Тақырыбы: «Денсаулық құпиясы».
Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын нығайтуға жағдай жасау, дене тәрбиесіне ынталарын арттыру.
Міндеттері:
Құралдар: 2 гим. орындық, 2 құрсау, үлкен, кіші доптар, 2 себет, үнтаспа.
Іс-әрекет барысы: Балалар музыка әуенімен спорт залға кіреді, сап түзейді.
Нұсқаушы: Спорт денсаулық!
Спорт өмір!
Спорт ойын таза ауа,
Физкульт- Ура!
Нұсқаушы: Бүгінгі іс әрекетіміз ерекше болмақ, сендермен денсаулық құпиясын ашуға тырысамыз. «Дені саудың, жаны сау»- деген мақалды қалай түсінесіндер? Балалардың жауабы: күшті, төзімді, епті; Күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, демалысты ұйымдастыру, ағзаны шынықтыру және көтерінкі көңіл күйде жүру.
Нұсқаушы: Дұрыс айтасындар, мен сендермен келісемін.Жаттығуларды орындау арқылы, күштілігімізді, ептілігімізді, төзімділігімізді көрсетеміз. Ал біздің қонақтарды «Денсаулық құпиясын ашуға шақырамыз». Алдымызда көптеген сынақтар күтіп тұр.
Нұсқаушы: Оңға бұрыл, залды айнала бастаушының артынан алға қадам бас. Сап тізбекте жүргенде арақашықтық сақтаймыз.
Кіріспе бөлім:
Қолды жоғары көтереміз аяқ ұшымен жүреміз.
Жолдан адаспау үшін, бөренетін аттаймыз.
Жолда бұталар кездесті жүрелеп өтіп кетейік.
Қолымызды сермейік, ұлпа қарды қағайық.
Қалың қардан өтейік, төрт тағандап жүрейік.
Жүгіру бізге пайдалы, жылдам баяу қарқынмен.
Алдымыздағы кедергілерден өтейік (құрсау ішінен өту).
Нұсқаушы: (ептілікке тапсырма).Бағытты өзгерте жүгіру, сап тізбектен өз орынын таба білу.
«Өрт»- Жұбын тауып кезектесе отырып тұру.
«Жер сілкінісі» - Қолды желкеде ұстап, топтасып тізені бүге жатып, басты жерден көтеру.
«Су тасқыны» - Биікке көтерілу ( орындыққа).
Жеңіл жүру, тыныс алу жаттығуларын орындау.
Зал ортасынан екі сапқа бөлініп тұру (гим. орындық жанына).
ЖДЖ- Гим. орындық үстінде.
«Машина» Б.қ. орындық үстінде отырып қолды алға созып, алға қарай жылжу. Команда орындыққа отырады.
«Ұшақтар» Б.қ. қолды екі жаққа созу, 1-2-иыққа қою, 3-4- бастан асыра шапалақ ұру, 5-6- иыққа қою, 7-8- екі жаққа қолды созу.
«Зырылдауық» Б.қ- қол желгеде, 1-2-3- оңға бұрылу, 4-б.қ, 5-6-7-солға бұрылу, 8-б.қ.
«Иілеміз денемізді нығайтамыз» Б.қ. қолды екі жаққа созу, 1-2-3-оңға иілу, 4-б.қ; 5-6-7- солға, 8-б.қ.
«Үкі» Б.қ. орындық жанында қырыннан тұрып, 1-орындыққа оң аяқпен шығу,2- сол аяқпен шығу,түсу. (7 рет)
«Шегіртке» Б.қ. аяқпен итеріле қырындап алға жылжып, орындықтан секіру.
«Аяқты көрету» Б.қ. орындық үстінде отырып, аяқты еденнен көтеру.
Орындықты айнала тыныс алып жүру.
Нұсқаушы: Жұмбақ. Секіреді домалайды, бірақ маған ұстатпайды ол не?(доп)
Негізгі жаттығу:
1. Допты бір-біріне лақтырып қағып алу (волейбол элементімен),(10-12рет).
2. Допты еденге соғу, жүргізу (баскетбол элементі).
3. Доппен пас беру (футбол элементімен).
Ойын: Тимбилдинг
Сатылар арасына кіріп, бірге жүгіріп, артқа қайту. Ойынды келесі балалар жалғастырады.
Баяу ойын: «Кім епті»
Балалар екі тізбекке жұптасып тұрады, ортасында доптар жатады. Нұсқаушы дене мүшелерін атайды, балалар өз денелерінде көрсетеді, «Доп» - деп айтылғанда кім бірінші допты көтерсе сол епті болады.
«Саңырауқұлақ» тыныс алуды реттеу жаттығуы.
Б.қ- аяқты айқастыра отыру басты төмен түсіру,қолымен басты құшақтау (кішкентай саңырауқұлақ). Баяу денені тік ұстау қолды екі жаққа созып, басқы артқа шалқайту, дем алу б.қ. дем шығару.
Нұсқаушы: Бүгін денсаулық құпиясын аштық, барлық сынақтан өтуге не көмектесті?
Балалар: біздің достығымыз!
Нұсқаушы: Алақандарынды уқалап, жылулықты сезініңдер! Бір-біріне таратындар. «Достық тізбегі» шықты.Денсаулық құпиясын ашалдық па?
Балалар: Иә! Спортпен шұғылдансақ денсаулығымыз мықты болады.
Жарайсыңдар!