"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыка. Тақырыбы: «Қысқы ғажайып». Махметова Гүлжанат Қайратқызы

31.01.2022

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Қысқы ғажайып»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды музыка әуенімен таныстыру арқылы музыкаға деген қызығушылықтарын арттырып, үйрету.

Дамытушылық: Ырғақтарды ажыратуды,би қимылдарын әуенге сай жасай алуды үйретіп, ырғақты сезінуді дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды жан-жақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, музыкалық аспаптар, аспаптар суреттері.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, ән тыңдау, әуенді- ырғақты қимылдар, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау, ойын.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

  Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

  Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 

Балалар шаңғымен музыка залына көңілді әуенмен кіреді. Алдарынан музыка ханшайымы қарсы алады.

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Менің музыка еліме қош келдіңдер!

Муз. жетекшісі:Балалар кәне бірге күйсандықпен  амандасайық.

Сә –ле-мет-сіз-дер ме, ба-ла-лар?(До,ре,ми,фа,соль,ля,ля,соль)

Ханшайым:-Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

 

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Жарайсыңдар, балалар!

Ендеше....

Осы кезде мыстан кемпір кіріп келеді:

Мыстан: Ха!Ханшайым! Музыка ханшайымын тауып алдым! Мен музыка ұнатпаймын! Сондықтан  мен ханшайымды сиқырлап тастаймын! Қандай керемет!

Ханшайым: -Менің музыка әлеміме  сиқыршы келіп,барлық әндерімді, билерімді шатастырып,сиқырлап кетті.—Енді міне, барлығын ұмытып қалдым.Тіпті ноталарымды еске алар емеспін. .Балалар маған сендердің көмектерің керек.

Балалар музыка  залына көңілді әуенмен кіреді.

 

 

 

 

 

 

Сә-ле-мет-сіз бе,а-пай!

Амандасады.(Фа,фа,ми,ре, до, си,до)

Көңілді әуенмен шеңбер болып, амандасады.

Та-ма-ша!

 

Қыс

 

Күн суық, аяз және боран болады.

Адамдар қалың киініп, балалар шаңғы теуіп ойнайды.

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру кезең.

 

Муз.жетешісі: Ханшайым, сен уайымдама. Балалар, Ханшайымға көмектесеміз бе?

Ендеше, барлығымыз музыка Ханшайымына көмек берейік.

Жарайды, Ал енді кәне электронды тақтаға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар, балалар?

1.Дауыс жаттығулары.

Ендеше балалар ән айту кезінде ережелерді еске түсіріп, демді иықты көтермей алып, бойды тік ұстаймыз. Енді  тыныс алу  жаттығуын жасаймыз.

2.«Таныс шығарма»

Міне балалар, сиқырлы экранға назар аударайықшы. Ненің суреті? Қане, мұқият тыңдап,бул қандай шығарма? Және авторы кім екенін есімізге түсірейікші. Кейін нені елестеттіңдер соны айтып беріңдер.

Музыка тыңдау.

Балалар, бұл шығарма «Қыс» деп аталады.

Авторы Антонио Вивальди.

 

3.Сұрақ-жауап: «Аспаптар мен оркестр»

-Балалар,сендер мына жерде қандай аспаптар көріп отырсыңдар?

-Шығарманы неше адам орындап отыр?

Міне, осындай бірнеше аспапта орындайтын ұжымды «оркестр» дейді.

Қане,бізде шағын оркестр құрып,орындап көрейік.

4.Оркестр (Дәстүрлі емес)

-Ханшайым көңіліңіз көтерілді ме?

Ханшайым: -Иә,көтеріліп келеді. Есіме ақырын түсіп келеді.

Муз.жетекшісі: Балалар,енді біз Музыка ханшайымына өзіміздің  орындауында әдемі шығарманы тыңдап, музыкамен сүйемелдеп орындап берейікші.

5.Ән: «Қыс»

Ал онда келесі кезекті ойынымызға берейік:

 

6. Ойын «Актерлік шеберлік»:

Балалар, енді біз қазір музыка ырғағымен қыс көрінісін көрсетеміз. Ол үшін ортаға бір бала шығып, қыс көрінісін қимыл қозғалыспен көрсетеді. Қолдарымызды, дене мүшелерімізді пайдалананамыз.

 

Ханшайым: Балалар, керемет! Бірақ мына экрандағы тұрған не балалар?

-Балалар, қане  экранга қарайықшы не көріп тұрмыз?

Ал музыканың қандай көңіл күйлерін көріп тұрсыңдар?

-Ханшайым есіңізге түсті ме?

Ханшайым: -Иә,иә,

Муз. жетекшісі:Ендеше, Музыка ханшайымы біздің балалар енді би-қимылдарын есімізге түсіре отырып, денемізді сергітіп алайық.

7.Сергіту сәті: «Мистер Краб»

 

 

Ханшайым: Керемет! Рахмет балалар! Менің көңілім көтерілді.Менің әндерімді, шығармаларымды орындарына қойып бердіңдер. Тамаша балалар, ал қараңдаршы балалар кішкентай шыршаның астында не тұр?

Дұрыс айтасыңдар! Қапшық. Ал оның ішінде не бар деп ойласыңдар?

Ендеше балалар, оны ашып көруімізге болады. Ол үшін біз мына алдымызда тұрған сиқырлы іздерден музыканың ырғағына сай секіріп өтуіміз керек.

Алдымен бастамас бұрын, балалар айтыңдаршы кәне,біз қандай дене мүшесімен ырғақты келтіреміз?

Қолмен шапалақтаймыз, аяқпен топылдатамыз. Тамаша!

Олай болса қәзір  аяғымыздың көмегімен мына сиқырлы іздерден кезекпен-кезек секірейік.

8.Ойын: «Іздер»

 

 

Иә, әрине.

 

 

 

 

Қыс көрінісін айтып береді.

 

Балалар ән  айту ережелерін естеріне түсіріп, тыныс алу жаттығуларын жасайды.

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

Балалар өз жауаптарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбыра, қобыз, барабан, баян, жетіген, сыбызғы.

 

Бірнеше адам орындап отыр.

Балалар өз аспаптарын қолдарына алады.

 

Балалар оркестр ойнайды.

 

 

 

 

 

Балалар Б.Бейсенованың сөзіне жазылған  «Қыс» әнін орындайды.

 

Балалар музыка әуеніне ілесіп, қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар өз шеберліктерін көрсетеді.

 

 

 

 

Ноталар.

Көңілді және көңілсіз.

Мажор мен минор.

 

 

 

 

 

 

Балалар музыка әуенімен сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қапшық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолмен, аяқпен және баспен.

 

 

Рефлексивті - түзетушілік

Ханшайым: Өте өнерлі балалар екенсіңдер!Рахмет сендерге! Барлығын еске түсірдім.

Балалар, осымен біздің сабақ аяқталды.

Балалар,біз кімге қонаққа келдік?

 

Ол неге көңілсіз болды?

Қандай шығарманы тыңдадық?

 

Қандай заттармен оркестр ойнадық?

 

Би қимылдарын немен жасадық?

-Оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Балалар ендеше сабақ ұнаса үстел үстінде жатқан түссіз ноталарды сары түске бояймыз, ал көңілімізден шықпаса қызыл түске бояймыз.

Ханшайым: Ал, балалар сендерге көп рахмет! Маған бүгінгі сабақ ұнады. Сау болыңдар!

Муз.жетешісі: Ханшайым, сізге де рахмет! Онда біз бақшамызға оралайық. Кәне, қоштасуды күйсандық аспабы арқылы сүйемелдейік. Сау болыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

Ханшайымның музыка әлеміне келдік.

Мыстан сиқырлап кетті.

Вивальдидің «Қыс» шығармасы.

Қағаз, тас, стақан, жаңғақ және т.б.

Қолмен, аяқпен және баспен.

Иә.

 

Балалар түссіз боялмаған ноталарды алып,  бояйды.

 

 

 

 

 

 

Балалар, күйсандық аспабы арқылы сүйемелдеп, музыка Ханшайымымен қоштасып музыка әлемінен кетеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әнді дұрыс түсіне, әуенге ілесе айтады.
Игереді: Музыкалық әуенді ажыратуды.

Меңгереді: Әуенге ілесіп, ырғақпен қимыл жасау дағдыларын.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 31.01.2022 14:48
Құрылған күні: 31.01.2022 14:48

Текст