"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жан жылуы»ата –аналар кеңес орталығы «Әке -отбасының тірегі, бала оның жүрегі» әкелер форумы. Әдіскер Оразбаева А.К., "Үміт" шығармашылық тобы.

05.02.2020

«Жан жылуы»ата –аналар кеңес орталығы

«Әке -отбасының тірегі, бала оның жүрегі»

Пролог «Қазақтың киелі  жеті саны»

Жүргізуші сөзі:

«Ана - сая болар бағың болса, әке - асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып бүгінгі «Әке отбасының тірегі – бала оның жүрегі» атты әкелер форумын ашық деп  жариялаймыз.

Жүргізуші сөзі:

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, дей келе форумға қатысатын отбасыларын таныстырып өтейін.

  1. Тулендинов Қонысбай Шпекбайұлы, Қонысбай  Айзере
  2. Бимағанбетов Данияр Амангелдіұлы, Амангелді Жаннұр
  3. Темірбаев Нұрлыбай Сүлименұлы, Сүлимен Дінмұхамед
  4. Битаков Жақсылық Елеусізұлы, Елеусіз Құралай
  5. Алимбаев Адай Әділбайұлы , Әділбай Нұрайым    

Жүргізуші сөзі:  Бүгінгі форумда . Яғни

  1. Үй жұмысы: Әкелер  шежіре таратады , балалары жеті атасын айтып шығады.
  2. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы  түсініктердің бірі —Жеті қазына.

Жүргізуші сөзі:

Ендеше форумның үй тапсырмасына көшейік.

Жеті атаБұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.

Жеті атасын білген ер ,

Жеті жұрттың қамын жер дегендей.

 Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өздерің де естіген боларсыздар.. 
Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Қатысушы отбасылар үй тапсырма ретінде  шежіре дайындап ,балалар жеті атасын айтып беру керек .

Сөз кезегін қатысушыларымызға берейік.

  1. Тулендинов Қонысбай Шпекбайұлы, Қонысбай  Айзере  слайд жасайды
  2. Бимағанбетов Данияр Амангелдіұлы, Амангелді Жаннұр картоннан макет
  3. Темірбаев Нұрлыбай Сүлименұлы, Сүлимен Дінмұхамед  аппликация
  4. Битаков Жақсылық Елеусізұлы, Елеусіз Құралай  сурет
  5. Алимбаев Адай Әділбайұлы , Әділбай Нұрайым   макет

Қатысушылар үй тапсырмасын көрсетеді.

Жүргізуші сөзі:

Қазақта қасиетті жеті киелі сан,

Бұл санды құрмет тұтқан әрбір жан.

Жан азығын бесіктен ұғындырған

Әр сөзінде болу керек ерекше мән.

Демекші әр бір қазақ жеті қазынасын біледі .

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты.

Қыран бүркіт — қуаты.

 Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі.

 Мылтығы — қаһарлы оты.

Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.

Жеті қазынаның бірі Ер жігіт

Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы.

Ер жігіт: Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. «Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген қазақтың ұлттық таным-түсінігі бар. Бала әкені сенімді дос ретінде санайды. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады.

Ер жігіттің сөзі: Жеті қазынаның бірі Сұлу әйел

Сұлу әйел: Қазақта «әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген сөз бар. Сол себепті, қыз бала анасына, ұл бала әкесіне жақын болып өседі дейді. Бірақ, қыз бала үшін әкенің орыны тым биік , әрі маңызды.  Әкеміз, үнемі қыз баласын  еркелетіп, алақанына салып өсіреді. Ешқашан зекіп сөйлемей, ақылмен немесе еркелете отырып барлығын түсіндіреді. Ешкімнің ала жібін аттамай, тек шыншыл болуға тәрбиелейді. Қыз баланы ержүректілікке, өжеттілік, сабырлылыққа үйретеді. Әкеміз, қыздарының ибалы, өнегелі, салмақты болып өскенін қалайды. Қыз баланың ибалылығы -әке тәрбиесінің айнасы.  Кез-келген отбасында ата-анасы қыздарына  » әрдайым, тәрбиелі, салмақты, ақылды бол» деп үнемі санасына сіңдіріп отырады. Ана мен әкенің сөзін тыңдай білген бала да, тәрбиелі болып өседі.

Жүргізуші сөзі:

Құрметті ата –аналар келесі тапсырма «Жігітке жеті өнерде аз»демекші  әр қатысушы қалаған қазынасын таңдап алып, алдарыңызда берілген әр түрлі заттардан жеті қазынаның белгілерін жасап шығарасыздар.Жасап болған соң осы қазынаның балаға қандай тәрбиелік мәні бар екенін айтып өтесіздер.

Көрермендерге сұрақ . Қазақ халқында  жеті саны киелі екенін білесіздер, енді жеті санына байланысты тағыда не білесіздер яғни нақыл сөздерді атап өтсеңіздер. Жеті ғашық, Жеті қазына , Жеті ғалам, Жеті күн , Жеті жұт, Жеті жок,

Жеті ғалам.

1. Шығыс. 2. Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік. 5.Аспан (жоғарғы ғалам).6. Жер (орта ғалам). 7.Жер асты (төменгі  ғалам).

Жеті күн. 1.Бүгін. 2.Ертең. 3.Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн.7. Азына.

1.Дүйсенбі. 2.Сейсенбі. 3.Сәрсенбі (сәтті күн). 4.Бейсенбі. 5.Жұма (қасиетті күн). 6.Сенбі.7.Жексенбі.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3.Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жок

1.Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ

Берен мылтық

Берен мылтық ­–жеті қазынаның бірі болып саналады. Сонымен қатар мылтық қай заманда болсын адамның қорғаны, ержігіттің сенімді серігі. Мылтықты қолдану арқылы батырлыққа, батылдыққа тәрбиеленеді. Әсіресе аңшылыққа да өте қажет. Көздеп ату арқылы мергендікке, шапшандыққа, шыдамдылыққа үйренеді. Мылтықты жеті қазынаның бірі ретінде қастерлеп, үнемі таза ұстауға үйреткен.

Жүйрік ат

Жүйрік ат- жігіттің қанаты, жеті қазынаның бірі. «Ат- ер қанаты» дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған. Қазақ халқы ұл баланың буыны қатып, есейген кезінен бастап атқа отырғызып үйреткен. Кішкентай кезінен атқа мініп үйренген бала, ер жеткенде аттың құлағында ойнайтындай жағдайға жетеді. Батылдыққа, өз- өзіне сенімді болуға, жауапкершілікке тәрбиеленеді. Астындағы атын өзінің досы, серігі ретінде санап,  қиындықта тастап кетпеген, баптап ұстаған.

Қыран бүркіт

Қыран бүркіт-жеті қазынаның бірі. Ер азамат аң аулауға шыққанда қыран бүркітін қолына отырғызып, томағасын кигізіп қансонарда аңға шыққан. Баласын қырандай қырағы, көкте еркін самғай алатын  батыл болып өсуіне тәрбиелеген. Қыран бүркіт құстың мықтысы, баптаған бүркіт отбасының асыраушы, киелі құсы.

Ақыл- білім

 Кітап – жеті қазынаның бірі. Адамзат баласы білімді кітаптан алады, үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балаға ата-анасы, ата- әжесі кітаптан ертегілер, әнгімелер оқып беріп отырған. Сол арқылы баланың қиялы, ақыл -ойы, сөздік қоры дамиды. Есейе келе өзінің кітап оқуға қызығушылығы артады, білімі кеңейіп, ойы ұшқыр болады деген оймен кітапты жеті қазынаға енгізген.

Жүйрік тазы

Жүйрік тазы-жеті қазынаның бірі. Ит – Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі болып саналады. Жүйрік тазы- ақылдылығымен, тазалығымен ерекшеленеді. Жүйрік тазы – иесіне адал. Қорадағы малдарын қорғайтын, қасқырдан қорықпай қарсы тұра алатын адал дос.

Жүргізуші сөзі:

Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.                                    

Құрметті әкелер , бүгінгі  форумға қатысып, пікір алмасып, көзқараспен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп атсалысқандарыңызға көп - көп рахмет. «Бала тәрбиесі баршамыздың борышымыз» екенін естен шығармайық.  

Ендеше сөз кезегін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Аубакирова Қатима Сапарбекқызына беріледі.

Қош сау болыңыздар!

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст