"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана- тәрбиенің қайнар көзі" аналар форумы. Әдіскер Оразбаева А.К

05.02.2020

Қазақстан Республикасы сенатының депутаты Айсина Майра Араппқызына сөз кезегі беріледі

  1. Пролог «Ана қадірі»

Музыка әдемі күй ойналу керек.

 Сахнада  киіз үйдің макеті  тұрады (шаңырақ, кереге,уық).

(Сахнаға  ұлттық киімде анасы , анасы свечиді жағады да,балаларына акылын айтып отырады)

  (Қыз бала анасын құшақтайды.)

Анасы-  Айнұр М: ..Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

              Ойланбай –ақ кел- дағы от ал менен

              Түтін түтет, өс, өрбі, көгере берсін,

              Балаларым аман болып, өсе берсін

             Үш бірдей бақытым бар  алақанда,

              Құлындарым, жандарым, бақытым!

  1. Бала- Нұрсауле Қ.: Ана! Бақыт деген не?
  2. Адамның үш бақыты бар.

2.Бала –Ханшайым Ж.:Апа сізде үш бақыт бар ма?

  • Иә, балам, ең бірінші бақытым,  халқым менің!
  •  

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

  •  

Бақытым бар үшінші - Отан деген

  •  

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады

  • Балаларым, мен кішкене жата тұрайын.Сендер ойнай тұрыңдар, мен тұрғасын шайларыңды берейін!Мен жата тұрайын!

(Балалар ойнап отырады, Мұңдыкүй ойналады)

Анасы: Балаларым , су ішкім келіп жатыр.

              Тамағым кеуіп қалды. Су әперіңдерші.

(Балалардың күлген дауыстары шығу керек)

Балалар : Сен баршы, жоқ сен әкеп берші.

  • (қиналған дауыспен ) Құлындарым суууу, әкеп беріңдерші...

Құстың дауысы ( Анасы құс болып ұшып кетеді)

  •  

 Ерліктен де, еркелігің басым–ау.
Ойынның қызығына баттың ау,

Анасының үніне құлақ салмай,

Жараспады, қылықтарың балалар ай.

  •  

 Туған жерін тұрып, сүймек емесғаламды

Өзге ананың қадіріне, мерейіне төр құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар!

 

  1. Анамның әдептілгі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегім.

Сенің ғана сөзіңнен,
Ет жүрегім езілген.
Бақыт табам өзіңнің
Жылуыңды сезуден.

Кімнен енді сезінем.

 

2.Бала Ханшайым Ж.: Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатқан, анашым.

Андамастан сөйлеп қалам дөрекі,
Шайтан түртіп арамызды бөледі.
Батыл бармай кешірімді сұрауға,
Кеш қалыппым кешірімді сұрауға.

3.Бала- Ақбота: Қарызым бар өтелмеген алдыңда,
              Күнәһардай сезінемін жаныңда.
             Анашым-ау не десем де баламын ғой,
              Кім анасын жек көреді коямын ғой.

            Анашым, енді не істейін?!!

Анашым, қош бол, құс болып кеттің – ау!

 

Музыканы қатты қоямыз да, балалар жылап шығып кетеді.

 

  1. «Мен қазақпын» қазақ әскерлерінің киімін киген балалардың әні «Айгөлек» ересек тобы

 

Фанфары басталуы

«Ана- тәрбиенің қайнар көзі» атты «Мұрагер» ата- аналар клубының отырысы.

Жүргізуші:  Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген ұғым бар. Ұлттың болашағы да қазақтың әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны.

Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүгінгі  болашақ ұрпақ жадында. Арыға бармай-ақ қазақ хандығы тұсынан бергі ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ханымдар,  Күнбике, Айбике, Зере аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек. Жоғарыдағы аналарымыз, сондай-ақ тарихымыздағы өзге де батыр аналарымыз ақыл-парасатымен, қайтпас қайсарлығымен  жұрт билеп көсемдік көрсетті, қол бастап жаугершілікті бастан кешті. Содан да болар тарихтағы ұлы аналарымыздың есімі бір рулы ел болып, ұранға айналды.

Музыка Ендеше бүгінгі отырысымыздың қатысушылары- ардақты аналарымызды, кішкене балапандарымен қарсы алайық.

Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.

  1. Ташенова Мархаба Ойратқызы, баласы Теміртас Дінислам (Балдырған)
  2. Темирбаева Қымбат Қайырқызы,  баласы Сүлеймен Дінмұхаммед (Жұлдыз)
  3. Мустафина  Динара Нұрланқызы  баласыТартыпов Батырхан (Жұлдыз) -   Бопай ханым
  4. Сәкенбаева Айгерім Асқарқызы, қызы Бейсенбаева Даяна (Айгөлек)
  5. Байгельдиева Эльмира Жолмырзақызы, қызы Абдуалиева Лунара(Айгөлек)
  6. Какишева Гүлзия Оразбайқызы, қызы Серік Інжу (Сұңқар)- Айша бибі
  7. Жылқайдарова ӘсемТулеутайқызы, қызы Жылқайдарова Нұрай(Жұлдыз)
  8. Джунуспекова Гүлсім Рамазанқызы, қызы Ахмет Фариза (Балдырған)
  9.  Каримжанова Жаннұр Ахметқызы, қызы Олжабаева Амина (Жұлдыз) – Домалақ ана

Бүгінігі «Мұрагер» ата- аналар клубының отырысында жаңа жоғарыда айтылғандай қазақ халқының ұлы аналары: Домалақ ана, Айша бибі, Бопай ханым ауылдарына саяхат жасап, сол аналарымыздан дәріс, тәлім- тәрбие алып келейік.

Бүгінгі саяхатымызды бастамас бұрын «Айналайын» екінші кіші тобының тәрбиеленушісі, «Шабыт» білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Республикалық  «Туған жерім менің- Қазақстаным»  атты мәнерлеп оқу сайына қатысып, 1 орын иегері Маратқызы Көркемді қарсы алайық. Көркем бізге бүгін ұлы ойшыл,0 атамыз Абайдың өлеңін оқып береді, кейіннен әні бар дайындаған.

Маратқызы Көркем «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі, «Сәлем, Қазақстан» әні

  1. Домалақ ана - халқының абыз аналарының бірі. 6-7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Шын аты - Нұрилә. Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті.
  1. Домалақ ана ауылында «Сырмақ сыру» өнері.

Домалақ ана- Гүлмира Халелқызы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Менің ауылыма қош келдіңіздер! Жоғары шығыңыздар. Бүгін мен сіздерге Сырмақ киізінің басылуы туралы айтып беремін. Әдетте сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегіс жиектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.Сырмақтың беті кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланып сырылады.

Көлем жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені — көш сырмақ. Екіншісі — төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3—3,5 метрдей. Үшіншісі — төр сырмақ, көлемі 2—5 метр. Төртіншісі — төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды.

 

  1. Айша бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, оның басына қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау сақтар заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі де сәулетті «Айша бибі кесенесі» атты архитектуралық әсем ескерткіш тұрғызылған. Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ.
  2. Айша бибі ауылында қырыққа байланысты қазақ халқының салт- дәстүрін көрсету. Баланы  қырқынан шығару.

 Айша бибі-Қалима Қайыргелдіқызы. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Менің ауылыма қош келдіңіздер! Жоғары шығыңыздар. Бүгін мен сіздерге  қазақтың киелі саны 40 санына байланысты баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы айтпақшымын.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Қырқынан шығару дәстүрі бойынша, баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдыска қырық қасық су құйып шомылдырады. Сәбиді қырқынан жасы үлкен, құрметті әрі сыйлы үш әйел адам шығарады. Кейбіреулер қырық күн сәби үшін де, анасы үшін қатерлі әрі қауіпті кезең екенін айтып жатады. Сол себепті қырық күнге дейін бала ана құрсағындағы шашымен, тырнағымен жүреді. Қырық күнге дейін сәбиді көпшілікке көрсетуге болмайды деп жатады. Бұл дәстүр арқылы халқымыз сәбиді адам қатарына қосылды деп санаған.  "Баланы қырқынан шығару - қазақ халқының бала тәрбиесіндегі әрі адамның өмір сүру, тіршілік циклындағы ең  маңызды дәстүрлердің бірі. Себебі сәбидің дүниеге келгенінен бастап қырық күнге дейінгі кезеңді баланы "ит жанды" ретінде көрсетіп, қалай болғанда да "өтпелі кезеңді" бастан өткерді деп түсініп, соның негізінде оны 40 күнде қырқынан шығарып отырған. Бұл кезеңде баланы "ит жанды" кезеңінен өтті, бауырын көтеріп, мойнын тіктеді деп қырқынан шығару рәсімін жасаған", - дейді.Қыз балаларды қырқынан 40 күннен асырып шығарса, ұл баланы 40 күнге жеткізбей де қырқынан шығара беретінін айтады. Айтуынша, әдетте қырқынан шығарарда қырық қасық су құйылған ыдысқа күмістей жарық болсын әрі таза, адал болсын деген ниетпен күміс сақина, жүзіктер салынатын болған. Күміс адалдықтың, тазалықтың символы саналған. "Кейде көптен күткен бала дүниеге келсе немесе баланың көзінен әрдайым жас ағып тұратын болса немесе әлдеқандай жара шыққан болса да, ол үшін ауылдың 40 үйінен қырық қасық су жинап, ырымдап, "көп тілеуі көл әрі тілеулес, ниеттес" деген ұғыммен 40 қасық жиналған суға баланы қырқынан шығаратын болған", - дейді  Ал кейбіреулер ыдысқа малдың құмалағын салған. Осылайша, олар бала малды, жанды болсын деп ырымдаған. Қырық түрлі тілек айтылған кейін баланың тырнағы мен қарын шашы алынады. Сәбидің тырнағын аяқ баспайтын жерге көміп тастайды да, ал қарын шашты шүберекке тұмарша етіп түйіп, баланың оң иығына қадайды екен. Және де дәстүр бойынша кіндік шешесі балаға алтын түйреуіш немесе оны тіл-көзден сақтайтын басқа сыйлық береді.
Айша бибі: Қырқынан шығару дәстүрін өткізу үшін не қажет?

1 Ана: Менің балам қырқынан шығаруға керек заттарды біледі,  оны атапта бере алады.

  • - Ас жаулық (дастарқан жаю үшін);

- Шыныдан немесе ағаштан жасалған тостаған мен ағаштан жасалған қасық (қырқынан шығаруға арналған арнайы ыдыс-аяқтар да сатылады);

  - 40 тиын (күмістен жасалған, 20, 50 немесе 100 теңге);

- Күміс әшекей бұйымдар;

- 40 үрмебұршақ ;

- Қайнатылған таза су;

- Маникюр қайшысы;

- Қонақтарға кішігірім сыйлықтар.
      Айша бибі: Қырық санына байланысты қандай ырым- тиымдар білесіздер?

«Болашақ» фольклорлық ансамбілінің орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

            2 Ана: Баланы қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болмайды. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей 37,39 күнде қырқынан шығарады, қыз баланы 40 күннен асыоып 42-44 күнде шығарған.  Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда ол қырық адамның жолын оңғарады.       

  1. БОПАЙ ХАНЫМ. Бопай ханшайым - Әбілқайыр ханның зайыбы. Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮІІІ ғасыр болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі Бопай (Бәтима) болған. Бопай - Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. «Бопай өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті.
  2. Бопай ханым ауылында- қамшы өру.

