"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Қысқы орман табиғаты». «Зерде» зияткерлік сайысы. мектепалды даярлық тобы. Бакеева Ж.М.

04.02.2022

Білім беру саласы: Қатынас

 Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қысқы орман табиғаты». «Зерде» зияткерлік сайысы.

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы білімдерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруды жетілдіру. Сөздік қорларын молайту. Ойларын еркін жеткізуге, сөйлемді дұрыс құрауға дағдыландыру. Балалардың қызығушылығын арттыру, табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

 Көрнекі-құралдар: экран, ноутбук, суреттер, жаңғақтар

 Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау, көрнекілік, ойын, сайыс.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Адам меңгермейтін білім барма,

Жойқын күшті тыңдырар күшін барда.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер,

Алға қойған мақсатын, ісің барда!»- деп ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырамын.

Ортаға сайысқа қатысушы топтар шығады

«Қыран» және «Сұңқар» топтары      

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия:

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс неше айдан тұрады?

-Қысқы табиғат несімен ерекшеленді?

 

 

 

Таныстыру. Әр топ өзің таныстырады. (Топ атын, ұранын айтады)

 

Ойын: «Ойлан, тап».

Ойын шарты: Тәрбиеші жұмбақтар жасырады.

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде жұлып,

Ұйтқып боран соғады

Айтыңдаршы, бөбектерім

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

 

Тікен, тікен, тік біткен

Қысы жазы бір түсте (Шырша)

 

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ жетеді,

Аузы жоқ ұлиды (Боран)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады (Аю)

 

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай ақ (Қоян)

 

Тақылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап  (Тоқылдақ)

 

Бұтадан бұтаға секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң (Тиін)

«Әңгіме құрастыр» берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті «Аққала» 

 

 

ІV бөлім «Антоним сөздерді тап»  (берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді табу қыс, суық, ақ, ұзын, қорқақ, үлкен, жоғары, биік, қызықты, жақсы)

 

 

 

 

 

 

V бөлім «Жалғастыр»

Берілген өлең шумақтарын жалғастырып айту.

Ақ киімді, денелі ақ сақалды           

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл маңы қар аппақ...

 

 

 

 

 

Қалғиды қысқы орман...

 

 

 

 

Елемейді ешкімде...

 

 

 

Қыста қармен ойнаймыз...

 

 

 

 

 

 

Балалар бүгінгі сайысымыз сендерге қызықты болса, алдарыңызда берілген қағазға алақанның суретін саламыз.

Жасыл және қызыл түсті қарындаштар жатыр. Оқу қызметі ұнаса- жасыл түспен, тапсырмаларды орындау қиын болса- қызыл түспен алақанның суретін саламыз.

 

 

 

Қыс

Үш

Қар жауады, боран соғады, ағаштар  ақ мамыққа оранады, аяз болады.

Сайысқа топ балалары екіге бөлініп қатысады

Сайысқа ынтамен

қатысады.

Жұмбақты шешеді.

Балалар қол көтеріп жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс

 

Шырша

 

 

 

 

Боран

 

Аю

 

Қоян

 

 

Тоқылдақ

 

 

 

 

Тиін

 

Біздегі сурет «Қысқы орман құстары» .

Біз достарымызбен орманға саяхатқа шықтық.

Онда біз құстарды көрдік. Құстар талдың басында қонақтап отыр еді, біз оларға ұя жасаймыз деп шештік. Құстарға жем бердік. Құстар біздің досымыз!

Қимылмен іс- әрекетпен  сергіту сәтін жасайды

Қыс- жаз,

Суық- жылы,

Ақ -қара

Ұзын- қысқа,

Қорқақ- батыр,

Үлкен- кіші,

Жоғары- аласа,

Биік- төмен,

Қызықты- қызықсыз,

Жақсы- жаман

 

 

 

-Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

- Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

-Қалғиды қысқы орман,

Мүлгиді қысқы орман.

Айырылып қалғандай

Жаздағы құстардан.

-Елемейді ешкімде,

Суық пенен боранды.

Күні бойы тыңбайды,

Суығына тоңбайды.

-Қыста қармен ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймаймыз.

Таудан төмен сырғанап,

Шаңғы, шана тебеміз.

Балалар алақанның суретін салып, өз ойларын білдіреді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже: 

Біледі: әңгіме құрастыруды, жұмбақтар шешуді, ойларын еркін жеткізуді.

Меңгереді:Өлеңдерді жатқа айтуды.

Игереді: Антоним сөздерді табуды.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.02.2022 16:51
Құрылған күні: 04.02.2022 16:51

Текст