Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс әрекетінің түрі: Музыка, мекепалды даярлық тобы
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсініктерін терендету.
2. Дыбыстарды ажыратып, табиғат құбылыстарын музыкамен үйлестіріп, есту қабілеттерін дамыту.
3. Ән айтуға, музыка тыңдауға, ырғақ қимылдарын дамытып, әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын арттыру.
Көрнекіліктер: Шыршалар, ұлпақарлар, ноталар, электронды тақта, музыкалық аспаптар, скрипка кілті, нотный стан, карточкалар, қағаз, сылдырмақ, сазсырнай, мольберт.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Балалар көңілді әуенмен музыка залына кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Тындандаршы, қандай ғажайып үн. (экранға Эльза шығады) Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің қысқы сарайыма қош келдіңдер. Менің көңіл күйім жоқ. Мен қыстың, табағат үнің музыкамен үйлестіргім келеді. Сонда ғана менің көңілім көтерілетін шығар. Музыка әлемі ғажап деп естідім. Ақшақар: Дұрыс айтасын Эльза, музыка шыныменде ғажап, музыка барлық жерден өз үйлесімін табады. Сенің қысқы табиғатындағы бар ғажайыпты біз саған музыкамен үйлестіріп көрсетейік. Балалар мен седерге бір жұмбақ жасырайын. Жұмбақ: Шанамен сырғып жететін, Коньки, шана тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Ол қай кезде болатын? (Қыс мезгілі) Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазір қандай жыл мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерстер болады? Қардың түсі қандай? Өте дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар! |
Сәлеметсіз бе!
Біз сізге көмектесеміз.
Қыс мезгілі.
Балалардың жауабы: қар жауады, аяз болады, боран соғады, күн қысқарады, адамдар жылы киімдерін киеді. Ақ түсті.
|
Ұйымдастыру- іздестіру кезең.
|
Балалар, жан -жақтарына қарандаршы, не көріп тұрсыңдар? Ия дұрыс айтасыңдар. Міне ғажап Эльза бізге ұлпақарларға тапсырмалар жазып кетіпті. Балалар қане тапсырманы іздеп көрейік, міне таптық , тапсырманы оқиық: 1.Балалар мында 3 кілт тұр (экранда), қай кіл музыка кілті? (Скрипка кілті)
Қане балалар тура және кері айтып өтейікші. Енді ноталарды орындарына орналастырайық. Ватманда нотный станға ноталарды орналастырамыз. Жақсы балалар! Эльза: Жарайсыңдар балалар , сендердің арқаларында музыкада неше нота бар, музыка неден тұратынын білетін болдым үлкен рахмет сендерге! Ақшақар: Балалар қазір қыс мезгілі болған соң тонып қалған боларсыңдар, денемізді жылытып алайық. Сергіту сәті: «Көңілді жаттығу» Жарайсыңдар орнымызға отырайық. Ақшақар: жақсы Эльза. Балалар қане тағы бір ұлпақарды көрейік мүмкін тапсырма табылып қалар. Міне екен,тапсырманы оқиын, Табиғат құбылыстарын музыкамен үйлестіріп көрсетіңдер. Ал балалар қарандар үстел үстіндегі заттардан қыстын күні болатын табиғат құбылыстарын істеп көрсетеміз. Қыста болатын табиғат құбылыстарын айта кетіндерші? Үстелде, қағаз. 6 жұмыртқа, бөтелке, сазсырнай, бубен тұр. Солардан желдің, боранның, қарда жүретін іздің және мұздын арлған дыбысын келтіреміз. Балалар енді, дыбыстарды тындаймыз, ұқсайды ма жоқ па? Жарайсыңдар, Эльзаның тапсырмасы ұнадыма сендерге? Орнымызға отырайық. Эльза: Балалар табиғат құбылыстарын өте жақсы көрсетіп шықтыңдар, менің көңілім бір көтеріліп қалды. Рахмет сендерге. Ақшақар: Ән айтпас бұрын дауысымызды жаттықтырыпалайық. Дауыс жаттығулары: Ля, ле дыбыстарын созып (Легато) атамыз. Ля, ле дыбыстарын секіртіп айтамыз (Стакатто). Енді Жұдырық деген жаттығуды айтмыз, Жұдырық, жұдырыққа, Шағамыз біз шатырға. Трррррррр. Ән: «Ақшақар» Эльза: балалардың әндерін өте керемет, маған қатты ұнады. Менің соңғы тапсырмамды орындандар, шыршанын жанында қорабым қалып қойды, оны ашу үшін экрандағы аспаптарды анықтап табыңдар. Аспаптарды анықтап тапқасын қорап ашылады. Ақшақар: Жақсы Эльза, балалар бәріміз экранға назар аударайық. Жақсы балалар, аспаптарды дұрыс таптыңдар. Енді сандығымыз ашлады ма екен? Ашылды, ішінде аспаптар бар екен, бұл аспаптармен біз оркестр болып ойнаймыз, Бәріміз ортаға шашырап тұрайық. Оркестр: Полька Эльза: балалар керемет, полька маған қатты ұнады.Аспаптардың сиқырлы дыбыстары сондай әдемі. Ақшақар: Эльза, біздің балалар аспаптар туралы біраз ақпарат біледі. Барабан қандай аспап? (Сылдырмақ, металлофон, күйсандық, гитара, сыбызғы). Эльза: Жарайды балалар, сендермен бүгінгі сабақта болғаныма қуаныштымын, маған көп нәрсе көрсеттіңдер, өте өнерлі балалар екенсіңдер. Ақшақардан сендерге сыйлығымды беріп жібердім.Сау болыңдар балалар! Ойын: «Төртінші артық» Балалар мына карточкаларға қарап қай аспап артық соны шеңберге алып белгілейміз. |
Ағаштар, шыршалар, ұлпақарлар.
(Скрипка кілті)
Нотадан 7 нота бар До, ре, ми, фа, соь, ля, си, до. До си, ля, соль, фа, ми, ре,до.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Қар жауады, аяз болады, боран соғады, жел болады, т.б.
Иә, дыбыстар ұқсайды. Ұнады.
Ляя, ляя, ляя,ляя. Лее, лее, лее, лее. Ля, ля, ля, ля, ля. Ле, ле, ле, ле, ле.
Жұдырық, жұдырыққа, Шағамыз біз шатырға. Трррррррр.
Балалар ән орындайды.
Жақсы Эльза.
Балалардың жауабы
Балалар аспаптарда ойнайды.
Сау бол Эльза.
Барабан ұрмалы, сылдырмақ шулы. Маталлофон ұрмалы, күйсандық ұрмалы, гитара шертпели, сыбызғы үрмелі. |
Рефлексивті - түзетушілік |
Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше, біздің қыс ханшайымымыз Эльзаға ұлпақарлар сыйлаймыз, қалай десеніздер, бүгінгі сабақ сендерге ұнаса ақ ұлпақарды аласыңдар, егер қиыншылық келтірсе көк ұлпақарды аламыз, оны жай ғана алмаймыз, ақ ұлпақар алған бала не ұнағанын айтады, ал көк ұлпақар алған бала қай жерде қиын болғанын айта кетеді. Біз сосын оны Эльзаға сыйлаймыз. |
Иә ұнады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар қыс мезгілі туралы біледі;
Игереді: Балалар табиғат құбылыстарын музыкамен үйлестіруді игерді;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.