«Джинның сиқырлары» жаңа жыл мерекесі. Ересек тобы, Идрисова К.Г., Хасенова Б.Ж.
Балалар музыка залында ақ матаның астында тығылып жатады.
Музыка залынның шамы сөніп тұрады. Аққала шанасымен көңілсіз кіріп келеді.
Аққала: Шыршаның шамдары сөніп тұрады.
Аққала: Мында менің достарым келем деп еді. Қайда кеткен бәрі?
(шыршаны айналады іздейді достарын).
Айналып жүргенде аяғы тайып құлап қалады. Алдынан құмыраны тауып алады. Оны сүртіп қалса, шыршаның артынан Джин шығады.
(осы кезде әуен ойналады)
Джин: Әмірінізге құлдық,тақсыр. Сен неге қобалжып, мазаланып тұрсың
Аққала: Сен кімсің?
Джин: Мен құмыраның иесімін.Сенің үш тілегіңді орындаймын.
Аққала: Менің достарымды тауып берші.
Джин: Әмірінізге құлдық. Абра-кадабра (осы кезде әуен ойналады)
Матаның астынан аққалалар шығады. Джин ақ матаның астынан аққалаларды шығарады.
Би: «Аққала»
Аққала: Алақай, менің достарым табылды!
Менің шығыс елінен келетін достарым келмей жатыр.
Джин: Әмірінізге құлдық. Екіші тілегіңді орындайын. Абра-кадабра
(мұртын жұлады, музыка ойнайды)
Осы кезде шығыс қыздары кіріп келеді. (шығыс әнімен билеп қыздар ортаға шығады.)
Аққала: Бүгін келді шыршаға
Ересек тобы тағы да
Би билейді ән салып,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға!
Келесі кезекті жыр шумақтарға береміз.
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан. Жанбота
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап. Жансая
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді. Амир
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды. Райымбек
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды. Аяулым
Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!
Ал олай болса менің достарым қанекей барлығымыз шыршаны біз айналып ән салайық жар салып.
Ән: «Жана жыл»
Аққала: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл.
Джин (отырған жерінен джин тұрып )
Балалар мен бағанадан бері бері сендердің билерінді, әндерінді, тамашаладым.Бірақ та ішім
пысып кетті, мен сендердің екі тілектерінді орындадым ғой, олай болса сендер сендер де менің бір тілегімді орындандаршы. Мен де қызықты ойын ойнағым келеді..
Ойын: «Мандаринді тасы»
Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді тарелкада салынып тұрған мандаринді қасықпен алып құлатпай өзінің тобына әкеліп келесі балаға тапсырады. ол бала сол мандаринді қайтадан құлатпай тарелкаға
жеткізу қажет.
(Алихан, Жанару, Томирис, Ислам, Бахтияр, Ернияз, Альтаир, Жаннұр)
Аққала: Керемет ойын болды балалар жарайсындар, джин сенің ойының өте керемет екен.Балалар
сендерге ұнады ма?
Балалар: Иа
Олай болса балалар жаңа жылдық мерекемізді ары қарай жалғастырайық.
Тақпақ
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Олда көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды. Медина
9 Жасыл желек жамылған,
Жасыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер Айша
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл Мухамедияр
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық аяз атаны Инжу
Ән саламыз, билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді Адия
Аққала: Ендеше ортаға менің достарым келсің шығыс елінен
Би: «Шығыс биі»
Аққала: Джин менін есіме де бір ойын тарс етті мен де балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
Балалар ойын ойнаймыз ба?
Балалар: Иа
Ойын: «Қауырсынды үрлеу»
(Батырхан, Фараби, Әдемі, Амина, Айару, Мади, Наргиз, Санжар)
Аққала: Ал енді джин менің үшінші тілегімді орындайтын да уақыт келді.
Үшінші тілегім мынадай.Жана жыл мерекесі аяз аиасыз қалай өтпек сол спһебепті
достарыммен бірге аяз атаны шақырып жана жыл мерексін қарсы алайық.
Джин:Жақсы үшінші де тілегінді орындаймын Абра-кадабра (музыка ойнайды)
(Тарс еткен дыбыс шығады ол аяз атаның жүрісінің дауысы)
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
С: Қош келдіңіз АЯЗ АТА. Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз ата:Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!
Аққала:Балалар олай болса аяз атамен әнімізді айтайық.
Ән: «Шыршаға бардық»
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық!