге өлеңді оқиды.
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тенетек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Тақпақтың мазмұнына қарай қимылдар жасау.
«Егер бұл...» ойын-пантомима
Мақсаты: пантомимикалық дағдыларын дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаларға ұсынады:
1. Үстелдің қасына келіп қару, егер бұл... болса
— от,
— аквариум,
— торт,
— гүлдер.
3. Бір біріне кітапты:
— кірпіш,
— торт тілімі,
— стакандағы су т.б. беру.
4. Үстелден қарындашты алу
— құрт,
— ыстық піскен картоп,
— кішкентай моншақ сияқты.
5. Салынған түзу бойынша арқан үстінде келе жатқандай жүру.
6. Әр түрлі әрекеттерді ойнау:
— картоп тазалау,
— моншақ тізу,
— балмұздақ жеу т.б.
Сұрақ- жауап
Әр топтың мүшесі сұраққа жазбаша жауап береді.
1. Театр қызметі балалардың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді?
2. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қандай театр түрлерімен таныс болу керек? (І, ІІ кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтары).
3. Оқу жылынды жас ерекшелігіне байланысты балалар қандай ертегілермен және театр түрлерімен танысты?
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әрiптестiк қарым-қатынас құрудағы жаңа технологиялар
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әрiптестiк қарым-қатынас құрудағы жаңа технологиялармен таныстыру, оларды ата-аналармен жұмысты жоспарлауда қолдану тиімділігі туралы білімдерін толықтыру. Іс тәжірибеге енгізуді қолға алуды дағдыландыру.
Өткізілу түрі: іскерлік ойын
3 слайд. Отбасымен өзара әрекет етудің негізгі бағыттары:
4 слайд. Осы бағыттардан тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара әрекет ету жұмыстары туындайды және іске асады.
МДҰ дамуының жоспарын жасау, жұмысын ұйымдастыру мақсатында ата-аналардан сауалнама, пікіртерім алынады.
Ата-аналарға сауалнама ұсынылған болатын. Сауалнаманы зерттеп, саралай келе төмендегі нәтижелерді көрдік.
Ата-аналар сауалнамасы бойынша жиынтық кестесі.
05 ақпан 2020 жыл
Ата-аналарға арналған сауалнамаға _149 ата- анадан 126 қатысты.
Сауалнама сұрақтары |
жауаптар |
Жауаптар саны |
Сіздің балаңыз балабақшаға қандай көңіл күймен келеді? |
а) қуана барады; |
76 |
ә) кейде барғысы, кей кезде барғысы келмейді; |
47 |
|
б) барғысы келмейді |
3 |
|
Менің байқауымша балабақша баламды дамытады.
|
а) иә, дамытады; |
115 |
ә) жартылай дамытады; |
10 |
|
б) дамытпайды. |
0 |
|
Біздің балабақша қаламызда абырой,беделге ие ме?
|
а) абырой, беделге ие; |
105 |
ә) жауап беруге қиналамын; |
17 |
|
б) абырой, беделге ие емес. |
1 |
|
Мен баламның өмірі туралы ақпаратты топтан аламын. |
а) иә аламын; |
106 |
ә) жартылай аламын; |
16 |
|
б) алмаймын. |
1 |
|
Мен балабақша жұмысының ұйымдастырылуына ризамын. |
а) ризамын; |
119 |
ә) жауап беруге қиналамын; |
5 |
|
б) риза емеспін. |
1 |
|
Балабақша жұмыс туралы ұсыныстар мен коментарилер. |
Логиканы дамыту Көңіл толтырарлық Ұжымға бақыт, шығармашылық табыс Бәрі ұнайды (Балдәурен,Сұңқар т.) Жайнай берсін Кешкі асты беруді ойластыру Биіктерден көрінсін Ұжымға, жұмысқа сәттілік Жоғары белестерден көріне беріңіздер, жақсылық тілейміз Шыдамдылық тілеймін гүлдене беріңіздер Балабақшаға, тәрбиешілерге сәттілік тілеймін Денсаулық тілеймін, көркейе берсін (Жұлдыз т) Балалар жеңіс көп болсын Жұмыста шығармашылық табыс тілеймін (3) Еңбектеріңіз жансын Балалардың шығармашылық, зияткерлік дамуы бойынша тәрбиешілердің ұсыныстары (Сұңқар) Одан әрі дамып, өсе берсін |
|
Екінші мәселеміз ата- аналармен серіктестік қатынас құруға бағытталған.
Ата- аналардың құқықтық мәдениетін көтеру үшін қандай құжаттармен таныстыру керек екенін анықтап алайық.
Біріккен Ұлттар Ұйымында – ЮНИСЭФ балалар фонды бар. Бұл ұйым бірінші рет балалар құқығын қорғап шықты. Бұл ұйыммен бірқатар құжаттар дайындалды.
Ата –аналардың құқықтық мәдениетін көтеру |
|
Балалар құқығының декларациясы (1959 ж.) – балалрдың 10 негізігі қағидалар көрсетілген. Өзінің есімі, азаматтылығ, анасымен бірге болу, әлеуметтік қорғау т.б. |
БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясы (1989 ж.) – 54 бапта балалар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген |
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі |
ҚР «Білім туралы заңы» |
ҚР Конституциясында көрсетілген балалар мен ата-аналардың құқықтары мен жауапкершіліктерін зерделеу |
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы |
Ата- аналардың педагогикалық мәдениеттерін көтеру |
Төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады
Балалардың даму заңдылығы (балалардың жас ерекшелігіне сәйкес дене дамуы мен психологиялық дамуының ерекшеліктері) |
Отбасылық тәрбиелеудің заманауи жүйелерімен таныстыру |
Салауатты өмір салтын насихаттау |
|
Балаларды мәдени және рухани құндылықтарға тарту |
II. "Іскерлік ойын"
Мақсаты: ата- аналармен жұмысты ұйымдастыру, саралау арқылы қалыптастыру;дауды шешудің оңтайлы жолдарын іздеу; ата –аналармен қарым-қатынас жасау үшін жаңа жұмыс түрлерін іздеу; педагогикалық ұжымның ата-аналармен жұмыс жасау үшін бірлесіп тәжірибе жинау.
Өткізілу түрі: екі жұмыс, бір эксперт тобы.
Ойын барысы.
1 бөлім.Теориялық.
«Баланың отбасымен және мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақты серіктестік құруда интерактивті тәсілдің пайдасы» (Слайд шолу) әдіскер Оразбаева А.Қ.
2 бөлім.
Педагогикалық диктант
1. Ата- аналармен жұмыс жасауда өзіңіздің жеке мақсатыңыз бен көзқарасыңызды құрастырып жазыңыз
2. Ата-аналардың сізбен, яғни тәрбиешімен қарым- қатынас жасауын жақсарту үшін күнделікті ата-аналармен қандай әдіс- тәсілдерді қолданасыз. Соны жазыңыз
3. Сіздің ата-аналардан өзіңізге қандай кәсіби педагог ретінде көзқараспен қарауын қалайсыз? Бұл жазғаныңыз ата- аналардың сізге деген көзқарасымен сәйкес келе ме?
4. Сіздің ойыңызша педагог мамандар ата-аналардан не үйренуі мүмкін? Жазыңыз!
5. Сіздің ойыңызша ата-аналар педагог мамандардан не үйренуі мүмкін? Жазыңыз!
6. Ата- аналар балабақшаның күнделікті өмірін түсініп оған белсенді қатысу үшін не істеу қажет?
3 бөлім. «Қазіргі отбасы қандай ол?» ойын жаттығуы
Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің қазіргі отбасы туралы түсініктерін тексеру,тәрбиеленушiлердiң отбасы, ондағы шынайы ортаны зерттей білуі.
Өткізу барысы.
4 бөлім. "Ой тізбегін анықта"ойын жаттығуы.
Оқу міндеті: педагогтың ата- аналар тобымен кездесуге дайындығының іс- әрекетінің тізбегін анықтау
Жаттығу барысы.
Әр топ ата- аналармен кездесуге дайындық жүргізу жұмысының жолдарын белгінген уақыт ішінде өз ойларын жинақтап айтып ортаға салады Дәлел келтіреді
Бірінші топқа
Екінші топқа.
Мақсаты: ата- аналармен сенімдік қарым- қатынас орнату
Мақсаты:тәрбиеленушінің отбасындағы қиыншылықтармен танысу, серіктестікті бекітуге шақыру.
Мақсаты: ата- аналардың серіктестік қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін көрстеу.
4. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуын бірлесіп зерттеу, анықтау. Мақсаты: педагогтар мен ата-аналар арасында сенім орнатуға тәрбиелеу.
«Теңізге саяхат» қорытынды педагогикалық кеңес.
Әдіскер: Міне осымен оқу жылыда аяқталды. Қорытынды педагогикалық кеңесті бастамай тұрып, бәріміз амандасып, бір бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
«Сөйлемді аяқта» ойыны. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып бір біріне гүл бере отырып: «Қайырлы күн! Бүгін керемет күн, себебі...» деп сөйлемді аяқтайды.
Әдіскер:Жаз мезгілі келгенде барлығымыз демалысқа шыққымыз келеді. Теңізге, жылы экзотикалық елдерге барғымыз келеді. Сол себепті мен бүгін сіздерге теңіздегі жылы жағалауға саяхатқа аттануды ұсынып отырмын. Кемеге отыру үшін бізде билеттер бар. (билеттер таратылады). Саяхатымызға аттанбас бұрыс Капитанымызды сайлап алуымыз керек. (Педагогтар «каптитан- меңгеруші» болады деп шешеді)
(Музыка толқыны әуені ойнап тұр)
Педагогтардың рефлексияы (билеттерде әр түсті пішіндер бар)
Капитан команда мүшелеріне өткен оқу жылын қалай өткізгенін баяндауды бұйырады.
Капитан: Бір кезде, Капитан: көкжиектен бір нәрсе көрінеді? Ол кім болды екен? Бұл теңіз қарақшылары ғой!
Кемені теңіз қарақшылары басып алып, капитанды тұтқынға алады.
Әдіскер: Каптианды тұтқынға алды, енді не істейміз? Капитанды құтқару керек.
Теңіз қарақшылары, Каптианды босатыңдар, онсыз болмайды! Себебі Капитансыз жаңа білім беру технологияларының иірімінен түсіп қаламыз. Қандай шарт қойсаңдарда орындаймыз.
Теніз қарақшылары өзара сөйлеседі. Біз педагог- психолог не айтады екен соны естігіміз келіп тұр.
Педагог-психолог Дюсенбаева Н.Т. есебі.
Әдіскер:Капитанды құтқарып жатқанда команда екі лагерьге бөлініп кетті. (шаршы, үшбұрыш). Теңіз қарақшылары кемені батырамыз деп отыр. Сол себепті біз өзімізге қажетті керек заттарды қажеттілігіне қарай бір- бірлеп шығаруымыз керек.
Команда мүшелері 1 минуттың ішінде қажет заттарды жазып шығып, өз ойларын айтады.
Кемені құтқарамыз деп команда пальма түбіне демалуға жайғасты, бізге Капитанның көмекшісі не айтады екен деп тосып отыр, соны тыңдайық. Әдіскер Оразбаева А.Қ. есебі.
Әдіскер:Кемедегі заттарды тасимыз деп команадға суық тиіп аурыңқырап қалыпты. Осы кезде балабақшада осы балалар ауырады ғой, тіпті каратинде болады. Соны қалай емдеп жазады екен? Ол туралы медицина қызметкерлері дәрігер Мейрманова Р.Ш. есебінен тыңдаймыз.
Біраз отырып шаршап қалдық, Бой сергітіп алайық.
«Көңілді сандар»
Мен сан айтамын. Айтқаннан кейін қандай сан айтылса сонша адам тұру керек. Рахмет дегенде ғана отырады.Тапсырманы тыныш сөйлемей орындаймыз. М/ы: 2,4,7,9,10.
Әдіскер:Кеме суға кетті. Команда уайымға салынды. Осы кезде арамызда жүрген адам көмекке келеді. (педагог-психолог тренинг өткізеді)
Уайым кетті. Енді барлығымыз көмек сұрап телеграмма жазайық, оны бос шишаға салып теңізге жіберейік.
«Телеграмма» ойыны (экранда қысқа сөздер жазылып тұр)
Балық
Күн
Жаз
Демалыс
(осы сөздерден сөйлем құрастырады, ой аяқталуы керек). М/ы: балық – барлығы ауда, лезде ысқыр, құтқар!
Теңіз қарақшылары Капитанды босатады.
«Құпияны сақтаушы» ойыны. Аралда болғандықтан көмбе тастап кетейік. Қағазға келесі оқу жылында нені қалайтынын жазады. Сосын келесі оқу жылдың соңында қалағанының орындалғаны туралы білетін болады.
Әдіскер: Арман- өміріміздің желкені. Желкенсіз де өмір сүруге болады..., ақырын алысқа ұзамай. Ал мен сіздерге армандарыңыз желкенді, демалыстарыңыз жақсы өтіп, есте қалар керемет, ғажап сәттеріңіз көп болсын деп тілеймін.
Тақырыбы: «Балабақшадағы оқу іс - әрекеті»
Мақсаты:педагогтар мен тәрбиешілердің оқу іс-әрекетінің құрылымы, түрлері, ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелендіру, олардың педагогикалық шеберліктерін көтеру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
«Сөйлемді аяқта» тренинг
Өткізілу барысы: педагогтар мен тәрбиешілерге конверт ішінен сөйлем жазылған қағазды алып ойды аяқтау керек.
«Сабақтың кіріспе бөлімі, ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі емес түрде өткізу» педагогтар ойының жәрмеңкесі
Педагогтар 4 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің өткізетін оқу іс- әрекетінің кіріспе бөлімін, ұйымдастыру кезеңінде: зерттеу, ойын, іздестіру, проблема туғызу сияқты тәсілдерді қолдану қажет. Балалрдың жас ерекшеліктері, оқу іс- әрекеті өз еріктері бойынша таңдалады. Дайындалу уақыты 5-10 мин. Соңында өз ойларын қорғап жәрмеңкеге ұсынады.
«Күш пен әлсіздік» тренингі.
Барысы: Әр педагог, тәрбиеші бір парақ қағаз алып оны екі бағанға бөледі. Бір бағанға өзінің сабақты өткізудегі күшті, екінші жағына әлсіз жағын жазады. Кейін жүргізушінің ұсынысы бойынша қағазды умаждап қасындағы педагогқа ұсынады, осылай бір-біріне береді соңында үлкен доп болады. Бұл үлкен доп- білім жаңғағы. Бізбен сіздердің шеберліктеріңіздің арқаларында балаларымыз білімді болмақ. Біз оларды сүйіспеншілікке бөлеп өсіруіміз керек.
Тақырыбы: Балабақшадағы оқу іс- әрекеті
Мақсаты: педагогтар мен тәрбиешілердің оқу іс- әрекетінің құрылымы, түрлері, ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелендіру, олардың педагогикалық шеберліктерін көтеру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру
Сабақтың барысы:
«Сабақ» ұғымы – сабақ дегеніміз не? Сабақ– балабақшада балаларды оқытуды ұйымдастыру формасы.
Балаларды ұйымдастыру:
Сабақтың негізгі бөлімі:
Сабақты қортындылау:
Классификацияның қалануы. Атауы.
1. Дидактикалық міндеті
2. Сабақтың мазмұны
3.Ұйымдастыру түрі
- Бұл кез келген сабақ түрі өзінің негізігі бөлімімен ерекшеленеді.
4. Комплексті және интегрирленген сабақтардың айырмашылығы
Комплекс – бұл жеке бөліктерден құралатын бір тұтастық ( өнер, балалар әрекеті). Комплексті сабақта р әдетте таоқсанда бір рет жоспарланып музыка немесе бейнелеу өнері сабақтарының орнына өткізіледі. Комплексті сабақ балаларға таныс тақырып негізінде құралады. Бұндай сабақта түрлі әрекеттердің өз міндеттері шешіледі.
Мысалы: мереке кезіндег і көшені салмас бұрын, балалар мерке туралы ән тйтып, тақпақтар айтады
Интегрирленген сабақтар - бұл өзара терең байланыспен ықпалдасқан,өзара кірікен әр түрлі мазмұндар арқылы балаларды оқыту мен тәрбиелейтін сабақ түрі. Интегрирленген сабақта бір оқу іс- әрекеті басым түседі, ал қалғандары терең әрі кең түсінуге ықпалдасады. Интегрирленген сабақта жаңа материал оқып үйретуге бағытталады. Барлық оқу іс-әрекеттеріне жалпы ортақ тақырып бойынша және бірнеше тәрбиешімен өткізіледі. Оқу материалының мазмұны бір белгіленген тақырып төңірегінде болады.
Мысалы: «Аққу- ертегі құс» сабағы өзіне бірнеше әдістемелік әдіс-тәсілдер енгізген:
Бұл сабақта қоршаған орта, тіл дамыту мен көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының тапсырмалары бірге орындалып, біріктіріледі. Бұл тапсырмалардың барлығының мақсаты- ертегі аққу құсы туралы ұғым қалыптастыру.
5. Тәрбиешінің сабаққа дайындалуы
Тәрбиешінің сабаққа дайындалуы ш кезеңнен тұрады: сабақты жоспарлау, оқу құралдарын дайындау, балаларды сабаққа дайындау.
Сабақты жоспарлау:
Құрал- жабдықтарды дайындау:
Балаларды оқу іс- әрекетіне дайындау
7. Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Кроссворд «Балабақшадағы оқу іс-әрекеті»
Танымдылық белсенділікті арттарудың әдістері
(проф. Н. Н. Поддьяков, А. Н. Клюева)
• Анализ (талдау).
• Салыстыру.
• Моделдеу және құрастыру әдісі.
• Сұрақ- жауап.
• Қайталау.
• Логикалық тапсырмаларды шешу.
• Зерттеу мен тәжірибе.
Эмоционалды белсенділікті арттарудың әдістері (проф. С. А. Смирнов)
• Ойлау және ойын жағдаяттары.
• Еретгі, әңгіме, тақпақ- өлеңдер, жұмбақ т.б. құрастыру.
• Игры-драматизации.
• Тосын сый кезеңдері.
• Шығармашылық пен жаңашылдық элементтері.
• Әзіл- қалжың (оқукомикстері).
Шығармашылықты оқыту мен дамыту әдістері (проф. Н. Н. Поддьяков)
• Қоршаған ортаның жағымды әсерлері.
•Балалар қызметін уәждеу.
•Заттар мен тірі және өлі табиғатты зерттеу.
• Болжам жасау (заттар мен құбылыстардың қимылын қарастыру. Өткен, келер, бүгінгі уақытта.
•Ойын әдістері.
• Әзіл- қалжың.
• Зерттеу, тәжірибе.
• Проблемалы жағдаяттар мен тапсырмалар.
• Түсініксіз Неясные знания (топшалау, болжау).
• Жорамалдау (гипотезалар).
Комплекснті және интегрирлі сабақтар.
«Шетел сөздігінен»:
комплекс –заттар мен құбылыстардың бірігіп бір бүтін құрау;
интеграция - бөлшектердің бір бүтін болуы, қайта қалпына келуі.
СМ. Ожеговың сөздігінен:
комплекс - заттар мен құбылыстардың бірігіп бір бүтін құрау, үйлестіру;
интеграция - бөлшектердің бір бүтін болуы.
«Совет энциклопедия сөздігінде»:
комплекс - заттар мен құбылыстардың бірігіп бір бүтін құрау;
интеграция - бөлшектердің бір бүтін болуы, ғылымдардың байланысы, жақындауы.
Оқу іс- әрекетіне қойылатын талаптар
1.Ғылым мен парктикадағы жаңашыл жетістіктерді қолдану.
2. Дидактикалық принциптердің оңтайлы түрін пайдалану.
3. Заттық дамыту ортасын қамтамсыз ету арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
4. Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау.
5. Өзара сабақтастық жасау (оқу іс- әрекеттерінің арасында пән аралық байланыс).
6. Балалардың игерген білімдеріне ескере отырып өткен сабақпен байланысты орнату
7. Балалардың танымдық қабілеттерін белсендендіру (әдіс- тәсілдер).
8. Оқу іс-әрекетінің жүйелі құрылуы, мазмұндылығы.
9. Оқу іс-әрекетінде эмоционалды компонентің болуы ( сабақтың басы мен соңы әр қашанда жоғары эмоционалды түрде болуы).
10. Өмірмен және балалардың жеке өмір тәжірибесімен байланысты болуы.
11. Өздігінен білім алуға оны толықтыруға дағдыландыру.
12. Әр сабаққа тиянақты диагностика жасау, жобалау, жоспарлау, бағдарлау жасау.
Балабақша топтарындағы сабақ моделі
1.Кіріспе бөлім
2.Мақсаттарды жүзеге асыру, негізгі бөлім
а) Өткен сабақтағы материалды қайталау( есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін жандандыру)
б) жаңа материалды ұсыну
3.Қорытынды бөлім
Материалды қаншалықты игергендердерін анықтайтын тәсілдер
«Жоба қызметі: тәрбиеші болу үшін?» педагогикалық кеңес
1 Слайд Педагогикалық кеңес.
Қайырлы күн, әріптестер! Біз сіздерді педагогикалық Олимпте көргенімізге қуаныштымыз! Сіздер өздеріңіз мына қысқы олимпиада оыйндарының түрі бейнеленген бэйджді таңдап алуға ұсынамын. Енді осы белгілер бойынша өз орындарыңызға орналасуды сұраймын. Сіздер білесіздер 2011 жылы Қазақстанда Қысқы Азиада ойындары өтті, ал осы жылы Сочи қаласында қысқы олимпиада өтеді, сондықтан біз бүгінгі заманға лайық ағынан қалмайық деп осы тақырыпты алдық. Енді сіздерге төрешілерді таныстырайын. Төрешілер бүгінгі ойын барысын қадағалап, баға беріп отырады.
2 Слайд Күн тәртібі.
3 Слайд. Сонымен бізде неше команда жиналды? 5 команда жиналды. 5 түрлі қысқы спорт түрлері: биатлон, шорт- трек, фристайл, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау.
Тапсырма. Қатысушы командалар 3 мин. Ішінде өздерін таныстырады. Өздерінің қысқы спорт түрі туралы ақпарат айтады. Тұсау кесу.
Барлық командалар дайын!
4 Слайд. Біздің Олимпиадаың негізгі мақсаты – бұл ОЛИМП тауының шыңына жету!
Енді біздің негізгі тақырыбымызға оралайық. Бүгінгі бізідің педагогикалық кеңестің тақырыбын білу үшін мынадай тапсырмалар орындау керек.
2 тапсырма. Балаларға пазл құрастырғанды ұнатады. Әр команда үстелінде №1 конверт жатыр. Сол конвертті ашып, ішіндегі пазылды құрастыра отырып, бүгінгі педагогикалық кеңестің тақырыбын оқыңыздар.
5 Слайд. Бірінші болған команда қолын көтеріп, Педагогикалық олимпиада тақырыбын оқиды.
6 Слайд.«Жоба қызметі: тәрбиеші нені білу, нені түсіну, не істей алуы керек?» Неге бұл тақырып таңдалды?
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни жоба технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
7 Слайд. «Жоба» сөзі грек тілініен аударылғанда- зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді. Жоба қызметінің ерекшелігі- мұнда педагогтар, балалар және ата- анала бірлесе отырып қатыса алады. Олар тақырыпқа байланысты бірлесе материал жинайды. (ойындар, конкурстар, көрмелер, тұсау кесулер)
Мектепке дейінгі мекемелерде жобалау технологиясыың негізгі мақсаты- балаларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау, еркiн шығармашылық қабілетін дамыту.
8 Слайд«Жобалар» не үшін керек?
Балалардың өзіндік танытушылығы мен іскерлігін дамытуға көмектеседі;
қоршаған орта қызметiн балалармен меңгерiп, оларды жан-жақты игеруге көмектеседi;
балаларды бір топта жұмыс істеуге, ортақ шешім қабылдауға көмектеседі;
балалардың шығармашылық қабiлеттiлiктерiн дамытуларына мүмкiндiк туғызады;
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға;
бақылай бiлуге мүмкiндiк туғызады.
Тақырып белгілі болды. Енді мақсат – міндеттерді айқындап алу керек. Әр команда өз жауаптарын жазып дайындайды.
9 Слайд
• Нені білгіміз келеді?
• Нені түсінгіміз келеді?
• Неге үйренгіміз келеді?
Жауаптарды оқу.-3 мин.
Сонымен тақырып белгілі, мақсат қойдық.
10 Слайд.Олимпиада алауын жағамыз! Жоба- олимпиада эстафетасы басталды!
Олимп шыңын бағындыру үшін, сатылап баспалдақ жасай отырып көтерілуіміз керек. Олимп тауы, баспалдақтар белгіленген бейне ашылады.
1 баспалдақты ашамыз. Алауды қоямыз «Жоба қызметі дегеніміз не? »
11 Слайд. Бұл сұраққа қазір біз сіздермен жауп береміз.
тапсырма. №2 конверттеріңізде сіздер осы сұрақтың жауаптары берілген, соларды таңдап алып, оларды орналастырыңыздар. 3 мин.
Бірінші болған команда қолдарын көтереді. Төрешілір ойын аяқталғанын айтады.
Жауаптарды магнитті тақтаға орналастырамыз.
12 Слайд. Қорытындылаймыз: Жоба қызметі- бұл:
1. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу, іздеу, проблемалы әдіс- тәсілдердің жиынтығы.
2. Балалар, ата- аналар және педагог арсындағы серіктестік.
Бірінші баспалдақты өттік. Екіншк баспалдақ, алауды қоямыз.
13 Слайд. Жоба түрлері.
Жоба қызметінің түрлері сан алуан. Олар мерзімі және қатысушыларына қарай түрлі болып келеді. Балалабқшаға жақын Е.А.Киселева мен Т.А.Данилинаның жоба түрлеріне тоқталайық.
14 Слайд. Бұл 4 түрлі: шығармашылық- зерттеу, рөлдік ойын, шығармашылық және нормативтік.
Әр қайсысына жеке тоқталайық.
Шығармашылық- зерттеу жобасы бойынша сұраққа жауап алынады:
Құбылыстар қайдан пайда болады?
Құбылыстар қалай түсіндірілдеді?
Суреттер көрмесі, журналадар, жасалған заттар ретінде рәсімделеді.
Рөлдік ойын.
Өзінің аты айтып тұр. Қатысушылар өздеріне рөлдерді алып, соларды сомдап, образға кіреді.
Нормативтік. Жаңа ережелерді енгізу, ойлап табу, олардың орындалуы, түрлі нормативтік ситуациялар.
Шығармашылық. Нәтижелерді балалардың сурет көрмелері ретінде, балалар дизаині бойынша рәсімдеу.
4 тпсырма. Балабақшадағы жоба түрлерін анықтау. Әр үстелде №3 конвертте тапсырма берілген. Осы конверттің ішінде биылғы оқу жылында балабақшада жүзеге асатын жоба түрлерін табасыздар. Сіздерге оларды түрлеріне қарай топтастырып, орналастыру керек. 5 мин.
Нәтижелер тақтаға ілінеді.
Ал енді біраз демалайық.
15 Слайд. Физкультминутка - 2 мин.
16 Слайд. Олимпиада алауы 3 баспалдаққа көтеріледі.
17 Слайд. «Жоба кезеңдері»
Ғылыми- әдістемелік әдебиеттерде жоба қызметінің кезеңдерінің коп түрлері кездеседі.
18 Слайд. Балабақшада жоба қызметін іске асыруда ең маңыздысы:
1. Іздестіру (дайындық) – педагогтың жоба жұмысына дайындығы.
2. Аналитикалық – педагогтар мен балалардың білімдерін талдау.
3. Практикалық – жоба қызметін іске асыру.
4. Тұсау кесу – жоба қызметінің нәтижелерін ұсыну.
5 тапсырма. Педагог әрекеті мен кезеңдер арасындағы сәйкестікті орнату. Әр команда екі қатары бар таблица алады. №4 конвертте тапсырманы орындау әрекеті жазылған.
1 қатарға кезеңдер номірлері жазылады. 2 қатарға әрекет жазылады.3 мин.
Нәтижелерді салыстырайық:
3 минЖақсы командалық жұмыс!
19 Слайд. Эстафета 4 баспалдаққа көшеді, енді міне біз Олимп шыңындамыз!
20-21 Слайд. Жұмыс түрлері. Бұл не: бұл жобаға қатысушылардың шаралар, ойындар, істерді өзара ұйымдастыру.
