"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика негіздері Тақырыбы: «Гео балақайдың тапсырмалары». Тәрбиеші Утепова Ж.М.

19.04.2022

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Математика негіздері

Тақырыбы: «Гео балақайдың тапсырмалары»

Мақсаты: Воскобовичтің технологиясының элементтерін қолдану арқылы балалардың жыл бойғы алған білімдерін бекіту, пысықтау және тапсырмаларды орындауға қызығушылықтарын дамыту.

Белсенділікке, жауапкершілікке және өз жұмыстарын қорытындылап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: ойын, Воскобович технологиясының  элементтері, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар:сандар, коврограф жиыны, бидай, геометриялық денелер мен пішіндер, түрлі түсті қарындаштар, қалам, карточкалар, смайликтер.

Барысы:

-Балалар, бүгін біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Себебі, Гео балақай сендерді  математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалауға шақырып жатыр. Дайынсыңдар ма ?

-Ия, дайынбыз.

-Олай болса математика әлеміне болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін мен сұрақтар қоямын, сендер сол сұрақтың жауабын алдарыңда жатқан санмен көрсетесіңдер.

-Бір аптада неше күн бар? (7)

-Қанша демалыс күн бар? (2)

-Бүгін сейсенбі болса,ертең қай күн? (сәрсенбі)

- Аптаның төртінші күні қай күн?

 (бейсенбі)

- Біз кешке тамақтанамыз, ал жаттығуды- (таңертең жасаймыз)

- Бір жылда неше мезгіл бар ? ( 4 )

-Бір жылда неше ай бар? (12)

 

(слайд №1 Гео балақай)

Геоның дауысы: Балалар, Незримка менің досым Мэтр қарғаны сиқырлап тастапты. Енді ол мүлдем сөйлемейді. Маған көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: -Енді не істейміз? Көмектесеміз бе? Ол үшін біз көмекке күлгін орманға баруымыз керек. Оған қалай жетуге болады?

 

(слайд №2 Санау көлігі)

Санау көлігінің  тапсырмасы

-Балалар, қараңдар, Гео балақай сендерге тез жету үшін санау көлігін  ұсынады. Бұл санау көлігі  математикалық модельдеуге,  логикалық есептер шығаруға, салыстыруға байланысты тапсырмалар дайындаған екен.

1-тапсырма: Карточкамен жұмыс

Шарты: 10-нан кем сандарды күлгін түспен, 10-нан артық сандарды қызғылт сары түспен қоршап сыз.

2-тапсырма: «Сан құрамын анықта»

3-тапсырма: Логикалық есептер, шешуінен  есеп құрастыру (игровизордың лев бөлігіне орындау)

-Дүкеннің сөресінде 10 бөлке нан болды, 4 сатылды. Сөреде қанша нан қалды?  10-4=6

-Ағашта 16 торғай отырды, оларға тағы 4 торғай ұшып келді. Ағашта қанша торғай? 12+7=19

-Теректе 5 алма, қайыңда 3 алма өсіп тұр. Барлығы неше алма?

4-тапсырма: Математикалық диктант

-17 саны 13-тен артық;

-9 саны 16-дан кем;

-4 пен 4 тең.

-Жарайсыңдар, балалар!

 

Сергіту сәті

 

(слайд №3 Гео балақай игровизормен)

-Келесі тапсырма қандай екен?

-Игровизорда орындау

-Қазір біз сендермен графический диктантты есімізге түсірейік.

Игровизор тапсырмасы (1 бала коврографта орындайды, басқалары орындарында орындайды)

5-тапс: Графический диктант: ортадан 5 торкөз жоғары нүкте қой.

-Мұқият тыңдаңдар, күрделі бағыт оңға қарай 1 торкөз төмен;

-1 торкөз оңға;

-күрделі бағыт 1 торкөз оң жақ төменге;

-2 торкөз оңға;

-күрделі бағыт 2 торкөз сол жақ төменге;

-3 торкөз солға.

-Жарайсыңдар, енді екінші  бөлігін осыған қарап отырып аяқтаңдар.

-Не пайда болды?

-Қайық.

-Ендеше келесі капитан Қаздың тапсырмасын орындайық.

 

(слайд №4 капитан Қаз)

6-тапс: Капитан Қаздың тапсырмасы:«Миниларчиктерді бөліктерге бөлу»

-Миниларчиктің Лев тұтас бөлігін 2 бөлікке бөлеміз.

-Бөлінген бөліктер қалай аталады?

-Неше бөлік шықты?

-Екі бөліктің бір бөлігіне геометриялық пішіндер мен денелердің ішінен конусты орналастырамыз.

-Миниларчиктің Пони тұтас бөлігін бірдей төрт бөлікке бөлеміз. Төрттен бір бөлігіне цилиндрді орналастырамыз. Төрттен бір бөлігі қалай аталады?

-Миниларчиктің Лань бөлігіне тіктөртбұрышты орналастыр.

-Барлығы неше геометриялық дене және неше пішін болды?

-Жарайсыңдар! Әрі қарай экранға назар саламыз.

 

(слайд № 5 Қарға Мэтр)

Қарғаның дауысы естіледі: «Рахмет, балалар! Мен сендердің арқаларыңда қайта сөйлейтін болдым. Досым Геомен қайта қауышамын. Сендер маған көмектестіңдер. Рахмет, балақайлар»

7-тапс: «Өлшем бірліктер»

- Балалар, Мэтрға көмектестік. Бірақ  қарғаның қарны қатты ашқан көрінеді. Біз Гео балақайға Мэтрды тамақтандыруға көмектесейік. Ол үшін Мэтрдың ыдысына  1 уыс бидай шашайық, ал капитан Қаздың ыдысына қос уыс бидай салайық. Қайсысы көп? Қайсы ауыр?

-Өте жақсы, балалар. Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Қандай жақсы қасиеттер жасадық?

-Бүгінгі алған әсерлеріңді мына жерде жатқан смайликтер арқылы белгілесеңдер болады. Рахмет сендерге.

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2022 15:06
Құрылған күні: 19.04.2022 15:06

Текст