Тақырыбы: «Циркке саяхат».
Мақсаты: Қимыл қозғалыс белсенділіктерін арттыру, физиологиялық, эмоционалдық, интеллектуалдық факторларды бала бойында дамыту.
Міндеттері:
- фитбол добымен жаттығу жасауға қызығушылықтарын арттыру
- қимыл қозғалыс, дағдыларды дамыту;
- шапшандық, ептілік , байқампаздықты , батылдық қасиеттерін нығайту;
-негізгі мерекелік мәдениетті қалыптастыру, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу
Құралдар: Доптар, құрсаулар, арқан, тунел, фитбол доптары.
Ойын барысы:
Көңілді әуенмен сайқымазақ (нұсқаушы) жүгіріп шығады.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді, бір қатар сапқа тізбектеліп тұрады.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! (Балалардың жауабы)
Фан-фар ойналады.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Көңілді цирк қойылымы басталады. Бүгін біздің цирк аренасында жас әртістер!
Қойылымды ашық деп жариялаймын! Жас әртістер парадка дайындалындар.
Марш екпінімен жүру (музыка әуенімен).
Аренаға мықтылар шығады.
Балалар зал бойымен жүреді, қолдарын екі жаққа созып, алақандарын жұдырыққа түйіп, шыңтақты ашып, жабады.
Аренаға үйретілген аюлар шығады.
Аяқтың сыртқы қырымен жүреді.
Аренаға үйретілген жолдарыстар шығады.
Құрсау ішінен өту оң, сол бүйірімен.
Аренаға жонглерлер шығады!
Допты лақтырып, қағып алып жүру.
Аренаға үйретілген пілдер шығады.
Допты бір қолға ұстап, тепе-теңдік сақтап, бір аяқпен ауыстыра тұру.
Цирк аренасына үйретілген аттар шығады.
Аттар сияқты тура бағытта шабу.
Аренаға гимнастар шығады.
Аяқ ұшымен жүру(Демді қалпына келтіру).
Арена үйретілген жануарлар шығады. 3 қатарға бөлініп тұрады.
ЖДЖ: би «Көңілді цирк әртістерінің биі».
Негізгі жаттығулар:
1.Цирк аренасына акрабаттарды шақырамын. Арқан үстінен ( денені тік ұстау, басты төмен түсірмеу, қолдарын жан-жаққа созу) тепе-теңдік сақтап жүру.
2.Аренаға үйретілген маймылдар шығады. Маймылдар құрсаудан құрсауға секіруді.
3. Тунел ішінен еңбектеп өтуді көрсетеді.
Қимылды ойын: «Көңілді фитбол».
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, логикалық дамуына үйретеді.
Шарты: балалар шашырап фитбол добымен секіреді. Нұсқаушы белгілі бір сандарды атайды, балалар сол санға сәйкес топтасады.
Сайқымазақ (нұсқаушы):
Ал енді біз демаламыз,
Таяқшаны қолға аламыз.
Бұлшық етті сергітейік,
Массажға біз кірісейік.
Ойын жаттығуы- массаж «Сыйқырлы таяқша».
Балалар бір-бірінің артынан пойыз тәрізді тұрады.
Арқамызды жоғарыдан төменге сыйпалаймыз.
Арқаны таяқшамен ақырын соғамыз.
Оңға, солға арқаны таяқшамен ысқылау.
Таяқшаны оң, сол аяқпен домалату.
Релаксация: фитбол добының үстіне ішпен жатып, демді қалыпқа келтіру.
Рефлекция: Балалар біз бүгін қайда бардық? Сендерге цирк әртістері болған ұнады ма?