Шаралар —бұл педагогтың немесе басқа біреудің ұйымдастырған тәрбиелік мәні бар оқиға, сабақ, ұжымдағы ситуациясы. Басқа сөзбен айтқанда ұйымдастырылып отырылған шара балаларға ұйымдастырылады, ал олар болса өз тараптарынан қабылдайды, қатысады, орындайды, реттейді т.б.
Тәрбие жұмысының түріне Е. В. Титова «Істерді» жатқызады.
Істер — бұл ұжым мүшелерімен ұйымдастырылатын және орындалатын жалпы жұмыс, маңызды оқиға.
Ойындар — бұл шынайы немесе қиялдан туындаған қызмет. Ойын мақсатты түрде ұжымда балаларды тәрбиелей отырып оқыту, үйрету, ойнату.
Біздің алауымыз Олимп шыңында!
23 Слайд. «Жоғалған әріптер» ойыны.
Енді бізідің не үйренгеніміз, нені түсінгеніміз, нені білгеніміз жайлы білетін кез келді.
Бұны білуде бізге спорттық киім көмектеседі. Әр қатысушыға спорттық майка қажет, қызыл немесе көк.
24 Слайд. Әр команданың үстелінде эстафета кезеңдері жазылған таблица бар. Әр қатысушы әр кезеңге өз майкасын жапсырады.
Қызыл майка – бәрін жеңдік, «өлшемім тура»
Көк майка – жаттығу керек, «тізесі қысады».
Барлығына 5 мин.
Финалдық музыка ойналады.
Олимп шыңы бағынды!
Осымен бізідің Олипиадалық кездесуіміз аяғына жетті. Мен сіздерге қашанда қиындықтарды жеңіп шығуларыңызға тілектеспін!
2 бөлім
Семинар
Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.
Ойын дегеніз-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ойын- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті.
Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Әр баланы қызыты әрі пайдалы ойынға бағыттау
Баланың психологиясын, жас жәнежеке ерекшелігін білу
Баланың белсенділігін баспау
Барлық ойнауға мүмкін ойындарды ұйымдастырып өткізе білу
Балалардың жалпы психологиялық дамутенденциясын ескеру
Ойын барысында бір- біріне кедергі жасамауға, топ бөлмесінде топтастырып ойнату, ойын түрлерін кезектестіріп ойнатуды білу
Осы үш мәселені шешу арқылы, балалардың жан жақты шығармашылық қабілетініңдамуымен байланысты.
баланың шығаршашылығын дамыту;
тіл байлығын, сөздік қорларын молайту ;
ақыл, ой- өрістерін кеңейту;
қызығушылықтарын арттыру;
қоршаған ортаны таныту;
танымдық қабілеттерін арттыру;
бұлшық ет, саусақ буындарын дамыту;
өз ойын ашық айтудыдағдыландыру;
серіктестік қарым- қатынас құруды дамыту; т.б.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлеміз және бұл біздің ең негізгі мәселеміз. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады. Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.
Семинар «Мектеп жасына дейінгі балалар құзіреттілігінің жүйелі жолын қалыптастыру»
2 слайд «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.
Н.Ә. Назарбаев
3 слайд. Қасында жүрін оның болашағын ойлайтын
әр адамның арманы - дені сау, әдемі баланы көру,
О.В. Дуда
4 слайд.Балалардың физикалық дамуы- бұл ғимараттың негізі, ірге тасы сияқты. Ірге тас неғұрлым берік болса, салатын үйімізде берік болмақ. Сол себепті балаларымыздың физикалық дамуының арқасында олар дамуында үлкен жетістіктерге, оқуға, білімге деген қызығушылықтары артады.
Дені сау балаларды тәрбиелеу бұл бүгінгі күнде жолға қойылған ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі дені сау ұрпақ еліміздің келешегі, болашағы десек болады.
5 слайд. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған (Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы » атты қазақстан - 2030 даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегідей мәселелердің шешімін тапты:
· салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымымен байланыстары жасалып, материалдық-техникалық ресурстары қамтамасыз етілді;
· құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
· гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярлау қолға алынуда;
• СӨС-ын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі ретінде «Салауатты өмір салты» атты кешенді бағдарлама жасалған. «Біз ауа райының әр күнімен доспыз» 3 дәрежелі диплом.
6 слайд. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру стандарты
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша:
7 слайд. Әр топтағы балалардың жас ерекшелігіне қарай бағдарламада дене тәрбиесі өз алдына мынадай мақсаттар қояды.
«Алғашқы қадам» бағдарламасында: «Бала денсаулығын нығайту, оның ағза қызметі мен жүйесін дамыту. Дене шынықтыру жаттығуларына саналы түрде түсініп, меңгеруін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту».
«Зерек бала» бағдарламасы: «дене бітімі жақсы қалыптасқан,денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. баланың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгерген, өз денсаулығын жете түсініп қарайтын және салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру».
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы: «денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиетін қалыптастыру».
Сонымен қатар біздің балабақшада балаларды жүзу оқу іс- әрекеттері, жазғы мезгілдегі сауықтыру, таңғы жаттығу, ояну жаттығулары арқылыда жүзеге асады.
8 слайд. Дене тәрбиесі - адамныц дене мүшелеріп шынықтырып, бала психикасыпың дамуына әсер ететін, адам ағзасыныц барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысыньщ, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педагогикалық процесс. Дененің дамуы - тәрбиеніц және бізді қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларыныц және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен турлерініц өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі - еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ец жоғарғы дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясыныц (сапалық өзгеріс) өзгеруімен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердіц жинақталуы жас шамасына қарай дамудьщ бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
9 слайд. Дене тәрбиесінің мақсаты - балалардыц денсаулығын нығайту, денесініц дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
2. Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
3. Бала денесін шынықтыру.
4. Балалардыц жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
10 слайд. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру барысына да балабақша меңгерушісі, әдіскер жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне, денсаулығына, дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші, әдіскер және тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысына басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып, сауықтыру шараларын жасайды. Дене тәрбиесінің нұсқаушысыда тығыз байланыста болады.
11 слайд. Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар: балалардьщ күтімі мен өсуіне қолайлы мәдени-гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененіц тазалығы, баланыц жасына және ауа райына жылы-жайлы киінуі, гимнастика жөне қимылды ойындар ойнатуяұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура түрінде, ауа және кун ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су қүйыну түрінде пайдаланады.
12 слайд. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тимділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық, физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата- аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балаларды күн тәртібін орындауға үйретеді, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
13 слайд. Сондықтан біздің балабақшада дені сау балаларды тәрбиелеу мәселесі маңызды орын алады. Биылғы 2012-2013 оқу жылында жылдық жоспардағы маңызды мәселелердің бірі осы денсаулық білім беру саласы. Биылғы жылы алға қойған мақсаттарымыз:
Мектепке дейінгі жастағы балаларды түрлі қызметтер арқылы дене сауықтыру жұмыстарын белсендендіру. (денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық, әлеуметтік білім беру салалары бойынша)
Дәстүрлі және инновациялық технологияларды енгізе отырып отбасымен салауатты өмір салтын ата-аналар клубтары арқылы насихаттау.
14 слайд. Осы орайда біздің балабақшада ұйымдастырылған ата-аналар клубтары, «Ұландар» жас спортшылар үйірмелері, ата- аналармен бірлескен оқу іс-әрекеттері, тақырыптық күндер арқылы біз ата-аналарды тартамыз.
15 слайд. Балалар тәрбиесіндегі дене тәрбиесі негіздері туралы ата- аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында жоғарыда айтылғандай қараша айында өткен
16 слайд. «Дені сау ұрпақ- еліміздің болашағы» денсаулық күні шарасында ата-аналар арасында «Толағай» отбасылық сайысы, «Күш бірлікте» атты жарыстар өткізілді.
17 слайд. Осындай қызықты әрі пайдалы игі шаралардың арқасында ата-анлар мен балабақша ортасында тығыз байланыс пайда болып, олардың дені сау ұрпақты тәрбиелеуге ат салысуға белсенділіктері артады. Отбасы - балалардың спортқа, салауатты өмір салтына деген көзқарастарына көп ықпал тигзеді. Салауатты өмірге тәрбиелеуді үйірме, басқада түрлі шаралар арқылы ғана емес , ол оқу іс- әрекетіндеде жүзеге асады.
18 слайд. Соңы
3 бөлім
Кеңестер
Балабақшада үстелді жабдықтау
Балабақшада балалардың өздерін жақсы күйде сезінудің бірден бір маңызды бөлшегі ол тамақтану деп айтуға болады. Тәрбиешілер балаларды үстелге отыруға үйретеді. Тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуының маңызды бөлшегі үстелді дұрыс әрі әдемі жабдықтау. Балалар тамақтанатын үстел дұрыс жабдықталуы балалардың тамақтану кезіндегі тәбеттеріне және мәдениттіліктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Үстелді жабдықтауда тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісне, топтағы кезекші балалар белсене көмектеседі. Балалар тамақтанған кезде кір ыдысты үстелдің шетіне қоюды дағдыландыру. Бұл кір ыдысты тәрбиешінің көмекшісі алып отырады. Балабақшадағы балаларды тамақтану кезінде асхана құралдарын дұрыс пайдалануға үйрететін әрине тәрбиеші. Айта кететін болсақ шанышқыны естияр топтары оқу жылының екінші жартысынан бастап пайдалана бастайды. Ал пышақты ересек топтарынан бастап қолданады. Балаларды сонымен қатар шай қасықты қолдануғада үйрету керек. Оны қай кезде қолданамыз десек? Мысалы шай қасық компот, ірімшік сияқты және тағы басқа тағамдарды жеу кезінде өте қажет.
Балаларды үстелді жабдықтауға үйрету үшін тәрбиешілер мен тәрбиешінің көмекшісі жағынан бірдей талап қойылып , қадғаланып отырған жағдайда ғана үлкен көрсеткіштерге жетеді және осы қызмет түрлерін зор ықыласпен атқарады.
Түскі тамақ кезінде екінші тағамды алдан ала салып қоюға болмайды себебі суып қалған тағамның пайдасы аз. Егер тәрбиешінің көмекшісі тамақтану кезінде балаларды қадағалап отырса онда ол әр балаға екінші тағамды беруге үлгереді. Көп балалар кеспедегі сарымсақ, пияз, сәбіз, ет, картоп сияқты тағамдарды теріп алып тастап отыратын жағдайлар көптеп кездеседі. Балаларды бұндай жаман әдеттен арылту үшін үлкен жұмыстар жүргізу қажет. Біз балаларға қашанда аспаз бізге тек қана жеуге жарамды тағамдарды беретінін айту, олардың адам ағзасына пайдалы екендігін ескертіп отыру керек. Сонымен қатар балаларды сұйық тағам ішкенде қоюын бірге жеуге үйрету. Кей кезде сұйық тамақтың ішінде жүрген тағамдарды (пияз, май) жемей-ақ қояйыншы деп рұқсат сұраса оны тарелкасының шетіне қойу керектігін айту. Нанды үстелдің ортасына кішкене етіп 20-25 грамм кесіп қоямыз.
Нан салғышта қашанда нанның саны бала санынан көпболу керек. Бала қанша жегісі келсе сонша жейді. Сонымен қатар балаларды екі қолдарын үстелдің үстінде ұстау керектігін үнемі айтып отыру. Біз балаларды қасықтың жанымен тағамды толтырмай, жалмай алып жеуге үйретеміз. Ыстық тағамдарды үрлемей жеуге оның қасында отырған балаларға қауіпті екендігін, күйіп қалу мүмкіндігінң бар екенін айту. Кіші топтағы балаларға котлет, қуырылған жұмыртқа т.б тағамдарды бөліп береміз, ал ересек балалар өздері шанышқынының бүйір қабырғасына қойып бөліп жейді. Сонымен бірге балаларға етті, котлетті гарнирмен бірге жеуге үйрету. Бесінгі тамақ кезінде көбіне қолдан піскен тәтті тоқаш т.б тағамдар беріледі. Осы берілген тоқаштарды жалпы ортақ тарелкаға қойып , балаларды таңдамай өзіне жақын орналасқанын алып жеуге үйретеміз. Сонымен қатар балаларды сүт, кофе, шай немесе басқада сусындарды тоқаштармен, бәліштермен ішуге дағдыландыру. Ас көктермен көмкерілге кеспені ішу сондай тәбет ашады. Сондықтан топта ас көк, пияз, сарымсақ, ақжелкенді өсіру қажет. Тамақтану кезінде тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі өзара сөйлескенде тек тамақтану туралы әңгімелесу қажет. Басқа бөтен әңгімеге сөйлесуге болмайды. Сонымен қатар балаларға «тез же» деп асықтыруға болмайды.
Үстел басында өзіңді ұстау ережелері
Сурет салу, жапсыру және мүсіндеу техникасының дағдылары мен біліктіліктері
1. сурет салу техникасы:
Қарындаш, түрлі – түсті бояулар, фломастер, қылқалам, салфетка, су құятын ыдыс.
2. мүсіндеу техникасы:
Ермексаз, сазбалшық, тақтайша, салфетка, ермексазды кесетін құрал.
3. жапсыру техникасы:
Кағаз, желім, қылқалам, қайшы, 2 салфетка, тақтайша, қорапша.
4. қию техникасы:
Қағаз, қайшы.
Ортаңғы топтан бастап қайшы беріледі.
Қайшымен тура қию.
Заттың бейнелеу кезіндегі біліктіліктері мен дағдылары
1. заттың пішіні (дөңгелек, сопақ, цилиндрлік – таяқшалар мүсіндейді)
2.заттың көлемі (кішкентай - үлкен)
3.заттың құрамы– екінші сәбилер тобынан бастап жалпы бейненің негізгі бөлшектерін ажырата білу керек – мысалы жоғары-төмен, үлкен-кішкентай,
4. заттың түсі
5. затты кеңістікте орналастыру
Сабақ түрлері
Жоспарды бағдарламаға сәйкес құрастыру.
1. еркін тақырып бойынша сурет салу – айына бір рет, барлық оқу әрекеттері бойынша.
2. декоративтік сурет салу – ортаңғы топтан бастап айына екі рет.
3. пәнаралық байланыс.
4. тәрбиелік мақсат.
«Қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттарын енгізу жолдары»
Еңселі егеменді еліміздің сапалы да, білімді болашағын калыптастыру әр азаматтың міндеті. Елімtіздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеу және оны оқыту бірінші ата- ана тәрбиесі болса, екінші білім беру мекемелері болмақ. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын epкін елдің ертеңгі щығармашыл кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана калыптасатыны белгілі.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайыкты, жан-жақты жетілген, бойында имандылык сана-сезім қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру - отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға мәлім.