Бопай ана: Амансыздар ма? Қош келдіңіздер! Төрлетіңдер, құрметті қонақтар! Мен сіздерге бүгін қазақ халқының  мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде орны ерекше  қамшы туралы әңгімелесемеіз. Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы да болған. Үй төрінде ілулі тұратын осы бір бұйымның атауының нені білдіретінін ойлап көрдіңіз ба? Бір қызығы, дәл осы өрімге байланысты қамшының бірнеше түрі, яғни, бірнеше атауы бар. Мәселен, ат қамшы, дыр қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, сары ала қамшы, білеу қамшы, орама санды қамшы, мүйіз сапты қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы,  тобылғы санды қамшы, шашақты қамшы, бала қамшы, құрау қамшы, шыбыртқы қамшы. Шеберлер бұл бұйымның басына күміс, жез, тері секілді мойнақ салады. Осы қасиетіне орай, күміс мойнақ, жез мойнақ, сара ала мойнақ, ақ мойнақ қамшы деген түрлері бөлініп шығады. Білекке,  ер басына, керегеге іліп қою үшін саптың дүм жағынан бір тұтамдай қалдырып, тесіп, қайыстан бүлдірге өткізеді. Қазақ ауылдары осындай тамаша бұйымды жасап шығаратын өрімшілерді ерекше қадірлейтін болған екен. Қамшының түрі мен атауының сырын біліп алсақ, құрамын тарқатып көрейік. Қамшының бөліктері: өрім, сап, бас, дүм, алақан, бүлдірге, орам, кежеге, шежемей, айдар, мойнақ, бүркеншік, бунақ, бауыр, шашақ, өзек, түйін, шығыршық, топшы, түйнек. Осылардың ішінде қамшының сабына ерекше көңіл бөлінеді. Оны тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, киіктің сирағынан, мүйізінен,  таутекенің мүйізінен жасайды. Әсіресе, елік, керік сирағынан металлмен, терімен мойнақтап, орам салып, шашақталған қамшылар өте жоғары бағаланады, көптің қолы жете бермейді. Негізінде, сап үшін ең көп қолданылатын ағаш – тобылғы екен. Мұның бояуы да, беріктігі де, әдемілігі де бар. Қызыл түсті бояуынан жасалған қамшы көзді тартады. Көпті көрген қариялар: «Дыраумен бір тартқанда адамға шабатын бура да, көкжал қасқыр да орнынан тұра алмай қалған» - деп жатады Қазақтың салт-дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Мұны да білген жөн. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп танылған. Сондай-ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған. Қамшыны сыйға тартқан кезде кісінің қолына ұстатпайды, жерге тастаудың мәні береке-құт бірге  кетпесін, ұшығы  жерде қалсын, салмақты жер ғана  көтереді дегіндігі. Қазақта қамшы ұрлау үлкен қылмыстың бірі саналады. Білесіз бе, біздің халқымызда "Қамшы ойыны" деп аталатын күрделі спорттық ойын да болған. Қолынан қамшысы түспейтін қазақтың бұл тапқырлығы сізді таңдандыра қоймас. Ал қамшыгерлік өнері туралы білетініңізге сенімсізбіз. Яғни, адамдар қамшының көмегімен өнер көрсеткен. Төрт жақтан керілген өгіз терісін қамшымен бір тартқанда тіліп түсіру, жаугершілікте, ұрыс-жанжалда жауын қамшымен сатып алу, қасқыр соғу қамшыгер абыройын арттыра түседі.

Бопай ана: - Сіздер осы қамшыға байланысты қандайда бір дәстүр білесіздер ме?

1 ана: -әрине  құдалық жол-жоралғыда "қамшы қайтару" деген салт бар. Дәстүр бойынша, қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі, «жаушы» т.б) қамшысын қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе, көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып жіберген. Ал  ұл баланы "атқа мінгізу" ғұрпында  бәсіре атқа ашамай ерттеп мінгізіп,  аяғын тепкішекке сұғып,  қолтырмаш ағашпен екі  қолтығынан  сүйемелдеп танған соң ақсақалдар бата  беріп, баланың қолына аттың тізгіні мен қамшы  ұстатады. Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашатын кездер де болған. Дала қазағының өмірінде өшпес ізін қалдырған қамшының осындай ерекшеліктерін білу, өзгелерге насихаттау әрбір қазақ үшін маңызды міндет деп білеміз.

2 Ана: Қазақта қанша балаң бар деп сұрамаған. Керегеде ілулі тұрған қамшының санына, қалай жасалғанына қарап, сол үйдің қанша баласы бар, оның неше ұлы, неше қызы бар екені біліп отырған.

3 Ана: Мысалы, неке қамшысы. Үйленер алдында басына тас салғызған тобылғыдан жасаған жігіттің қамшысы қыздың көзіне бірден түсетін болған. Әрине, қыз таспен көмкерілген қамшыны таңдау арқылы келісімін берген.

        Жүргізуші:   Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ жаулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән». демекші Финал Аналар шырағынан жылу тарату, «Анашым» әнін орындау. Азербаева Шаһризат пен Кенжалина Жұлдыз

 

 

Просмотров: 1102


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст