Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Марс ғаламшарына саяхат»
Мақсаты:
1.Қимыл үстінде ара қашықтық сақтауды, түрлі жаттығуларды одан әрі дамыту.
2.ЖДЖ орындауда балалардың біліктіліктерін бекіту.
3. Айналмалы жаттығу түрлерін орындау дағдыларын бекіту.
4. Эстафеталық ойын – жаттығуларды орындауда белсендліктерін арттыру.
5. Ептілік, шапшандық, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: гим. орындық, тунель, мат, баған, 2 себет, ракетаның модулі, үлкен доп, фитбол доптары.
Іс-әрекет кезендері |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардын іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар Марс ғаламшарына зымыранға мініп тап болады. Желіде дабыл соғылады: Біздің ғаламшарға бөтен ғаламшарлықтар аяқ басты. Бақылауды Марс ғаламшырының кезекші нұсқаушысы қабыл алыңыз. (Қабылдаңыз 3 рет)
Марс тұрғыны балалардың алдарынан шығады. Н: Сәлеметсіңдер ме, сіздер қай ғаламшардан келдіңдер?
Сендер Марс ғаламшарына тап болдыңдар. Әр бір адам біздің планетаға төзе алмайды. Ол үшін жаттыққан , шыныққан, кедергілерді жеңе білетін мықты балалар ғана ұша алады.
Менде сұрақ бар. Ең бірінші ғарышқа кімдер ұшты, білесіңдер ме? Дұрыс.
Ендеше дайын екендеріңді дәлелдеңдер! Сендер дайынсыңдар ма? |
Зымыраннан түсіп айналаны бағдарлайды.
Сәлеметсізбе! Біз жер ғаламшарынан келдік. Біз қайда тап болдық.
Ия, біз жыл бойы әр түрлі жаттығуларды орындап, шынықтық,себебі біз мектепке барамыз. Юрий Гагарин. Иттер. Белка және Стрелка.
Дайынбыз.
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Сап түзел, тік тұр. Оңға бұрыл. Орнында қадам бас. Алға қадам бас.
1-2 ге есептел. Екіншілер алға бір қадам бас. Екі шеңберге бөлін.
Негізгі жаттығу: Айналмалы жаттығуды орындау.
а)«Допты себетке көздеп түсір» б)«Алысқа секір» в)«Шаяндар жарысы» 6. Ойын: «Доптан қаш» 7. Релаксация. Стретчинг. |
Маршпен жүру, қол жоғары аяқ ұшымен, қолды екі жаққа созып өкшемен, қол белде айналып түсе жүру, марш, жүрелеп секіру, қол алда, марш, қол артта тізені жоғары көтеріп жүру, оң, сол қырыннан жүру, жүгіру, бастаушыны ауыстыра жүгіру, маршпен жүру.
|
Рефлексивтік-түзетушілік |
Марс тұрғыны: Балалар, жер ғаламшарына қайтатын уақыттарыңда келді. Сендер нағыз ғарышкер болуға лайықты екенсіңдер. Барлық жаттығулар орындалды. Мектепте жігерлі, өзат оқушы болатындарына сенімдімін. Балалар, көздеріңді жұмып ашыңдар. Не байқадыңдар? Ғажайып сәт «Марс ғалашарының сыйлықтары». |
Сапқа тұрып, емдік кілемшелермен өтеді.
Балалар Марс тастарын көреді. Ішінен тәттілер шағады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: түрлі жаттығуларды орындауды
Нені игереді: айналмалы жаттығу түрлерін
Нені менгереді: эстафета жаттығуларын, қимылды ойын түрлерін