Елбасының "Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан" атты жолдауында: "Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар денгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек" - деп атап өткендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан, бүгін білім беру жүйесінің қай саласында болмасын еліміздің өсіп өркендеуіне орай, заман талабына сай мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беру ошақтарында келешекте рухани адамгершілік касиеттерін калыптастыратын, коғамдық өмірге икемделген, білім сырларын бойына мұкият сіңірген, қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы кезек күттірмес міндет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында "Бізге қоғам кажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" - деп көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әр технологиялар аркылы оқу үрдісін шығармашылыкпен ұйымдастыруға, жаңашылдықка ұмтылуға еркіндік беріп, ұстаздар кауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы балабақша. Алғашкы жазу дағдыларын, сөйлеу тілін калыптастыруда мемлекеттік мәртебе алған өз ана тілімізді үйрету балабақша тәрбиешілері мен ұстаздарына балаларды қалыптастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Өз бастарынан өткен оқиғаны ортаға салып ой бөлісуді ұсынып, олардың оқи отырып, ақпарат жинауына, қоршаған ортаны тани білуіне, жақсы әңгімелерден қанағат алуын беру қажет. Осыдан олардың өсуінің табиғи бағытында жұмыс істеу, мектеп қабырғасында тілді үйрету онай болады, балаларды қызыктырады, оқуға талпындырады.
Қазіргі заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен ауызша, жазбаша шығармашылық жаңашылдыкқа ұмтылу, ізденіс дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсыну-әрбір педагогтың міндеті. Балалардың оқуға деген қызығушылығы өткізілген әрбір тақырып қызықты болғанда ғана артпақ. Әрбір сабакты талдау, жинақтау, түйінін ашу баланың "өзім жасасам - ұмытпаймын, өзім оқысам - түсінем" - деген дәрежеге жеткізу педагог міндеті болмақ.
Балалармен қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары:
І. Оқып үйрену.
2. Тәжірибе алмасу
3. Әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдану
4. Әр үйренген нәрсені қай жерде, калай пайдалану керек
5. Ерік-жігерді талап ету
6. Үлгі алу
7. Көңілге ы қыл ас пен тоқу.
Бала мен тәрбиеші арасындағы жетістікке, жаңашылдыкқа ұмтылу жолдары:
1. Баланың тыңдау, есту қабілеттерін дамыта отырып, берілген сөздерді суреттеу арқылы шығармашылык жұмыс орындау;
2. Өз жан дүниеңе кара, өзімшіл, қырсык, кыңыр, мінезі қиын, жан-жағына зияны тиіп жүретін балаға көмек көрсету;
3. Әркімдікі өзінше дұрыс объективті түсінік калыптастыру, берілген тапсырманы "көрініс" арқылы жеткізе білу;
4. Баламен жақсы карым-катынас құруды қалау;
5. Ашылу, алға ұмтылу, жылжу, жасқаншақтықты жою, ел алдына шығу, барын көрсете білу; -6. Қиындық қатып калмайды.
Мектеп жасына дейінгі бала жаңалыкка жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады. "Шәкірт- шәкірт емес, ұстазын ол сүймесе, ұстаз-ұстаз емес, шәкірті үшін күймесе". - деп ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін, мәдениетті ұстаз ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас бүлдіршіндері жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жакты калыптастыру мәселелерінің ұлттык даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты кажеттілік ретінде қабылданған.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалык процесті ұйымдастыруда жанашыл тәсілдерді пайдалануды;
- білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды регламенттеуді;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін, баланың денсаулығы мен онынфизикалықдамуын сактауға бағдарлауды;
- баланың дамуының әрбір жас кезенінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
- баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін сактауды;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланысты реттеуді;
- отбасы әулетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялықпедагогикалык негізін пайдалануды;
- әлеуметтік мәдени міндеттерді шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін калыптастыруда ме",епке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік ортаның бірігуін;
- мектепке дейіңгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізуді болжайды.
Қазакстан мемлекетінін ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпак тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, казіргі кезде болып жаткан тарихи-әлеуметтік өзгерістер - жас ұрпақты н жан-жакты дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен карауды кажет етеді.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына балаларды және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен окытудың психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді. Стандарт - педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін береді, оған катысушылардың рөлі мен орнын анықтайды, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінін отбасы және бірлестіктерімен карым-катынасын реттейді.
Мектепке дейінгі тәрбие деңгейінде жаңа "Тәй-тәй" технологиясын белсенді дамыту орталыктарын құрудың маңыздылығы зор. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпакты тәрбиелеу мәселесі - бүгінгі күннің өзекті такырыбы. Бұл мәселенін шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырган негізгі талаптарКазакстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашкы даму стратегиясын жасау болып табылады.
"Баланың ақыл-ой дамуын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды", - деп В.А.сухомлинский атап көрсеткендей, педагог өз білімін балалардың ерекшелі",ерін. отбасының мәдени дәстүрін, құндылықтарын есепке ала отырып, әр баланың айрыкша қабілеттерін ашуға және дамытуға пайдаланған жағдайда ғана баланың даму деңгейі негізінде өзін-өзі дұрыс бағалауы н жетілдіруге көмектеседі.
Белсенділік орталығының мүмкіндіктерін, кажеттілігін ескере отырып педагог өз білімін балалардың ерекшеліктерін, айрыкша кабілетін ашуға, дамытуға пайдаланады. Бүгінгі таңда қоғамдық талаптарға сай бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне койылатын жана міндеттерді аныктауда. Техникалык прогресс пен ғылыми акпарат көлемінің ұлғая түсуі, білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс әрекет қағидаларын қайта құру және оқутәрбие орындарының іс-әрекет қағидларын қайта қараумұның бәрі педагогтың кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне ықпал етеді. Инновациялық - оқу және жаңа технологиялар білім мен тәрбие беру процесінде қоғам сұранысымен орын алуда.
Инновация жаңалык жеткізуші, жаңаланып жаткан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Басқарудағы жаңалықтар мен кисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымда инновация белгілі кезеңдерден өтеді. Атап, айтқанда: идеяның туындауы, максат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және жайылу инновациялардың іске асу кезеңдері, жаңалыкты кабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда барлық пәндер бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологиялардың мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталады: Л.В.Занков, В.Давыдов, Д.Е.Элькониннің дамыта окыту, модульдік және блоктық-модульдік оқыту, П.М.Эрдиевтің дидактикалык бірліктерді ірілендіру, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері аркылы табысты оқыту, В.В.Фирсовтың міндетті нәтижелер негізінде саралап окыту технологиясы, Ю.А.Марковтың жеке оқыту, интеграциялық ойын, тестілік, компьютерлік, проблемалық технологиялары және Т.б.
Инновациялық білім беру технологияларының көптүрлілігі педагогтың оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап етеді. Ғалым Н.Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді:
• ойдың тұжырымдамалық негізінің болуы;
• технологияны жасаушылардың тиянакты әдіснамалық ұстанымының болуы;
• наюы педагогикалық құбьmыска қатынастың жуйелілігі;
• педагогикалық үрдіс субъектілерінің орны мен өзара әрекетін аныктау;
• алынған нәтижелерге диагностика жасау мумкіндігі;
• технологияның кез-келген оқу-тәрбие мекемеле-
рінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.
Н. Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі,
әдістері және құралдарындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация. Инноваииялық прогрестің кезеддері;
• инновация себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық прогресті күшейтетін бес фактор:
• оқытудың жаңа технологияларын жасауға
қабілеттілік, педагогикалық прогреске катысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-катынасы;
• инновациялық прогрестің жоспары, бағдарламасы;
• бағдарлама жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздікті жоятын шараларды да белгілеу;
• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
Инновациялық прогреске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында "Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық", деп атап көрсеткендей тәрбие қызметін көрсетуде жаңа технологияларды ендіру шығармашылықты, жауапкершілікті, арнайы жағдайды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру, мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында баланың ерте жастан бастап дамуын қалыптастырушы, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге аса назар аударылған. Ерте жастан бастап даму сұрағының маңыздылығын ескере отырып, барлық уақытта, бүкіл әлемде, экономика жағдайына тәуелсіз, басқару формасына тәуелсіз елеміздің ең басты байлығы – кішкентай бүлдіршіндер.
Балабақша – тәрбие мен алғашқы сауат ашар бастаудың бірі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгермелі әлемде табысты бейімделуге қалыпты бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасады.
Осы орайда Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттігі туындады.2008 жылы ҚР мемлекттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандарты енгізілді.
Осы стандарт тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалармен талаптар жүйесін белгілейді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы педагогтар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлемін, бір жастан бастап алты жасқа дейінгі балалардың даму деңгейіне және олардың балабақша, мектепалды даярлық топтары және отбасы жағдайында негізгі құзіретіліктерді игеруіне қойылатын талаптарды анықтайды.
Шағын-орталықтардың қызметінреттетін нормативтік құжаттар
Мектепке дейінгі шағын- орталықтар, қысқа мерзімдегі топтар өз қызметін ұйымдастыруда негізге алады.
Жаңа үлгідегі мектепке дейінгі білім беру мекемесін құруда заттық – дамытатын орта үлкен роль атқарады. Себебі заттық – дамыту орталығы балалар тұлғасының мәдениетін, ойын және ойыншықтар арқылы білдіреді, көрсетеді. Ойыншық – білім, тәжірибе, салт – дәстүрді, ғасырлар бойы ұрпақтардың тәсілқойлығын, мұқтаждығын көрсететін символ . Сондықтан ол «адамдық зат» болуы керек. Міне сондықтанда ойыншықтарда және ойыншық арқылы жалпы мәдени адамдық құндылықтар көрсетіледі. Ойыншық арқылы бала өзін- өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің мәдени «Менін» танып біледі. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді дамытуда педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың заттық ортаны құрудағы шығармашылық белсенділігін жандандыруы тиіс. Баланы жан- жақты дамыту мақсатында заттық - дамытатын ортаның орны ерекше. Өз тәрбиеленушілерін дамыту мен оқыту мақсатында дәстүрден тыс авторлық білімдік материалдарды және ойыншықтарды қолдануды бастамашылыққа алу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен бүгінгі жаңа білім үлгісінің мақсаттары:
Баланың, педагогтың, ата-ананың
әлеуметтік-мәдениетттік құзырлықтары
Қаланың атауыменен, оның рәсімді рәміздерімен (елтаңба, ұран), қаланың маңызды нысандарымен, тарихымен және туған өлкеңнің дәстүрлерімен, аңыздарымен таныс. Ересектермен бірге Ерейментау қаласының тарихи маңыздылығы бар жерлерге бару, оларды құрметтеу. Қаланы көтерген және Ерейментау қаласының дамуына үлес қосқан адамдарды сыйлау, мақтан тұту.
Өзіңнің шағын отаныңды мақтан ету. Ересектермен бірге туған қаланың, ауданының тарихы мен мәдениеті туралы, атақты адамдар ақпарат іздеуге қабілеттіжәне оны құрбыларына жеткізе білуі.Қала мұражайына, кітапханасына баруға,мәдениет мекемесінің мамандарымен қарым-қатынас жасауға қызығушылық білдіреді. Бұл мекемелердің азаматтар үшін тарихи және мәдени маңыздылығын түсінеді.
Қазіргі заманға сай оқиғаларға қызығушылық білдіреді. Туған қала және оның тарихына арналған музыкалық мерекелер мен ойын-сауықтарға белсене қатысады. Туған қаламен таныстыруда ересектердің қолданатын теле-, бейне-, аудиоқұралдарын эмоционалды түрде қабылдайды. Туған қала туралы әсерлерін көрсету үшін көркем-нәтижелі қызметінің түрлерін (суреттер, әңгімелер, тақпақтар) ересектермен бірге және өзін бетінше қолданылады.
Туған қаланың (ауыл) өткен тарихы туралы ақпаратты білуі. Мамандармен қызметтестік, мұражай, кітапханаларға бару, семинарлар, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы өз біліктілігін жоғарлату. Мәдениет мекемесінің мамандарын баланың психофизиологиялық мүмкіндіктеріне тұспалдайды және ол қабылдай алатын ақпарат көлемін есептеу. Мектепке дейінгі жастағы балалары қабылдай алатын туған өлке туралы ақпаратты мұражай және кітапханалар қызметкерлеріне сұрыптауға көмектесу. Балаларды туған өлкенің (қаланы, ауылдың) мәдени-тарихи мұрасына баулу. Оларды туған қаланың мәдени-тарихи нысандарымен (мұражай, кітапхана, ескерткіштер), құрушылық өткен кезеңімен, дәстүрлерімен, аңыздарымен таныстырады.Әр балаға тарихты тануда өзінің жеке мүдделерін жүзеге асыруға, тілдік және көркем-нәтижелі қызметте алған әсерлерін көрсетуге көмектеседі.
Ата-аналарда отбасылық дәстүрлерді сақтауға және жаңасын тудыруға, өз отбасын мақтан етуге уәж туғызады. Ата-аналарды туған қала мәдениетіне және тарихына араластыруға бағыттайды. Ата-аналармен және мамандарменбірігіп тарихи жерлерге, мәдениет мекемелеріне (өлкетану мұражайы, стелла) баруға дайын сапар желістерін жасап, ұсынады.
Ата-ана баланы туған қала мәдениеті және тарихы туралы қызықты және бала қабылдай алатын ақпаратпен таныстырады. Баланың өлке мәдениетіне және тарихына деген мүддесін қолдап, сүйікті жерлеріне мақтаныш сезімін тәрбиелейді және туған қаланың тағдыры мен отбасы тағдырының байланысын көрсетеді.
Баламен бірге туған қалада серуендейді. Туған қаланың негізгі мәдени және тарихи нысандары, атақты адамдары туралы ақпарат жинауды жүзеге асыруға көмектеседі. Қалада өтетін іс-шараларға қатысады, болап жатқан оқиғаларға қызығушылық білдіреді. Өз ауласын, қаласын көріктендіруге белсене қатысады.Баланы да сол іске қатыстырады. Өзінің мамандығы, оның туған қала үшін маңыздылығы туралы әңгімелейді. Балаға алған әсерлерін көрсетуге ұсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер