Денсаулық күні
Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық»
8.25.- 8.30. Ритмикалық гимнастика(балалар)
8.35-8.45 Ритмикалық гимнастика(ұжым)
8.40.- 9.00. Таңғы ас «Ғажайып ас мәзірі»
9.00.- 9.30. «Денсаулық еліне саяхат»
(ортаңғы топтар)
9.30-10.00 «Денсаулық бекеті» ойын- сауық
(ересек топтар)
10.00-10.30 «Көңілді жарыстар» мектепке
даярлық тобы
15.00. -15.30. Сауықтыру шаралары
15.00-15.30 «Мықты буын» (ұжым)
15.30-16.00 «Салауатты өмір салтын ұстанамыз»
(сауықтыру жаттығуларын орындау )
16.00-17.00 Спорттық ойындар
Денсаулық күні
Тақырыбы: Денсаулық- зор байлық.
Мақсаты: Мәдени гигиеналық дағдылар жайында білімдерін бекіту. Қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту. Ойындар және эстафеталық жарыстарда төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға жағдай жасау. Салауатты өмір салтына және спортты сүюге тәрбиелеу.
Құралдар: ритм. жаттығуға музыка, үлкен кіші доптар, кегли, құрсаулар, секіртпелер, көкөністер мен жемістер муляждары.
Ойын сауық барысы:
Жүргізуші:
Сәлеметсіндер ме, балалар! Бүгн біз «Денсаулық күнін» атап өтеміз. Деніміз сау болу үшін ешқашан ауырмауымыз керек. Денсаулығымызды шынықтыру керек. Адам 100 жасауға болады егер күнде жаттығу жасап, дұрыс тамақтанып , шынығып жүрсек бойымыз сергек болады.
Денені қалай шынықтыруға болады?
Балалар: Күн, ауа, су- денсаулықтын кепілі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.
Ұйқымыздан оянып,
Жалқаулықты тастаймыз,
Ақылдымыз, батылмыз,
Күні бойы көңілді,
сергек болып жүреміз.
Кәне сапқа тұрайық,
Жаттығуды бастайық!