"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сиқыршы қонақта» атты «Жұлдыз» тобының спорттық түрлі-түсті ойын-сауық кеші. Тәрбиешілер Бабатаева Ж.Ж., Сагынтаева Х.Ж.

24.04.2023

«Сиқыршы қонақта» атты «Жұлдыз» тобының спорттық түрлі-түсті ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!  Кешімізді бастамас бұрын, ең алдымен қатысушыларды ортаға шақырайық.

1-ші топ: «Қырандар» тобы

2-ші топ: «Сұңқарлар» тобы

3-ші топ: «Жұлдыздар» тобы

Қош келдіңіздер құрметті, ата-аналар, балалар! Бүгінгі спорттық түрлі-түсті ойын-сауық кешімізді бастамас бұрын, ең алдымен әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.

Әділқазылар:

«Болашақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі: Оразбаева А.Қ

Әдіскер: Тасимова Н.Қ

Дефектолог: Жапабаева Л.Қ

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ахметова Л.А

Міне, әділқазылармен, командаларымызбен  таныс болдыңыздар. Денемізді қыздырып, түрлі-түсті ойын-сауығымызды бастайық!

(Ата-аналармен, балалармен жаттығу)

Командалар өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

«Жұлдыз» тобы

Жұлдыз тобы алға

Биіктерге самға

Күштеріміз бар да

Боламыз біз алда!

 

 

 

«Қыран» тобы

Қыран көкке самғайды

Зеңгір көкті қорғайды

Әрқашанда қырандай

Біздің топта самғайды

«Сұңқар» тобы

Сұңқардай қалықтаймыз,

Ізденуден жалықпаймыз!

Жарайсыздар!

Ал, енді сіздер түстер бойынша үшке бөліне қалыңыздар.

1-тапсырма: «Сиқыршының бейнесі»

Шарты: Әр топқа бір тапсырма. Әр топтың ата-аналары  сіздер алдарыңызда мальберт, сол мальбертке Сиқыршының бейнесін салып бересіздер. Қай топ бірінші бітеді, сол топ жеңімпаз.

2-тапсырма:

«Биік қамал»

Шарты: Бұл ойынға балалар қатысады. Алдарында жатқан жұмсақ модульдардан биік қамал жасайды. Қай топ бірінші, сол топ жеңімпаз.

3-тапсырма:

«Қыран» тобы «Бөтелкеде үрленген  шар»

Шарты: Алдарыңызда екі баклажка, ас содасы, сірке суы, шар. Бөтелкеге 1-ші  ас содасын, сірке суын салып, содан соң шарды баклажканың қақпағының орнына шарды жабады.

«Жұлдыз» тобы  «Целлофандағы су»

Шарты: Целлофанға су құйады. Сол құйылған суға жан-жағынан қарындаш тығады.

«Сұңқар» тобы 

Шарты: Стақанды сумен толтырып, қағазбен жабасызда, тез төңкересіздер. Алдымен қағазды алақаныңызбен ұстауды жалғастырамыз, содан кейін қолыңызды алыңыз. Су төгілмейді.

4-тапсырма:

«Шеңбер»

Шарты: құрсауды (обручь) ата-ана беліне киіп, баланы келесі шеңберге апарады. Артқа жүгіріп келеді де, шеңберді келесі ата-анаға береді. Ол ата-ана да баланы шеңберге апарады. Ойын жалғаса береді. Қай топ бірінші сол топ жеңімпаз атанады.

Жарайсыздар, құрметті ата-аналар! Үш топта мықты, шапшаң екенсіздер. Әділқазылар алқасы ақылдасқанша біз сіздермен флеш моб билейік.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Бастаушы: Құрметті, ата-аналар, балалар, әріптестер. Бүгінгі түрлі-түсті ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге үлкен рақмет!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.04.2023 16:56
Құрылған күні: 24.04.2023 17:40

Текст