"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру саласы:Таным Бөлімі: Математика негіздері Тақырыбы: «3 санымен танысу», тәрбиеші Хасенова Б.Ж., ерсек тобы

30.12.2021

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Математика негіздері

Тақырыбы: «3 санымен танысу»

Мақсаты: 3 санымен таныстыру, 3 саны көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын үйрету. Екі және үш ұғымдары туралы заттарды салыстыру арқылы ой- өрістерін, зейіндерін дамыту. Балаларды шапшандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,сұрақ-жауап,

Құрал-жабдықтар: Суреттер,үлестірмелі материалдар, шар.

Барысы: Ғажайып сәт. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар маған сиқыршы хабарласып есіктің қасына бір заттарды қойып кетіпті.Мен сол затты алып келейін.

Тәрбиеші. Топқа шармен кіреді. Мен сендерге мына сиқырлы  шарларды алып келдім.Ал ендеше балалар маған сұраққа жауап беріңдерші.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар ?

-Атап шығайықшы ?

Жарайсыңдар, балалар.

-Сары шар қаңдай жыл мезгілді білдіреді? (күз)

Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырпғы сарғайып жерге түседі.

-Балалар мынау шар қай жыл мезгілді білдіреді?

-Қыс. Қыста жер қаңдай болды? (ақ)

Жасыл шар.Қаңдай жыл мезгілді білдіреді? (көктем)

Бұл түс шөптердің түстері секілді табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл шөпке толады.

Қызыл шар. Бұл шар қаңдай жыл мезгілді білдіреді?

-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боянады? (жаз)

Балалар шарлардың түстеріне қарай жыл мезгілдеріне бөлдік.Енді балалар сиқыршының бізге берген тапсырмасын орындамас бұрын ең алдымен бүгінгі жаңа сабағымызбен танысып өтейік.

Балаларға слайд көрсету арқылы 3 санымен таныстыру.

-Қанекей, балалар енді жаңа сабағымызбен таныстық,олай болса сиқыршының бізге берген тапсырмаларына көшейік.

-Балалар, қазір бізде қаңдай мезгіл?

-Балалардың жауабы (күз)

Олай болса сары шарымызды бірінші жарып көрейік.

-Балалар ішінде тапсырма бар екен соны қанекей бірге орындайық.

1 . «Сиқырлы вагон»

Шарты: Карточкаларды таратып балалар пойыз вагогдары мен жолақтарын санап оның түсіне, пішініне қарай вагондардарды сандардың реттілігіне байланысты орналастырады.

2. «Сандардың көршісін тап»

Шарты: Балаларға карточкаларды таратып ондағы сандарға байланысты санның көршісін табу.

3.Сергіту сәті «Санамақ»

4 «Кім зейінді»

Шарты: Балаларды екі топқа бөлінеді. Балаларға сіріңке қорабынан құрастырады. Тәрбиеші тақтадан пішіндерді көрсетеді. Ал балалар сол пішіндерді тез арада топпен жасап шығу қажет.

Керемет балалар сендер сиқыршының тапсырмаларын дұрыс орындап шықтыңдар.

Рефлексивті-түзетушілік: Ал балалар бүгінгі сиқыршының сиқырлы шарлары сендерге ұнады ма? Шар ішінен шыққан тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Нешеге дейін санауды үйрендік? Қаңдай тапсырмаларды орындадық? Жарайсындар ! Оқу қызметіміз ұнаса онда алдарында тұрған жапырақтарды алындар.Сол жапырақтарды түсіне қарай ағашқа жапсырындар.

Сары жапырақ-жақсы деген көңіл күйді білдіреді

Жасыл жапырақ-қиындау болды десендер жасыл жапырақ таңдандар.

Қызғылт сары –көңілімнен шықпады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.12.2021 14:30
Құрылған күні: 30.12.2021 14:30

Текст