"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін дамыту» жоба бойынша жұмыс тәжірибесінен. Маханова Г.М., Джунуспекова Г.Р.

18.01.2023

Тақырыбы: «Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін дамыту» жоба бойынша жұмыс тәжірибесінен.

Мақсаты: Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда, театрландырылған қойылымдар қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.

1 кезең. Дайындық

1.Ата-аналарға кеңес.

2.Сауалнама.

2 кезең. Практикалық

1.Ертегі оқып беру

2.Саусақ ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

3.Ертегі сахналау.

4.Сурет салу іс-әрекеті

3 кезең. Қорытынды

1.Ата-аналармен бірлескен жұмыс.

2.«Шалқан» ертегісін сахналау

 Кеңес: «Ертегі  қойылымдары арқылы балалардың тілін дамыту».

Театр, яғни ертегі қойылымдары әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары мектепке дейінгі  тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна театр ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.

Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдың алатын орны ерекше.

Сауалнама: «Балаңыздың өміріндегі ертегі»

1. Балаңызға ертегілерді қаншалықты жиі оқып бересіз?                   

2. Сіздің балаңыз қандай ертегілерді ұнатады?

3. Балаңыз бірнеше рет ертегілерді оқып беруді сұрайды ма?

4. Балаңыз үшін сүйікті ертегі бар ма? Егер солай болса, қайсысы?

5. Сіздің балаңыз тыңдаған ертегілерді ойнайды ма?

6. Балаңыз сізге немесе қуыршақтарыңызға (ойыншықтарға) ертегілерді айтады ма?

7. Балаңызға ертілерді ойдан құрап айтасыз ба?

8. Ертегілерге арналған иллюстрацияларға қарап, балаңыз сізден сұрақтар тудырады ма?

9. Сіздің балаңыз ертегілерді таниды ма?

10. Үйде кез-келген балалар театры бар ма? (Үстелдің саусағы, қуыршақ және т.б.)

           

 

    

  



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.01.2023 15:28
Құрылған күні: 18.01.2023 15:36

Текст