Тақырыбы: «Су-өмірдің мәні»
Мақсаты: Балаларға судың өмір үшін маңыздылығын түсіндіру. Су ресурстарын қорғау қажеттілігі туралы түсінік беру. Балалардың шығармашылық және ойлау дағдыларын дамыту. Ұйымшылдыққа, сусыз тіршілік жоқ екенін түсінуге, іс-тәжірибені өз бетімен жасауға тәрбиелеу.
(зал іші әсемделіп безендірілген)
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен орманда қандай қызықтар бар екенін білу үшін, орманға саяхатқа шығатын боламыз.
(сыңғырлаған судың дыбысы шығады)
Тәрбиеші: Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
Балалар: Біз судың сыңғырлаған дыбысын естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Ендеше сыңғырлаған дыбыс қай жақтан шығып тұр, сол жаққа қарай жақындайық.
Балалар:Бұлақты көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Балалар,бұл бұлақ басқа бұлақтарға ұқсамайды. Оның суы тап-таза, мөлдір, жарқыраған. Ал, айналасы түрлі-түсті гүлдермен көмкерілген. Енді алақандарыңды ашыңдар, сиқырлы бұлақтың суын ішіп көрейік.
(балалар бұлақтың суын ішеді)
Кенеттен, балалардың алақанынан тамып кеткен бір тамшы су тіл қатады.
Тамшы: Балалар, су патшалығына қош келдіңдер.Мен су ханшайымы тамшы боламын. Табиғатта сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса, адамдар мен барлық тіршілік атауы сусыз өмір сүре алмайды.Бұл патшалықта қызықты сиқырлар мен іс-тәжірибелер бар. Менімен бірге судың ғажайып құпияларын білгілерің келе ме?
Тәрбиеші: Судың ғажайып құпияларын білгілері келеді.
Балалар: Су туралы құпия бізге ұнайды.
(Тамшы балаларға қызықты сиқыр көрсетеді)
Тамшы: Бері жақындаңдар, «Су, қағаз және ауа» сиқырын көрсетемін. Керек құралдар: су, қағаз, шыны ыдыс. Шарты: ыдысқа су құйылады. Шыны стақанға қағаз салынады. Қағаз салынған шыны стақанды суға батырып, нәтижесінде, қағаз құрғақ боп шығады.
(Тамшы балаларға сиқыр көрсетеді.)
Тамшы: Балалар, енді менің достарыма баратын уақыт болып қалыпты. Су патшалығында тағы басқа қызықты іс-тәжірибелерді жасауға шақырамын сау болыңдар.
(су тамшысы өз достарына кетеді)
Тәрбиеші: Су патшалығында қызықты іс-тәжірибе бар екен, ең алдымен қауіпсіздік шараларын есімізге түсірейік.
Балалар: Қолды ауызға салуға болмайды, бір-біріне кедергі жасамаймыз, көзді уқаламаймыз.
«Түрлі-түсті су тамшылары» іс-тәжірибесі.
Керек құралдар: май, су, шыны стақан, қағаз.
Шарты: стақанға су құйып, үстіне май құяды. Түрлі-түсті боялған судан тамшы қосу қажет.Бояу су қабатында қалып, май арқылы әдемі түрлі-түсті тамшылар түзіледі. Балалар әр түстің қалай араласатынын бақылап, судың, майдың қасиетін біледі.
«Сиқырлы су» іс-тәжірибесі.
Керек құралдар: калий перманганаты, су, сутегі тотығы, сірке суы.
Шарты:Ыдысқа су құйылып, калий перманганаты қосылады. Судың түсі өзгеріп қызғылт түске айналады. Судың түсін қайта мөлдір қалпына келтіру үшін, сутегі тотығы мен сірке суы қосылады.
Тәрбиеші:Орманда нені кездестірдік?
Балалар: Орманда сиқырлы су бұлағын кездестірдік.
Тәрбиеші: Балалар, су патшалығындағы сиқыр мен тәжірибе сендерге ұнады ма?
Балалар: Су патшалығындағы іс-тәжірибе ерекше ұнады, сиқырлы бұлақтың суы ұнады.
Тәрбиеші: «Су-өмірдің мәні» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Сусыз табиғатта адамдар, жануарлар, өсімдіктер өмір сүре алмайды. Судың маңызы-өте зор.
Рефлексия:
«Түрлі-түсті жапырақтар»
Бүгінгі ҰІӘ сәтті, қызықты болса, көңілдеріңізден шықса онда қызыл және қызғылт сары түсті жапырақты алып, бұлақтың айналасын әсем жапырақтармен безендіреміз, ал егер бүгнгі іс- әрекетсәлқиындау, қызық болмаса жасыл жапырақпен безендіреміз.
Жарарайсыңдар, балалар! Бұлағымыз сондай әсем безендіріңдер. Безендіруге қарап бүгінгі ҰІӘ сәтті әрі қызықты өткенін білуге болады.
Тәрбиеші: Бүгінгі іс-әрекетке өте керемет, қатыстыңдар, енді тобымызға қайтатын уақыт болып қалды.
(балалар топқа қайтады)
Күтілетін нәтиже:
1.Судың өмір үшін маңыздылығын түсінеді.
2. Іс-тәжірибені өз бетімен жасайды.
3. Ұйымшылдық танытады.