"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Біртұтас тәрбие” аясында «Болашақ» бөбекжайында «Балапан» мектепалды тобында «Мамандықтар әлемі» квест ойыны. Тәрбиеші Шокумова А.М.

18.02.2025

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» квест ойыны.

Мақсаты: Балаларға мамандықтар әлемі туралы мағлұмат беру. Балалардың ойлау қабілеттерін, саусақ моторикаларын, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, реттілікке, мамандық иелерінің жұмыстарын бағалауға тәрбиелеу.

Зал іші әсем безендірілген.

Барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін мен сендерді «Мамандықтар әлемі» еліне қызықты ойындар ойнауға шақырамын.

Балалар: Қызықты ойындар ойнаған бізге ұнайды.

Ғажайып сәт: (қонаққа тігінші келеді)

Тігінші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Маған сендердің көмектерің қажет.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, тігінші. Неге сіздің көңіл-күйіңіз жоқ?

Тігінші: Балалар маған кішкентай ханшайымның көйлегін тігу үшін ине керек. Ал, мен болсам, инемді жоғалтып алдым. Сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші: Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз, балалар инені міндетті түрде тауып береді. Тігіншінің инесін тауып беруге дайынсыңдар ма?

Балалар: Тігіншінің инесін тауып беруге дайынбыз!

Тігінші: Балалар мен сендерге сенемін. Мен ханшайымның көйлегінің үлгісін әзірлей берейін, ине табылған кезде мен сендерге қайта келемін.

(тігінші шығып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, жерде жатқан не болды екен?

Балалар: Картаға ұқсайтын сияқты.

Тәрбиеші: Картада не бар екенін ашып көрейік. Балалар, картадағы бірінші суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Аспазшының құралдарын көріп тұрмыз.

Тәрбиеші:Белгі бойынша аспазшының құралдарын тауып алайық. Мүмкін тігіншінің инесін сол жерден тауып алармыз.

(балалар инені іздейді,бірақ таба алмайды)

Балалар: Біз хат тауып алдық.

Тәрбиеші: Хатты ашып көрейін. Балалар, сендердің назарларыңды экранға аударғым келіп тұр, мұқият видео жолдаманы тамашалап алайық.

1.«Асхана» (видео жолдама)

Аспазшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін 6-жасар Назым деген қыздың туған күні екен. Өз достарын туған күнге шақырыпты. Назым достарына пиццаға тапсырыс беріпті, мен үлгере алмай жатырмын. Сендер маған пиццаны қалай пісіру керек және пиццаға қандай қоспалар қосады, маған көмектесіп жіберіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, аспазшыға пиццаға қандай қоспалар қосады екен, көмектесіп жіберейік!

«Пицца» үстел-үсті ойыны.

Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, тазалыққа, ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Карта бойынша келесі аялдамамызда ненің суреті бейнеленген?

Балалар: Картада киімдер дүкені бейнеленген.

Тәрбиеші: Картадағы белгі іздер бойынша киім дүкеніне барайық.

2.«Дүкенші»

Тәрбиеші: Балалар, киім дүкенінен біз не сатып аламыз?

Балалар: Дүкеннен әр мамандықтардың киімдерін, ұлттық киімдерді сатып аламыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Киім дүкенінен тігіншінің инесін іздеп көрейік.

(инені таба алмайды, хат тауып алады)

Тәрбиеші: Хатта, киім дүкенінде қандай киімдер бар екенін атап беріңдер делінген.

«Мамандықтар киімі» ойыны.

Мақсаты: Әр мамандықтардың және ұлттық киімдерді атау арқылы, балаларды мамандық иелерін құрметтеуге, киімдерді дұрыс атап беруге, ұлттық киімдерді бағалауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Бұл тапсырманы дұрыс орындадыңдар, киім дүкенінде ине табылды ма?

Балалар: Киім дүкенінде  тігіншінің инесі  табылмады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына жерде бірнеше текшелер шашылып жатыр екен. Картамызға қарасақ, бұл «Құрылысшы» аялдамасы екен. Тігіншінің инесін осы текшелердің арасынан іздеп көрейік.

(инені таба алмайды, хат тауып алады)

3. «Құрылысшы»

Тәрбиеші: Хатта берілген тапсырма бойынша текшелерден әдемі үй құрастырайық.

Балалар: Біз үй құрастырғанды ұнатамыз.

«Біздің үй» текшелерден үй құрастыру.

Мақсаты: Ойын шартын бұзбай, бірігіп үй құрастыруға, ұйымшылдыққа, реттілікке баулу.

Тәрбиеші: Карта бойынша саяхатымызды жалғастырайық. Ол үшін бізге алға қарай бірнеше қадамдар жасап, көңілді іздер арқылы спорт әлеміне баруымыз қажет!

4. «Спорт әлемі»

Денешынықтыру нұсқаушысы: Спорт әлеміне қош келдіңдер! Сендерге денешынықтыру іс-әрекеті ұнай ма? Таңғы жаттығу жасаған пайдалы ма?

Балалар: Бізге денешынықтыру іс-әрекеті ұнайды, таңғы жаттығуды күнде жасаймыз!

Денешынықтыру нұсқаушысы: Сендер мамандық түрлерін білесіңдер.  Ұшқыш қандай көлікті жүргізеді, және ол қайда ұшады?

Балалар: Ұшқыш ұшақты жүргізеді, ұшақ әуе көлігіне жатады.

Денешынықтыру нұсқаушысы: Дұрыс таптыңдар, мен сендермен «Ұшақтар» қимылды ойынын ойнаймын.

«Ұшақтар» қимылды ойыны.

Мақсаты: шапшаңдыққа, ойын шартын бұзбауға тәрбиелеу.

Денешынықтыру нұсқаушысы: Ойынға жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар! Сау болыңдар.

Балалар: Бізге ойын ұнады, сау болыңыз.

Тәрбиеші: «Спорт әлемінде»  инені іздеп көріңдер.

Балалар: Мына жерде жіп табылды, мүмкін жіптің жанында ине де табылатын шығар.

Тәрбиеші: Жіпті тартып көріңдер.

(балалар жіпті тартқанда ине де табылады)

Тәрбиеші: Қазір мен тігіншіге хабарласайын!

(тігіншіге видео қоңырау шалынады)

Тігінші: Жақсы жаңалықты естіп, сендерге келдім. Балалар, сендерге көп рақмет! Ханшайымның көйлегін осы сиқырлы инемен тігіп берейін, қуанып қалсын. Мына сиқырлы суреттерды сендерге табыстағып келіп тұр. Өскенде сендер де үлкен мамандық иесі болып, ата-аналарыңды қуантыңдар. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Бүгін барлық тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар! Жарайсыңдар балалар!

Рефлексия:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендер қандай мамандық иесіне көмектестіңдер?

Балалар: Бүгін біз тігіншіге көмектестік.

Тәрбиеші: Қандай тапсырмалар қызықты болды?

Балалар: Пицца әзірлеген, үй құрастырған ұнады.

Тәрбиеші: Қандай мамандықтарды білесіңдер?

Балалар: Дәрігер, аспазшы, сылақшы, құрылысшы тб.

Тәрбиеші: Саяхатымыз аяқталды, жарайсыңдар!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст