"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің сүйікті қаламның ерекшелігі" мұражайға саяхат, көркем әдебиет оқу қызметі, тәрбиеші Шокумова А.М.

25.12.2020

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы

Білім беру салалары:«Коммуникация», «Шығармашылық»

Оқу қызметі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Менің сүйікті қаламның ерекшелігі.

Мақсаты:

1. Білімділік:Балаларға Ерейментаудың көрнекті жерлері жайлы,баға жетпес мұражайы туралы мағлұмат бере отырып, сүйікті қаланың ерекшеліктерін жан- жақты түсіндіру.

2. Дамытушылық:Өз туған қалалары туралы тақпақтар  айтқызу арқылы балалардың сөздік қорларын, туған жерге деген ыстық ықыластарын, сүйіспеншіліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Елін, туған қаласын сүюге, мұражайдағы баға жетпес құндылықтарды бағалауға, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, сөздік, ойын, әңгімелеу, проблемалық, түсіндіру, көрсету, сурет салу, орналастыру.

Билингвалды компонент:любимый город, музей.

Сөздік жұмыс:мұражай, өтек, саптама етік, шоқпар, мондалина, шанышқы,

ет салатын астау.

Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық.

 

Балаларды шеңберге тұрғызады. –Балалар, біз «Туған» деп кімге? неге? айтамыз? 

-Дұрыс, туған деп, туған туыстарымызға, Отанға айтамыз.

Мына әдемі өлең шумақтарын бірге айтайық.

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз,

Бір қалада тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз

Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз, татумыз.

Биіктерге өрлейміз!

Балалар сары, ақпыз, қарамыз, ақ, қара деп бөлмейміз деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Балалар шеңберге тұрады.

 Анаға, туған жерге, Отанға, туған туысқа айтамыз.

 

 

Бірге айтады.

 

 

Көп

ұлттылықты

 білдіреді.

 

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ.

Мемлекетіміз қалай аталады?

Туған жерлеріңді атаңдар.

Бос уақытымызда туған жеріміз туралы тақпақ жаттадық. Сол тақпақтарды есімізге түсірейік.

Тақпақтар.

(Айша, Дария, Аяулым, Санжар, Сезім)

Енді, балалар, мұқият қараңдар, слайд арқылы туған жерімізге экскурсия жасаймыз.

Тәрбиеші слайдтанЕрейментаудың көрнекті жерлерін көрсете отырып, балаларға туған жердің топырағы қаншалықты ыстық болатынын түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін артады.

Слайдтан қандай сауда үйлерін,ғимараттарды, ескерткіштерді, балабақшаларды көргендерін сұрап шығады.

Оқу қызметімізді мұражайға саяхат жасаумен жалғастырамыз.

Билингвалды компонент:

Мұражай- музей.

Сүйікті қалам- любимый город

Балалар, саяхатымызды мұражайдың ұлттық бұрышынан бастайық. Мұнда қазақша оюмен көмкерілген әдемі бөстектер,  көрпешелер, әбдіре, тостақан, торсық, қазақтың ұлттық киімдері, және сән үшін ілінген түлкі де бар. Ұлттық бұрышты ата- бабаларымыз жоғары бағалаған.

Балаларға әр бұрыштағы көне заттарды көрсетіп, таныстырады.

Оның ішінде, мондалина музыкалық аспапты көрсетеді, шәйнек, темір өтек, ет салатын астау және ағаш шанышқы, саптама етік, үйрек, түлкі, шоқпарды көрсетіп, шығу тарихымен балаларды таныстырып өтеді. Бұл шоқпарды батырлар ұстаған.

-Балалар, батыр деп біз кімдерді айтамыз?

Дұрыс, батыр деп елін, жерін қорғаған адамды айтамыз.

Біз бәріміз Ерейментаудың тұрғынымыз. Әр адамда өз үйлері болады.

Балаларға пішіндерді көрсетіп, сол пішіннен ненің суретін салуға болатынын сұрайды.

«Менің үйім» тақырыбына сурет салғызады.

Мақсаты: өз туған жерін, туған үйін сүюге, бірге тұратын адамдардың қаншалықты ыстық екенін түсінуге, өз үйінің мекен жайын білуге тәрбиелеу.

 

 

Қазақстан

Ерейментау

 

Ерейментау туралы тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Арман, Рахат, Спутник, Солнечный

Балабақша-

ларды, ғимараттар

ды атайды

 

қайталайды

 

 

 

Ұлттық бұрыштағы құндылықтарды көріп, тамашалайды.

Көне заттарды көріп, тамашалай

ды.

 

Ержүрек, елін қорғайтын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз үйлерін салып, көшелерін атайды.

Рефлексифті-

түзетушілік.

Балалар, бүгін сендер нені көрдіңдер?

Қайда саяхатқа шықтық?

Батыр деп қандай адамды айтамыз?

Олай болса, Ерейментаудың картасына  батырлардың ескерткіштерінің, балабақшамыздың, мәдениет үйінің, мұражайдың  суреттерін орналастырайық.

Шарты: Ерейментау картасына балалар өз қолдарындағы үлестірмелі суреттерді орналастырады.

Мақсаты: Сүйікті қаламыздың ерекшеліктерін айта отырып, еліміздің қаншалықты бай, көркем екенін дәлелдеу.

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

 

 

Көргендерін айтады.

Мұражайға саяхатқа шықтық

Елін жауға бермейтін адамды батыр дейміз.

Әр бала өз қолдарынд

ағы суреттерді

орналастырады

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:өз көшелерінің аттарын,  көнеден қалған асыл мұрамызды,

Игеру керек:оқу қызметінің мазмұнын, сүйікті қаламыздың ерекшелігін;

Болу керек:оқу қызметіне деген ынталары, қызығушылықтары,сүйіспеншіліктері;



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.12.2020 14:26
Құрылған күні: 25.12.2020 14:26

Текст